338
Х ТАРАУ
ЖҮЗУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Жүзу спорт түрі ретінде жастар үшін де əрі кемел мен егде жаста-
ғы адамдар үшін дене дамуы, төзімділікке жаттығу мен шынығуы
үшін таптырмас құрал. Сулы орта жағдайындағы спорттық əрекеттер
(жүзу) кəдімгі ауа орта жағдайында орындалатын дене жұмысынан
өзгеше бірқатар физиологиялық ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл
ерекшеліктер судағы қозғалыстармен, дененің горизонталды орна-
ласуымен жəне судың үлкен жылу сыйымдылығымен байланысты
механикалық факторлармен анықталады.
Механикалық факторлар
Жүзу кезіндегі жылдамдық пен энергиялық шығын үш негізгі
механикалық факторларға:
1) дене салмағына қарсы əсер ететін немесе оның өлшеміне кері
– батырушы күшке көтеруші (жүзбе, қалқымалы) күш өлшеміне;
2) суда дененің жылжуына тіке кедергіге;
3) жүзгіштің тиімді алға жылжуға (пропульсивті) күш салуы
нəтижесінде туындайтын қозғаушы күшке байланысты.
Көтеруші (немесе оған кері – батырушы) күш. Архимед
заңына сəйкес суға түскен денеге осы денемен ығыстырылған су
көлемі салмағына тең көтеруші (итеріп шығарушы) күш əсер етеді.
Бұл күштің өлшемі біріншіден, түрлі дене ұлпаларының, ең ал-
дымен, бұлшық ет пен май ұлпаларының салмағына (көлеміне)
жəне сол адамның денесіндегі олардың қатынасына; екіншіден,
суға дененің ену дəрежесіне, нақтырақ айтқанда, судың үстіңгі
жəне астыңғы бетіндегі дене бөлімінің салмағына (көлеміне) жəне
үшіншіден, өкпедегі ауа көлеміне байланысты. Архимед заңы бо-
йынша гипогравитация судағы адам денесі массасының 1-1,5 кг
аспауға əкеледі, яғни судағы дене салмағы біраз ғана килограмды
құрайтын мұндай жағдайларда тыныштық күйдегі түрлі мүшелер
мен жүйелердің қызметі олардың салмақсыздық жағдайындағыдай
болады. Бұған жүзу кезіндегі дененің горизонталды қалпы да əсер
етіп, жүрек жұмысын жеңілдетеді, бұлшық еттердің босаңсуы мен
буындардың қызметін жақсартады.
339
Денесінде май мөлшері көп адамдарда батырушы күш (судағы де-
не салмағы) 0-ге тең, сондықтан олар су бетінде қандай да бір қосымша
күш салусыз ұстап тұрылуға қабілетті. Неғұрлым əйелдерде май
ұлпалары көлемі салыстырмалы көбірек болғандықтан ер адамдарға
қарағанда олардың судағы денелерінің қалпы көбіне, соғұрлым
жоғары болады. Жүзгіштер арасында денелері көбірек горизонтал-
ды көріністе болатын (су бетіне жуық) жоғары қалқымалылыққа
(жүзбелілікке) ұзақ қашықтыққа жүзгіштер-стайерлер ие. Себебі
оларда қысқа қашықтыққа жүзгіштер-спринтерлерге қарағанда май
қоры көбірек жəне дененің салыстырмалы салмағы неғұрлым төмен
(сəйкесінше 1,0729 жəне 1,0786).
Дене суда оңай ұстап тұрылғанда дененің кейбір бөліктері
су үстінде болады жəне өкпенің тек біраз бөлігі ауамен толады.
Сондықтан денеге батырушы күш əсер етеді. Оған қарама-қарсы
бағытталған күш арқылы бұлшық ет белсенділігі қарсы тұра алуы
керек. Бұл белсенділіктің дəрежесі туралы толық тыныштық күйдегі
деңгейден жоғары оттегі пайдалану мөлшері бойынша бағалауға
болады. Неғұрлым батырушы күш көп болған сайын су бетінде
денені ұстап тұру үшін соғұрлым бұлшық ет жұмысы күштірек
жəне соғұрлым оттегі пайдалану жоғарырақ болу керек (64-су-
рет). Əйелдерде бұл күш шамамен, 1,6-4,7 кг, ерлерде 4,9-5,8 кг
аралығында болады.
64-сурет. Су бетінде денені ұстап тұру кезіндегі О
2
пайдалану мен
батырушы күш арасындағы байланыс (Я. М. Коц бойынша)
340
Тіке кедергі. Жүзу кезінде негізгі бұлшық ет жұмысы суда денені
ұстап тұруға емес, тіке кедергі деп аталатын дене қозғалысына кедергі
күшті жеңуге жұмсалады. Оның өлшемі судың тұтқырлығына,
дененің өлшемі мен пішініне жəне ең бастысы – оның алға жыл-
жу жылдамдығына байланысты. Дене беткейі үлкен адамдар дене
беткейі кіші адамдарға қарағанда айтарлықтай көбірек су кедергісін
сезінеді. Сəйкесінше, ер адамдарда əйелдерге қарағанда тіке кедергі
орта есеппен жоғары болады. Бірақ дене беткейі өлшемін ескеру
кезінде бұл айырмашылық əйелдер мен ерлер арасында маңызды
болмайды. Тіке кедергі өлшеміне түрлі жүзу əдісіндегі судағы дене
қалпы мен жүзу циклінің түрлі фазалары ықпал етеді.
Суда жоғары жылдамдықпен алға жылжу кезінде тіке кедергіден
асып түсу (оны жеңу) жүзгіш үшін дене жүктемесінің негізгі
компонентін құрайды. Егер сүйреу жолымен адамның денесін суда
тартса, онда тіке кедергі бұл пассивті алға жылжытуға шамамен,
сүйреу жылдамдығының шаршысына пропорциялы өседі. Бас, кеуде
жəне аяқ-қол қозғалыстары арқылы салдарынан тіке кедергі кролль
əдісімен жүзу кезінде 1,5 есеге, брасс əдісімен жүзуде 2 есеге көп
болады.
Қозғаушы немесе пропульсивті күш. Бұл күш жүзгіштің
белсенді бұлшық ет əрекеті нəтижесінде туындайды жəне жүзу
қозғалысы кезінде туындайтын тіке кедергі мен көтеруші күш
екеуінің əсерінің жиынтығы болып табылады. Ол жүзгіштің дене
қозғалысының бағыты мен жылдамдығын анықтайды. Пропульсивті
күшті тура өлшеу мүмкін емес, оны спортшыда өлшегіш құрал
арқылы анықтайды.
Өлшегіш құрал арқылы анықталған барынша қозғаушы күш
брасс əдісімен жүзу кезінде 22 кг жуық тіркелген. Басқа əдістер
арқылы жүзу кезінде бұл күш шамамен, бірдей – максималды 13-
14 кг болады. Брасс əдісімен жүзуде барынша үлесті аяқ жұмысы,
ал кролль əдісімен жүзуде қол жұмыстары атқарады. Баттерфляй
əдісімен жүзу кезінде аяқ, қолдың қозғаушы күші шамамен, бірдей.
Жүзу жылдамдығы. 100 м жүзу кезінде (бассейн ортасында)
максималды орташа таза арақашықтық жылдамдық кролль əдісімен
жүзуде 1,9 м/с, дельфинде – 1,8 м/с, шалқалап жүзуде – 1,7 м/с,
брасс əдісімен жүзуде – 1,5 м/с болады. Сонымен, неғұрлым жоғары
жылдамдық кролль əдісімен жүзуде, ал аз жылдамдық – брасс
əдісімен жүзу кезінде тəн.