Басылатын бет өлшемі қағаздың стандартты өлшеміне емес, болашақ
иллюстрацияның өлшеміне қарай таңдалуы тиіс. Мысалы, ашық хат
немесе визиткаларды басып шығару кезінде мұндай жолмен бір бет
қағазға CorelDRAW құжатының бірнеше данасын немесе беттерін
шығаруға мүмкіндік береді.
Мәзір жолы. Құжатты құру, бағдарламаны реттеу, басу процесін
басқару, құжатты сақтау және т.б. сияқты мәнді жұмыстар орындалатын
командаларға, диалогтарға, өрістерге, батырмаларға қол жеткізеді.
File (Файл) — барлық қолданушыларға, мысалы, MS Office
бағдарламасынан таныс стандартты мәзір. Оның көмегімен файлды
ашуға, экспорттауға (импорттауға) және файлды немесе оның жеке
беттерін баспаға жіберуге болады.
Edit (Түзеу) — соңғы бірнеше командаларды қайтаруға, белгіленген
объектлерді алмасу буферіне көшіруге немесе кесіп алуға, алмасу
буферінен объекттерді қоюға мүмкіндік беретін стандартты мәзірдің бірі.
CorelDRAW ерекше қызметтеріне Insert Бarcode (Штрихты кодты қою)
жатады, бұл команда штрих-кодты құру мастерін ашады, ол сандық
мәндер негізінде автоматты түрде штрих-код құрады. Қызмет қазіргі
қаптаманы жасау үшін қажет.
Layout (Макет) — беттерді қоюға, жоюға немесе орнын ауыстыруға,
сондай ақ, бағдары мен форматын өзгертуге мүмкіндік береді
Arrange (Монтаждау) — векторлық объекттерді редактрлеуге
жататын барлық командалардан тұрады. Оларды түрлендіруге
(айналдыруға, орнын ауыстыруға, жылжытуға, масштабтауға), түзетуге,
топтастыруға (немесе керісінше, топтан шығаруға), сондай-ақ, біріктіруге
немесе бір-бірінен кесіп алуға болады.
Effects (Эффекттер) — олар, өкінішке орай, PostScript тілін
қолдамайды, сондықтан, оларды баспа өнімдерін жасау кезінде
қолданбаған жөн.
Бitmaps (Биттік карталар) — қазіргі векторлық редакторларда,
әдетте, растралық суреттерді редактрлеуге арналған кіріккен құралдар
бар. Бұл мәзірдің командалары Adobe PhotoShop немесе Corel Photo-Paint
командаларына ұқсас.
Text (Мәтін) — мәтінді редактрлеу және форматтауға арналған
барлық құралдардан тұрады.
Tools (Қызмет) — CorelDRAW қолданушы реттемелерінен тұрады.
Window (Терезе) — ашық файлдарыды реттестіруге мүмкіндік береді
(егер бір уақытта бірнеше файл ашылған болса), сондай-ақ, құралдар
панелін, қалқымалы палитраларды немесе бекітілген құралдар панелін
(Dockers) экранға шығаруға немесе жасыруға болады.
CorelDRAW құралдар панелі 7.5-суретте келтірілген. CorelDRAW
негізгі құралдарын қарастырайық. Құралдар панелінде көптеген әртүрлі
құралдар қолдану аймағы бойынша кішігірім ашылмалы мәзірге
жинақталған. Құралдың төменгі оң жақ бөлігінде орналасқан кішкентай
үшбұрышқа тышқанды жақындатқанда құралдар панелінен мәзір
ашылады, мәзірден жаңа құралды таңдағанда панелде құрал белгісі
өзгереді.
127
7.5-сурет. CorelDRAW құралдар панелі
Объекттерді белгілеу және жылжыту. Парақшадағы объекттерді
Нұсқағышпен белгіленеді.
Объектті таңдау үшін оны шерту қажет. Бір объекттің артында тұрған
объектті таңдау үшін батырмасын, топтың ішінен объектті таңдау
үшін басып тұру қажет.
Бірнеше объектті таңдау үшін, батырмасын басып тұрып, әр
объектті шерту қажет немесе объекттер айналасында белгілеуші
жиектеменің пайда болуы үшін меңзерді жылжыту қажет.
Барлық объекттерді таңдау үшін Нұсқағыш құралын екі рет шерту
керек (сонымен қатар, барлық объекттерді Edit (Түзеу) ^ Select All
(Барлығын белгілеу) мәзірі арқылы белгілеуге болады).
Сызықтарды салуға арналған құралдар. Қисықтар мәзірінде тура
сызықтар мен еркін формадағы сызықтарды салуға арналған, сондай-ақ,
тік және иілген сызықтарды салуға арналған бірқатар құралдар
келтірілген. CorelDRAW құралдар панелінің пиктограммалары 7.6-
суретте келтірілген.
Еркін пішін блокнотта эскиз жасау кезіндегідей сызықтар мен
қисықтарды салуға мүмкіндік береді. Сынық сызықтар да блокнотта
эскиз жасау кезіндегідей еркін формадағы сызықтарлы салуға арналған.
Безье түйіндер бойынша Безье сызықтары мен қисықтарын салуға
мүмкіндік береді.
Көркемдік әсемдеу қалыңдығы бірдей немесе өзгермелі қисықтарды
салуға мүмкіндік береді.
128
Еркін форма
Безье
Көркемдік әсемдеу
Қауырсын
Сынық сызық
3 нүкте арқылы қисық
Байланыстыру сызығы
Өлшем сызығы
7.6-сурет. CorelDRAW сызықтарды салу құралдары
Қауырсын сегмент (сынық немесе тік) бойынша әрбір түйінді нақты
орналастырып, әрбір иілген сегменттің формасын бақылай отырып
бірінші реттен сызықтарды салуға мүмкіндік береді.
Байланыстырушы сызық бірнеше объектті байланыстырушы сызық
көмегімен қосуға арналған.
Өлшем сызығы өлшем сызықтарын және сілтемелерді салуға
мүмкіндік береді.
Фигураларды салуға арналған құралдар. CorelDRAW бғдарламасында
фигураларды салуға арналған көптеген құралдар бар (7.7-сурет).
Тіктөртбұрыш мәзірінде Тіктөртбұрыш және Үш нүкте негізіндегі
тіктөртбұрыш құралдарына қол жеткізуге болады.
7.7-сурет. CorelDRAW геометриялық фигураларды салу
құралдары 129
Тіктөртбұрыш
3 нүкте арқылы тіктөртбұрыш
Эллипс
3 нүкте арқылы эллипс
Көпбұрыш
Жұлдыз
Күрделі жұлдыз
Сызықты қағаз
Спираль
Негізгі фигуралар
Бағдарша фигуралары
Сұлба фигралары
Баннер фигуралары
Ескерту фигуралары
шыға
Достарыңызбен бөлісу: |