15
4-сурет. Электрондық
браслет-пульсометр
физиологиялық
көрсеткіштерді
бір
мезгілде тіркеу арқылы жүргізіледі. Бұл
бірнеше құралдар көмегімен жүзеге асы-
рылады (4-7 суреттер). Білезікке тағатын
электрондық пульсометрлер ыңғайлы əрі
дəл көрсетеді.
Эргометрия. Зертханалық жағдайларда
физиологиялық зерттеулер барысында
белгілі бір тұрақты жұмыс қарқындылы-
ғын қамтамасыз ету үшін жүктеме
мөлшерін бақылауда ұстап отыру қажет.
Бұл эргометр құралдарының көмегімен
жүзеге асырылады. Эргометр (грек тілінен
ауд. эрго-жұмыс; метр шама) – адам орын-
дайтын дене жұмысының мөлшері мен
қарқындылығын өлшеуге жəне бақылауға
мүмкіндік беретін құрал. Солардың бірі – велоэргометр көп уақытқа
дейін тестілеуде қолданылатын негізгі құрал болып келген (5-су-
рет). Бұл құралда вертикалды не арқамен жатқан қалыпта жұмыс-
ты орындауға болады. Велоэргометрлерде көбіне:
5-сурет. Велоэргометр
16
1. Механикалық үйкеліс;
2. Электрлік кедергі;
3. Ауа кедергісі;
4. Сұйықтықтың гидравликалық кедергісі сияқты төрт кедергінің
бірі қолданылады.
Велоэргометрде зерттелушінің артериялық қан қысымын өлшеу
жəне қан алу қиындық тудырмайды.
6-сурет. Тредбан
Тредбан қазіргі кезде зерттеушілер мен дəрігерлер көп
қолданатын құралдардың бірі (6-сурет). Ондағы мотор мен ролик-
тер жүйесі зерттелушінің не жүруіне, не жүгіруіне мүмкіндік беретін
қозғалыстағы жалпақ лентадан тұрады. Оның ұзындығы мен ені дене
мөлшері мен қадам ұзындығына сəйкес келу керек. Тредбан арқылы
жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ), оттегіні пайдалану мен венти-
ляция секілді өлшенетін барлық физиологиялық көрсеткіштердің ең
жоғары «шың» мəндеріне жетуге болады.
Жоғарыда айтылған құралдардан басқа эргометрлер түрлері де
қолданылады. Мысалы, спортшы жəне спортпен шұғылданбайтын
адамдарды тестілеу үшін қозғалысқа негізінен қолы мен иық белдеуі
қатысатын спорт түрлерінде (мəселен, жүзуде) қол эргометрі, ескек
есушілерді тексеруде еспелі эргометр пайдаланылады.
17
7-сурет. Эллипстік тренажер
Жүктеменің жекеленген циклдеріне организмнің жедел немесе
мерзімдік реакцияларын бағалауда:
1. Бұл реакцияларды бағалауда организмнің күйіне ықпал
ететіндіктен
қоршаған
орта
(температура,
ылғалдылық,
жарықтандыру, шу деңгейі) жағдайларын ескеру қажет;
2. Тəуліктік жəне етеккір циклдерін ескеріп, тест жүргізуді
тəуліктің сол белгілі бір уақытында жəне етеккір циклінің белгілі бір
кезеңдерінде жүргізу керек;
3. Тестілеу режимінің зерттелуші үшін үйреншікті дене қызметі
типімен максималды сəйкес келуі өте маңызды.
Сонымен, дене тəрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиясы:
бақылау, табиғи жəне зертханалық тəжірибе (эксперимент), антро-
пометрия (дененің физикалық көрсеткіштерін зерттеу), эргоме-
трия (дене қызметінде жүктеме мөлшерін анықтау), динамометрия
(бұлшық ет топтарының жиырылу күшін өлшеу), рефлексоме-
трия (рефлекстік реакциялардың күші мен (немесе) жылдамдығын
өлшеу), электромиография (бұлшық еттердің электрлік үдерістерін
18
тексеру жəне жазу), электроэнцефалография (мидағы электрлік
үдерістерді тексеру жəне жазу), электрокардиография (жүрек соғу
жиілігін тексеру), спирометрия (өкпенің тіршілік сыйымдылығын
тексеру), қозғалыстың сыртқы құрылымын зерттейтін – циклография
(қозғалыстағы дене бөліктеріне бекітілген лампаларды секундына
жүзге дейін фотоға түсіру арқылы қимыл кезеңдерін тіркеу), тензо-
метрия (тензоқадағалар көмегімен дене жаттығуларын орындаудағы
күш салуды тіркеу), гониометрия (иілгіштік дене сапасын бағалау
мақсатында буындардағы қозғалыс амплитудасы бұрыштық граду-
сын өлшеу), дағдының моторлы жəне вегетативті құрылымдарын
жинақты тіркеу, механография (бұлшық ет жиырылуын тіркеу),
күш пен жылдамдық сапаларын бағалау үшін қолданылатын тест
стандарты, қимылдардың кеңістікті, күшті, уақытты өлшемдерін
бағалау əдістері, спироэргометрия (спирометрия немесе спирогра-
фия арқылы сыртқы тыныс алу мен негізгі алмасуды бір мезгілде
зерттеу), термометрия (температураны өлшеу), тер бөлінуді бақылау
əдістері, оксигемометрия (оттегі мен гемоглобинді өлшеу), пнев-
мотахометрия (максималды тез тыныс алу жəне тыныс шығару
кезіндегі ауа бағытының жылдамдығын анықтау), реоэнцефало-
графия (церебралды қан айналымын зерттеу), хронаксиметрия
(тітіркендіргіштің əсер ету уақытына байланысты жүйкедегі қозу
дəрежесін зерттеу), теппинг-тест (қол басы қозғалыстарының мак-
сималды жиілігін анықтау), треморография (қол мен саусақтың
механикалық тербелісін анықтау), актография (ұйқы кезінде
қозғалыс белсенділігі динамикасын анықтау), функциялық жүктеме
немесе сынамалар (Розенталь, Штанге, Генч, Ромберг, Яроцкий,
саусақ – мұрын), рефлекстерді (құрсақ, тізе, ахиллов, тері, жергілікті
дермографизм, Ашнер рефлексі, Даниелопол клиностатикалық,
Превел ортостатикалық жəне қарашық рефлекстері) зерттеу əдістері
жəне т.б. пайдаланады.
Жоғарыда көрсетілген көптеген əдістерді қолдана оты-
рып, дене тəрбиесі мен спорт түрлері физиологиясы пəні дене
жаттығуларының, спорттық шынығудың жəне қоршаған ортаның
əртүрлі жағдайларының спортшылар организміне əсерін анықтап,
денсаулығына қажетті қолайлы жағдай тудыруды мақсат етіп қояды.