Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет87/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   168

271

организмінің  қызметтік  мүмкіндіктеріне  барабар  (адекватты) 

жаттығу мен тынығу режимдерін сақтау болып табылады.   

Шамадан  тыс  шыныққандық  күйінің  ауырлығына  байланыс-

ты  бұзылған  жұмысқа  қабілеттіліктің  қалпына  келуі  не  дене 

жүктемелерін төмендетуді, не оларды мүлдем тоқтатуды қажет етеді.  

Спортшыға 1-2 апта  немесе 1 ай  бойына  белсенді  тынығу  немесе 

толық демалыс керек. Түрлі реабилитациялық заттар – дəрумендер, 

биологиялық  белсенді  заттар,  массаж,  физиотерапия  жəне  т.б. 

қолдану ұсынылады. 

Кейбір  авторлар  шамадан  тыс  шыныққандықты  екі  типке 

жіктейді, оның 2-типі бойынша жалғыз коррекция əдісі ұзақ уақыт 

бойына (6-8 айға  дейін)  жүктеме  сипаты  бойынша  қарама-қарсы 

басқа бұлшық ет қызметі түріне ауыстыру болып табылады.    



Шамадан  тыс  зорығу – түрлі  функцияларды  жүйкелік  жəне 

гуморалдық  реттеу  үдерістерінің,  зат  алмасу  мен  гомеостаздың 

бұзылуынан  туындайтын  организмнің  функциялық  күйінің  дереу 

төмендеуі.  Ол  организмнің  дене  жүктемесі  кезінде  энергия  ресур-

старына деген сұраныстары мен оларды қамтамасыз ету арасындағы 

сəйкессіздіктен  туындайды.  Бұл  күйдің  дамуында  гормондық 

тапшылықтың,  əсіресе,  жұмыс  кезінде  гипофиздің  адренокортико-

тропты гормон резервтерінің түгесілуінің рөлі аса зор. 

Шамадан  тыс  зорығудың  дамуы  кезінде  натрий  мен  калий 

иондарының  балансы  бұзылады,  ал  бұл  жүйке  мен  бұлшық  ет 

жүйелерінде  қозу  үдерістерінің  қалыпты  өтуінің  ауытқуын  туды-

рады. Бұл өзгерістер, атап айтқанда, жүрек бұлшық етінің ошақтық 

жəне диффузиялық зақымдалуына əкеледі. Оның күйінің өзгерістері 

кезінде тіпті, спортшы дистанциялардан өту үдерісінде тікелей мио-

кард бұлшық ет талшықтарының жарылуына  да əкелуі ықтимал.  

А. С. Солодков бойынша шамадан тыс зорығудың басты себебі 

шектен тыс жəне жылдамдатылған дене жүктемелері болып табыла-

ды. Оның: 

1) Жедел;

2) Созылмалы деген екі түрі бар.

Жедел  (жіті)  шамадан  тыс  зорығу  қатты  əлсіздік,  бас  айналу, 

жүрек айну, ентігу, жүрек қағу, артериялық қан қысымының түсуімен 

қатар жүреді. Ол ең ауыр жағдайларда оң жақ қабырға асты бауыр 

ауырсынуына, жедел жүрек жеткіліксіздігіне, талып қалуға əкеліп, 

тіпті өлімен де аяқталуы мүмкін.  



272

Созылмалы  шамадан  тыс  зорығу  спортшы  организмінің 

қызметтік мүмкіндіктеріне сəйкес келмейтін жаттығу жүктемелерін 

көп рет қолданған кезде байқалады. Олар қатты шаршаумен, ұйқы 

мен  тəбеттің  бұзылуымен,  жүрек  тұсында  шаншып  ауырсынумен, 

артериялық қан қысымының аса жоғарылауы немесе төмендеуімен 

көрінеді. Спортшының жұмысқа қабілеттілігі  дереу төмендейді. 

Дене  жүктемелерін  азайту  немесе  толық  тоқтату  организмнің 

қалпына  келуіне  əкеледі.  Сонымен  қатар  жүрек-тамыр  жүйесінің 

өзгерістеріне  емдік  дəрілік  заттар  қолданылады.  Жəне  де  дұрыс 

теңдестірілген  тамақтану  мен  дəрумендерді  қосымша  қабылдауға 

аса  көңіл  бөлу  қажет.  Жұмысқа  қабілеттілікті  қалпына  келтірудің 

биологиялық факторлары туралы 5-тарауда толығымен баяндалған. 



273

ІХ  ТАРАУ

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЕРЕКШЕ 

ЖАҒДАЙЛАРЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ ЖҰМЫСҚА 

ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Жылу реттелуі. Жылу балансы

«Микроклимат жəне спортшылар денсаулығы» қазіргі спорттық 

медицинаның  маңызды  мəселелерінің  бірі.  Жоғары  білікті  спорт-

шыларды  даярлауда  сыртқы  қоршаған  орта  факторларының  адам 

организмінің  жұмыс  қабілеттілігіне  əсері  мен  биоырғақты  ескеру 

қажет.  Мəселен,  американдық  ғалымдар  Чикаго  марафоншылары 

нəтижелеріне талдау жүргізу барысында оның қоршаған орта темпе-

ратурасымен жəне уақытпен тікелей байланысты екендігі көрінген 



(55-сурет).  Бұл  спорт  түрінде  сыртқы  орта  температурасының 

өнімділік 

пен 

зат 


алмасуға 

ықпалы 


термодинамикалық 

құбылыстармен айтарлықтай тəуелділікте болады.



55-суретЧикаго марафоншылары нəтижелеріне (2001 жəне 2008 жылдар) 

қоршаған орта мен уақыт көрсеткіштерінің ықпалы (Geoffroy Berthelot, 

Adrien Sedeaud, Marion Gluillame, Jean-FrancoisToussaint. Scientifi c 

American, 2013)




274

Адам мен жануарлар денесінің тұрақты температурасы (изотер-

мия) ішкі орта тұрақтылығы (гомеостазистің) негізгі көрсеткіштері-

нің бірі. Тіршілік бабында адам ауа райы қанша құбылмалы болса 

да төтеп береді. Қоршаған орта температурасына тəуелсіз адамның 

дене температурасы тұрақты болады. Қалыпты дене температурасы 

36,6°-37,0ºС,  ол  көптеген  ферментативтік  реакциялар,  ұлпалардың 

физика-химиялық қасиеттері (тұтқырлығы, беттік керілу, коллоидтар 

ісінуі),  өткізгіштік,  қозу,  сіңіру,  бөліп  шығару,  т.б.  физиологиялық 

үдерістер үшін қолайлы болып табылады.



Жылу реттелу – қоршаған орта температурасы мен ішкі жылу 

түзілу  деңгейінің  өзгерісі  кезінде  дене  температурасын  белгілі  бір 

шектеулі  диапазонда  ұстап  тұру.  Яғни  жылу  реттелу  дегеніміз – 

сыртқы температура өзгерсе де дененің ішкі, өз температурасының 

қалыпты тұрақты күйінде сақталуы. 

Организмнің  температуралық  гомеостазын  қолдайтын  жылу 

өндіру  жəне  жылу  берілу  үдерісін  термореттелу  деп  атайды.  Тем-

пература  оптимумы  тыныштық  күйде 37°С,  қарқынды  бұлшық  ет 

жұмысында 39°С  құрайды.  Гомойотермді  (жылықанды)  организм-

дерде физиологиялық мағынада:

1. «ядросы» (температурасы тұрақты ішкі құрылымдар, мəселен, 

ми мен ішкі мүшелер);

2. оны қоршап тұратын «қабығы» деп екі бөлімді ажыратады. 

Дене температурасы деп дене ядросының температурасын ұғады. 

Ең  қарапайым  жолмен  дене  температурасы  қолтық  астынан,  ауыз 

қуысынан өлшенеді. Бұл жерлерде дене температурасы дене ядросы 

температурасынан 0,5°С-1,5°С төмен. Адам суық суда немесе суық 

ауада жалаңаш болса, оның денесінің ядро температурасы 35°С дейін 

төмендеуі мүмкін. Орташа ядро температурасының төмендеуін дене 

гипотермиясы деп, ал жоғарылауын дене гипертермиясы деп атайды. 

Ядро  температурасының  тұрақтылығы  дене  қабықшасына  тəуелді. 

Қалыпты жағдайда адамның температурасы тұрақты: қолтықта ор-

таша 36,5°С-36,9°С,  тік  ішекте  (ректалды) 37,2°С-37,5°С  болады. 

Ішкі мүшелердің температурасы 38°С-38,5°С-қа тең болады.



Автономды  жылу  реттелу  ішкі  жəне  сыртқы  орта 

температурасының  жоғарылауына  немесе  төмендеуіне  белгілі  бір 

жауап  реакцияларымен  қамтамасыз  етіледі  жəне  жылу  өндіру  мен 

жылу шығару үдерістерін басқарудан тұрады (перифериялық жəне 

вазомоторлық  тонус  өзгерісі,  тер  бөліну,  термиялық  тахипноэ, 



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау