Stroke (Сызық) палитрасы контурлардың қасиеттерін реттеу үшін
арналған.Weight (Қалыңдық) өрісінде берілген мән сызық қалыңдығын
анықтайды және пунктпен өлшенеді. Caps (Ұштар) параметрі
контурдың тірек нүктелерінің ұшын безендірілу әдісін анықтайды, ал
Joins (Жіктер) служит для задания свойств контуров. Значение, заданное
в поле, определяет параметрі аралық тірек нүктелерінің қасиеттерін
береді.
Тірек нүктелерінің екі түрі бар: тегіс және бұрышты. Тірек нүктесінде
екі сегмент жанасқанда олар әртүрлі әрекет етеді. Тегіс тірек нүктелері
бір қисықтың екіншісіне бірқалыпты өтуін қамтамасыз етсе, бұрышты
тірек нүктелері керісінше. Қалың сызықтар сүйір бұрышпен жанасқанда
жанасу аймағының ұзындығы сызық енінен үлкен болуы мүмкін. Осы
параметрлердің қатынасын Кию параметрі арқылы беріледі, оның
мәнінен асып түссе, жік кесілген болып көрсетіледі. Қажет болған
жағдайда сызықты үзік сызықты немесе штрихты-үзік сызықты жасауға
болады. Ол үшін Dashed line (Пунктирлі) белгісіне жалауша
орнатылады. Сызық параметрлері Dash (Штрих) және Gap (Саңылау)
өрістерінде көрсетіледі.
Каталогпалитрасы дайын үлгілердің контурларын бояу параметрлерін
тез таңдау үшін қажет. Палитраның төменгі бөлігіндегі командалық
батырмалар арқылы үлгілердің қажетті топтарын таңдайды: Color
Swatches (Түстер үлгісі), Gradient Swatches (Градиенттер үлгісі)
жәнеPattern Swatches (Нақыш үлгілері) (текстуралық бояулардың).
New Swatch (Жаңа үлгі) батырмасының көмегімен суреттің негізгі
түсіне тең жаңа түс үлгісі пайда болады.
Кедейсоқ негізгі түс Color (Синтездеу) палитрасында таңдалады. Түс
бірнеше құраушылардан синтездеу арқылы құрылады. Егер түс
құраушыларының сандық мәндері белгілі болса, оларды сәйкес өрістерге
енгізуге болады. Егер құраушылары белгісіз болса, түстерді жылжымалы
нүсұағыштарды қозғалту арқылы реттейді. Түс моделі үшбұрышты
бағдарша батырмасын шерту арқылы ашылатын қосымша терезеде
таңдалады.
Adobe Illustrator басты кемшілігі — көп беттік құжаттарды құру
мүмкіндігінің болмауы. Macromedia Free Hand бағдарламасының мұндай
кемшілігі болмады, сонымен қатар бұл бағдарламада қаріптерді
қисықтарға айналдыру алгоритмі жақсы қарастырылған (7.3 бөлімшені
қараңыз), алайда қаіргі кезде Adobe компаниясы Macromedia сатып алып,
Free Hand қолданудан бас тартты. Adobe өндірушілерінің пікірі
бойынша, көп беттік құжаттарды жасау үшін басқа редактор — Adobe
InDesign бар.Оның иллюстрацияны жасау және өндеу мүмкіндіктері аз,
бірақ үлкен көлемді мәтінді форматтауға арналған қолайлы құралдар бар.
Бағдарлама терезесі 7.15-суретте келтірілген және ол Adobe PhotoShop
және Adobe Illustrator редакторларымен бірыңғайланған, сондықтан тек
басқа жинақтамаларда жоқ қызметтерге тоқталайық.
140
7.15-сурет. Adobe InDesign бағдарламасының жұмыс терезесі
File (Файл) мәзірінде Document Setup (Құжат параметрлері)
командасымен ашылатын диалогтік терезесі орналасқан. Үнсіз келісім
бойынша Facing Pages қызметіне қарсы жалауша орналасқан, бұл бір
уақытта кітап ашылғандай алдыңғы және артқы бет (яғни, екі бет, сол
және оң жағы) көрсетілетінін білдіреді. Бұл кезде беттер дайын күйінде
болуы керек реттілікпен көрсетіледі. Adobe InDesign-де басылған бет
орналасуы да автоматты түрде орындалады.
Layout (Макет) мәзірінде беттерді қосу және жоюмен қатар, толық
басылымның макетін басқаруға болады, яғни, әр беттің жолдары мен
бағандар
санын
(Margins
and
Columns),
берілген
бет
бағыттаушыларының координаттары мен түсін (оларды да қолдан
реттеуге болады) анықтауға және бір беттен екінші бетке тез өтуге
мүмкіндік береді, сондай-ақ, беттердің автоматты нөмірленуін және
бөлімдер (sections) (Numбering & Section Options) бойынша бөлінуін
қамтамасыз етеді.
Туре (Мәтін) және Oбject (Объект) мәзірлері де Adobe Illustrator
бағдарламасына ұқсас, тек Туре (Мәтін) мәзірінде арнайы белгілерді қою
мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, мәзірде Paragraph Style (Абзац стилі)
және Character Style (Белгі стилі) арнайы белгілерін қою мүмкіндігі бар.
Стильдер – негізгі форматтау қызметі. Абзац стильдері белгілер мен
абзацтардың атрибут форматын, белгі стильдері тек белгілердің
141
форматын анықтайды. Мәзір командалары берілген құжат үшін стильдер
тізімі бар сәйкес диалогтік терезені ашады. Тышқанның оң жақ
батырмасын шерту арқылы оны редактрлеу мүмкіндігі пайда болады.
Сонымен қатар, стильді InDesign басқа құжаттарынан алуға немесе стилі
берілген мәтінді импорттауға болады. Кез келген стиль өзгерістері
автоматты түрде мәтіннің барлық абзацтарына қолданылады, олар осы
стильге сәйкес форматталған.
Taбle (Кесте) мәзірі Microsoft Word ұқсас мәзіріндегідей кестелерді
құруға және форматтауға мүмкіндік береді.
View (Қарау) мәзірінде Adobe басқа бағдарламалында жоқ қызмет –
Structure (Құрылым) ^ Show Structure (Құрылымды көрсету)
келтірілген. Бұл қызмет экранның сол жағында (жеке терезеде) ашылған
құжаттың құрылымын көрсетеді.
Adobe InDesign құралдар палитрасы фреймдерді құруға арналған екі
құралдың болуынан басқа, Adobe Illustrator палитрасына ұқсас (7.16-
сурет). Фреймдер тек Adobe InDesign-де бар. Шын мәнінде, фреймдер –
графика және мәтін орналастырылатын контейнерлер. Фреймдер сондай-
ақ, графикалық пішіндер ретінде қолданылуы мүмкін. Фреймдердің үш
түрі болады: бос, графикалық және мәтіндік.
Бос фреймдер Rectangle (Тіктөртбұрыш), Ellipse (Эллипс) және
Polygon (Көпбұрыш) құралдарының көмегімен құрылады.Бұл фреймдер
қандай да бір аймаққа графикалық белгі немесе мәтінді қоймастан, түс
немесе жиектеме қосу қажет болған жағдайда пайдалы. Таңдалған бос
фреймдер шектеушібелгілері бар жиектеме болып табылады.
7.16-сурет. Adobe InDesign құралдар панелінде фреймдер құру құралдары
142
Достарыңызбен бөлісу: |