Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет89/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   168

278

Жылу  балансы.  Дене  температурасы  тұрақты  болу  үшін 

жылу  шығару  сыртқы  ортадан  немесе  метаболизмдік  жылу 

өндіру  нəтижесінде  келетін  мөлшерге  тең  болу  қажет.  Егер 

жылудың  берілуіне  қарағанда  келуі  көп  болса,  жылу  жинақталып 

температураның жоғарылауын, яғни гипертермияны тудырады.

Гипертермия – термобейтарап жағдайда тыныштық күй үшін ор-

таша түрлік арнайы қалыптан (нормадан) бір стандарттық ауытқудан 

асатын  дене  температурасының  жоғарылауымен  жүретін  жылу 

шығарудың  жеткіліксіздігі  есебінен  организмде  жылудың  аккуму-

ляциялануы (шоғырлануы). Дене жұмысы кезіндегі жылу өндірудің 

жоғарылауы жұмыс гипертермиясы дами отырып, жылу реттелудің 

қайта құрылуымен қатар жүреді.

Жылу  сыртқы  орта  жағдайларына  байланысты  сəуле  шығару, 

жылу  өткізгіштік  жəне  конвекция  жолдарымен  берілуі  жəне 

шығарылуы мүмкін. Жылу əрқашан организмде жүретін химиялық 

реакциялардың жанама (қосымша) өнімі ретінде түзіледі. 

Температурасы абсолюттік нөлден (-27°С) жоғары барлық заттар 

энергияны сəулелену жолымен шағылыстырады (сейілдіреді) неме-

се қайтарады. Сəуле шығару электрлік магниттік тоқындар түрінде 

жүреді. Жылу шығарудың радиациялық жолы жылудың инфрақызыл 

сəулелерін  қызған  дененің  бетімен  жан-жаққа  сейілдіру  арқылы 

тіршілікке  бірден-бір  қолайлы  (қажетті)  температураға (18-20°С) 

сəйкес бөлінетін жылудың 66%-ы сыртқа шығады. 

Беткейдің сəуле шығару қабілеті сəуле шығарушы ретінде оның 

қасиеттерімен  байланысты.  Сəулелік  энергияны  сіңіретін  жəне 

мүлдем  шағылыстырмайтын  беткей 1-ге  тең  болатын  максималды 

сəуле шығару қабілеттілігіне ие. Егер беткей барлық сəулелік энер-

гияны шағылыстырса, оның сəуле шығару қабілеттілігі 0-ге тең бо-

лады. 


Көбіне,  заттар  толығымен  бір  ұзындықтағы  толқындарды 

сіңіреді жəне сонымен қатар басқа ұзындықтағы толқындарды күшті 

шағылыстырады. Мəселен, адамның ақ түсті терісі сияқты пигментті 

терісі де күннің барлығына дерлік инфрақызыл сəулелерін сіңіреді.

Бір  заттан  екіншісіне  олардың  беткейлерінің  жанасуы  кезінде 

жылудың  көшуі  жылу  өткізгіштік  деп  аталады.  Денеге  тиген 

заттарға жылу беруде жылу неғұрлым жылы заттан неғұрлым суық 

затқа жылу градиенті бойынша орын ауыстырады. «Жылы» немесе 




279

«суық» затқа жанасуды сезіну жылудың өту жолымен оның қозғалыс 

бағытымен байланысты.

Жақсы  өткізгіштерге  күміс,  мыс  сияқты  металдар,  ал  нашар 

өткізгіштерге  газдар  жатады.  Биологиялық  ұлпалар  мөлшермен  су 

сияқты изолятор болады, май бұл жағынан алғанда бұлшық ет неме-

се сүйек ұлпаларынан 2 есеге тиімдірек келеді. Май қабаты болмаса, 

тері  температурасы  ішкі  дене  температурасына (37°С)  жуық  жəне 

жылу жоғалу 10 есеге көп болушы еді.

Сұйық жəне газ тəрізді ортамен қоршалған заттан жылудың та-

сымалдануы конвекция арқылы жүреді. Жылу ағымы неғұрлым жы-

лыдан неғұрлым суық учаскелерге қарай жүреді. Егер ауа темпера-

турасы дене температурасынан жоғары болса, жылу денеге беріледі. 

Бұл жолмен пайда болатын барлық жылудың 15%-ы кетеді.

Егер денені қоршаған ауа қозғалыссыз болған жағдайда теріден 

шыққан жылы ауа қоршаған ауаға өтіп, молекула сияқты энергияны 

да тасымалдайды. Мұндай үдеріс бос конвекция деп аталады. 

Егер қоршаған ауа қозғалыста болса, онда мұндай үдеріс мəжбүр 

конвекция  деп  аталады.  Күшті  жел  кезінде  ауа  суығырақ  болып 

сезіледі.

Дене  беткейінен  судың  булануы  кезінде  ол  сұйықтықтың  газ 

тəрізді  күйге  көшуге  энергия  жұмсауы  салдарынан  салқындайды. 

Тері  мен  өкпе  арқылы  жылу  шығару  жолымен  сыртқы  жылудың 

(бу арқылы шығатын жасырын жылудың) 19%-ы шығады. Буланған 

судың  (тердің)  əр  граммына  мөлшермен 0,59 Вт/сағ.  кетеді (1 мл 

суды буға айналдыру үшін 0,53 ккал жылу жұмсалады). Қоршаған 

ортаның кез келген жағдайында су дене беткейінен толассыз була-

нады жəне жылу шығарудың маңызды механизмін құрайды. Судың 

жоғалу көлемі қоршаған орта факторларына, əсіресе, ауа температу-

расы мен ылғалдылығына байланысты.

Егер  ауа  су  буымен  қаныққан  болса (100% салыстырмалы 

ылғалдылық), тері беткейінен булану болмайды. Буланудың жоғары 

ауа температурасы кезінде аса үлкен мəні бар. Өйткені дене темпе-

ратурасына  (немесе  дəлірек  тері  температурасына)  тең  ауа  темпе-

ратурасы кезінде жылу шығарудың кəдімгі механизмдерінің (сəуле 

шығару, жылу өткізгіштік, конвекция) ешқайсысы қызмет етпейді. 




280

Ауа температурасы мен ылғалдылығының спорттық жұмысқа 

қабілеттілікке ықпалы

Ұзақ  уақыт  (мысалы,  марафондық  жүгіру)  жəне  күш  салу-

ды  қажет  ететін  спорттық  жүктемелер  кезінде  жұмыс  атқаратын 

бұлшық  еттердегі  жылу  өндіру  негізгі  алмасу  жылу  өндірілуінен 

15-20 есе асады. Бұлшық еттердегі барлық түзілген жылу алдымен 

қанға беріліп, қан арқылы дене температурасын 39-40°С жəне одан 

да жоғарылата отырып (жұмыс гипертермиясы), дене ядросына та-

сымалданады.  Мұндай  жағдайларда  организмнің  жылу  реттелуі 

жылу  шығарудың  күшеюіне  бағытталған,  яғни  дене  беткейіндегі 

жылудың артығы тері тамырлары торларында қан айналуды күшейту 

жолымен  тасымалданады.  Одан  жылу  ең  бастысы  тердің  булануы 

есебінен қоршаған ортаға беріледі.

Қоршаған  ауаның  жоғары  температурасы  мен  ылғалдылығы 

дененің қызып кету қатерін тудыра отырып, жылу шығаруды елеулі 

қиындатады. Неғұрлым сыртқы температура жоғары болған сайын, 

соғұрлым дене температурасы көп көтеріледі. Ыстық жəне ылғалды 

күндері марафоншының дене температурасы 41°С-қа жетуі мүмкін. 

Тер  булануының  күшеюі  дененің  су  балансының  бұзылуына, 

яғни  дегидратацияға  əкеледі.  Соның  салдарынан  жүрек-тамыр 

жүйесіне көп күш түседі. Сондықтан мұндай жағдайларда спорттық 

жұмыс  қабілеттілік  төмендейді  жəне  организмнің  қызып  кетуі – 

жылылық соққы қаупі туындайды.

Жоғары  ауаның  температурасы  мен  ылғалдылығы  жағдайында 

спорттық жұмыс қабілеттіліктің төмендеуін:

1) Дененің қызып кетуі;

2) Жылдам дегидратация;

3) Жүрек-тамыр  жүйесінің  оттегі  тасымалдау  мүмкіндігінің 

төмендеуі сияқты үш негізгі факторлар анықтайды.

Жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында 

жылу шығарудың физикалық механизмдері 

Тыныштық күйде жəне бұлшық ет əрекеті кезінде де қоршаған 

ортаға денеден жылу шығарудың түрлі жолдарының маңызы бірдей 

емес  жəне  сыртқы  ортаның  физикалық  факторларына  байланысты 

өзгеріп отырады.



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау