281
Тыныштық күйде сыртқы температураның қолайлы темпера-
турадан жоғарылауы (18°С жуық) кезінде жылу өткізу конвекция
арқылы күшейеді. Тек ауа температурасы 30°С-тан асқанда, яғни
тері температурасына жуықтағанда жылу шығару жылудың булану
жолы арқылы күшейе бастайды. Ыстық күндері қоршаған ауа мен
тері арасында температура айырмасы аз болғандықтан жылудың
конвекциямен жоғалуы минимальді болады. Сыртқы температу-
ра дене температурасынан асқанда (33°С жуық) жылу алмасудың
бағытталуы қарама-қарсы жағдайға ауысады жəне дененің беткей
орналасқан ұлпалары жылуды қоршаған ортадан алады. Күн радиа-
циясы организмге қосымша термиялық күш түсіреді.
Жұмыс күйінде жылу шығарудың негізгі жолы тері беткейінен
тердің булануы болып табылады. Сыртқы температураның
жоғарылау мөлшері бойынша бұл механизмдердің рөлі арта түседі.
Тердің булану жылдамдығы тер түзілу жылдамдығымен жəне
қоршаған орта факторларының арасында ауаның салыстырмалы
ылғалдылығы ең маңызды болатын кейбір физикалық сипаттамалар-
мен анықталады. Тердің булану жылдамдығы тері ылғалдылығы (Рт)
мен атмосфералық ауа ылғалдылығы (Ра) арасындағы айырмасына
байланысты. Тер түзілу жылдамдығының артуы Рт жоғарылауын ту-
дырады жəне осылайша аталмыш сыртқы жағдай кезінде тердің бу-
лануын жылдамдатады. Жоғары ауа ылғалдылығы кезінде тері мен
ауа арасындағы ылғалдылық градиенті (Рт-Ра) азаяды жəне тердің
булануы баяулайды. Қоршаған ауадағы су буының қысымы 40 мм
сынап бағанасына жоғарылағанда тері беткейінен тердің булануы
нөлге тең. Сондықтан тіпті, ауаның жоғары температурасы, бірақ
оның оның салыстырмалы ылғалдылығы аз кезде спортшы ауаның
төмен температурасы мен жоғары ылғалдылығы кезіндегідей
қиындықты сезінбейді. Субмаксималды аэробтық жүктеме кезінде
жылу шығарудың 5%-ға жуығы ауа тасымалдау жолдарында судың
булануы есебінен жүреді. Қоршаған ортаның ылғалдылығының
жоғарылауы кезінде жылу шығарудың бұл механизмі де əлсірейді.
Сайып келгенде, қоршаған ортаның жоғары температура-
сы ауа мен тері арасындағы, сонымен бірге тері мен дене ядрола-
ры арасындағы температуралық градиентті азайтады. Бұл жылу
шығарудың қиындауына əкеледі. Аталмыш қиындықтарнеғұрлым
сыртқы температура тері температурасына жуық болған сайын
соғұрлым көп болады. Қоршаған ауаның жоғары ылғалдылығы бу-
282
лану жолымен жылудың жоғалуына кедергі келтіреді. Ұзақ уақыт
жəне күш сала орындалатын спорттық əрекеттер кезінде ауа тем-
пературасы мен ылғалдылығының бір мезгілде жоғарылауы дене
температурасының шектен тыс жоғарылауына əкеледі.
Жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында
жылу шығару күшеюінің физиологиялық механизмдері
Жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында жылу
шығарудың күшеюі екі негізгі физиологиялық механизмдермен: тер
бездерін сумен қамтылуын қамтамасыз ететін дене беткейіне ішкі
жылудың көшірілуін арттыратын тері қан айналымының күшеюімен
жəне тер түзілудің күшеюімен жүзеге асырылады.
Тері қан айналымы жəне тері температурасы. Сыртқы
ортаның қолайлы жағдайлары кезінде ересек адамның тері қан ай-
налымы тыныштық күйде 0,16 л/м²/ мин-қа жуық, жұмыс кезінде
1 л/м²/мин-қа дейін, ал өте жоғары сыртқы температура кезінде
2,6 л/м²/мин-қа жетуі мүмкін. Бұл өте ыстық жағдайларда дененің
қызып кетуінің алдын алу үшін жүректің минуттық қан көлемінің
20%-ға дейін тері тамырлары торларына бағытталатындығын
көрсетеді. Қолайлы жағдайда осындай жұмыс кезінде жүректің
минуттық қан көлемінің осы үлесі тек 5%-ға жетеді. Жүктеме
қуаттылығы тері температурасына ықпал ете қоймайды. Тұрғын
жайда велоэргометрде жұмыс кезіндегі терінің орташа температу-
расы сыртқы температураның сызықтық қызметі (5°С-тан 35°С-қа
дейін шамада).
Дене жүктемесі ықпалынан ішкі температура жоғарылайды, ал
орташа тері температурасы жұмыстың əсерінен тердің бөлінуі
мен булануы салдарынан төмендейді (57-сурет). Субмаксимал-
ды жұмыс кезінде ішкі температураның жоғарылау дəрежесі тер
бөліну жүрмейінше кең диапазон (15-35°С) шегіндегі қоршаған
температураға тəуелді болмайды (M.Scurpiri et al, 1972). Сусызда-
ну (кеберсіну) ішкі температураның көтерілуіне əкеліп, осылайша
жұмысқа қабілеттілікті лимиттейді. Марафоншыда жүгіру кезінде
ректалды температура 39-40°С, ал кейбір жағдайларда 41°С-қа да
жетуі мүмкін (M. B. Maron et al., 1977).
Тері температурасы тері қан айналымы көлемімен сызықтық
283
байланысты. Тері қан айналымының күшеюі оның температурасын
арттырады жəне егер қоршаған орта температурасы тері температу-
расына қарағанда төмен болса, онда конвекция мен радиация жол-
дарымен жылудың жоғалуы жоғарылайды. Тері температурасының
жоғарылауы, сонымен бірге сыртқы радиацияның денеге ықпал
етуін азайтады.
57-сурет. Тыныштық күйде жəне дене жүктемесі кезінде дене
температурасы, жылу өндіру (қоршаушы сызықпен көрсетілген) мен жылу
шығару (бағаналар арқылы көрсетілген) (E. F. Dubois бойынша):
– бағаналардың төменгі бөлімі – сəуле шығару арқылы жылу
шығаруды;
– бағаналардың ортаңғы бөлімі – конвекция арқылы жылу шығаруды;
– бағаналардың төменгі бөлімі – булану жолымен жылу шығаруды
көрсетеді
Ауа қозғалысы конвекция жəне булану арқылы жылудың
шығаруын күшейтеді. Нəтижесінде орташа тері температура-
сы төмендейді жəне осылайша конвекция жəне радиация арқылы