Fonts
in
Document
(Қаріптердің
ағымдағы
тізімі)
терезесінентаңдалған қаріп түрін
Replace Font From (Алмастыруға
арналған қаріптер тізімі) терезесінен таңдалған қаріп түріне
алмастыру
екі батырманың біреуі арқылы орындалады. Тек белгіленген блоктың
ішінде алмастыру үшін
Change (Ауыстыру) батырмасы қолданылады;
құжаттың барлық блоктарында алмастыру үшін
Change All (Барлығын
ауыстыру) батырмасы бар. Бастапқы қаріпті толық алмастырудан кейін
оның атауы
Fonts inDocument (Қаріптердің ағымдағы тізімі) терезесі
тізімінен жойылады. Қолданылған қаріптер тізімін сақтау үшін
Save List
(Тізімді сақтау) батырмасы арналған.
Абзац интерлиньяжы және шегінісі. Мәтін теруде интерлиньяж
(leading) деп көрші жолдардың негізгі сызықтары арасындағы
қашықтықты айтады. Интерлинбяж мәні қаріп сипаты (шығарылатын
элементтердің болуы немесе болмауы) және өлшеміне байланысты,
сондай-ақ, жол еніне байланысты анықталады. Adobe фирмасы
қарапайым арақатынасты ұстанады: үнсіз келісім бойынша интерлиньяж
кегльдің 120%-ын құрайды.
Character (Белгі) палитрасында
Auto (Авто)
нұсқасын таңдағанда дәл осы мән алынады. Ол кегль мәнінің өзгеруіне
байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Мәтінді салыстырмалы түрде ұсақ
кегльмен (8-14 пункт) енгізгенде мұндай интерлиньяжды
әбден қолдануға
болады, алайда ірі қаріп үшін «кегль – жол ені – интерлиньяж»
арақатынасынан визуалды әсерді мұқият бағалау қажет.
Character (Белгі) палитрасында интерлиньяжды орнату үшін кегльді
орнату кезінде қолданылатын әдістер пайдаланылады: интерлиньяж
мәнін тізімнен таңдап алады, сан батырмаларының көмегімен енгізеді,
бағдарша батырмаларын шерту арқылы үлкейтеді немесе кішірейтеді.
Кегль мәніне тең интерлиньяж мәнін орнату үшін тізімнен сол жақта
орналасқан пиктограммаға екі рет шерту жеткілікті. Үнсіз келісім
бойынша мәнін (120%) қайта орнату үшін
батырмасын басып
тұрып, сол пиктограмманы шерту қажет.
Белгіленген мәтіннің интерлиньяжын пернетақта көмегімен үлкейтуге
немесе кішірейтуге болады. + <↑> батырмаларының комбинациясы
интерлиньяжды кішірейтеді, ал + <↓> батырмалар комбинациясы
оны үлкейтеді.
Баспа басылымдарының дизайнында мәтіннің қабылдануын жақсарту
әдістерінің бірі ретінде көрші абзацтардың ақырғы және бастапқы
жолдары
арасында
үлкейтілген
интерлиньяж
(абзац
шегінісі)
қолданылады. Шегініс азат жол орнына немесе онымен бірге қолданылуы
мүмкін. Абзац шегінісі блоктық (абзацтық) мәтін үшін қолданылады,
мұнда Туре (Мәтін) тобының сәйкес құралы арқылы бір немесе бірнеше
абзауты белгілеуге болады немесе Selection (Белгілеу)
құралының
көмегімен блокты толығымен белгілеуге болады. Абзац шегінісі
Paragraph (Абзац) палитрасының Leading Бefore Paragraph (Абзац
алдындағы шегініс) өрісінде беріледі.
149
Кернинг және трекинг. Мәтін пішіні әртүрлі әріптердің үйлесімі
болып табылады, сондықтан, әртүрлі жұптар арасындағы оптикалық бос
орын (мәтін енгізілмеген аймақ) аса ерекшеленуі мүмкін, бұл мәтіннің
визуалды біртексіздік енгізілу көрінісін береді. Әсіресе, бұл мысалы, ГД,
АТ, 170 сияқты әріптер мен сандар үйлескен үлкен
атауларда ерекше
байқалады. Баспа басылымдары дизайнерінің біліктілігіне осы мәселемен
күресу кіреді, бұл үшін компьютерлік технология құралдарын меңгеру
қажет.
Белгілер жұбында оптикалық бос орынды түзеу процессі кернинг
(kerning) деп аталады. Кернинг қолмен реттелуі мүмкін, бұл кезде
қолданушы өз түйсігіне сене отырып, қажетті жол ырғағына қол
жеткізеді. Бұл нұсқа ең қолайлы болып табылады, әсіресе, ірі кегльді
енгізу кезінде, себебі, арақатынасты жақсы сезіне алатын адам ғана
идеалды түзету жүргізе алады. Adobe Туре 1 немесе TrueType қаріп
форматтарында белгілердің енін өзгерту шамасы көрсетілген кернингті
жұптар тізімі енуі мүмкін, бұл әріп аралық бос орынды түзетуге
мүмкіндік береді.
Әртүрлі кегльдерге арналған қаріп суретінің ортақ көзін қолданудан
туындаған басқа мәселе – қаріптің өлшемі кіші болған жағдайда
үлкейтілген әріп аралық бос орындар қажет, ал осы қаріптің ірі
өлшемдері кезінде – кішірейтілген. Бұл жерде сөз бос орындарды
(кернинг) жеке реттеу қажет үлкен атаулар туралы емес, негізгі мәтін
блоктары туралы.
Мәтіннің әріп аралық бос орындарын кегль шамасына қарай үлкейту
немесе кішірейту процессітрекинг (tracking) деп аталады. Кернинг және
трекинг шамалары
Character (Белгі) палитрасында орнатады және
дөңгелек шпацияның (emspace) 1/1000 тең бірлікте, яғни кеглдің
ағымдағы өлшемімен өлшенеді. Кернинг және трекингтің оң міндері әріп
аралық бос орынды үлкейтеді, ал теріс мәндері – кішірейтеді.
Кернинг мәнін орнату үшін
Туре (Мәтін) құралының меңзерін бос
орындарды өзгерту қажет екі белгі арасында орналастыру керек. Трекинг
мәнін орнату қажет болғанда, керісінше,
Туре (Мәтін) құралы көмегімен
мәтін блокын немесе толығымен блокты (фреймді)
Selection (Белгілеу)
құралының көмегемен белгілеу қажет.
Character (Белгі) палитрасында
кернинг пен трегингті орнату үшін кегльді орнату кезінде қолданылатын
әдістер пайдаланылады.
Автоматты кернинг. Көптеген қаріптерде белгілі кернингтік
жұптардағы бос орын өзгерісі туралы ақпарат беріледі. Мұндай
ақпаратты қолдану мәтін ырғақты құрылымын айтарлықтай жақсартады.
Автокренинг қызметін қосу үшін мәтін бөлігін
Туре (Мәтін) құралы
көмегімен немесе толығымен блокты (фрейм)
Selection (Белгілеу)
құралының көмегімен белгілеу қажет. Ары қарай
Character (Белгі)
палитрасының
Kerning (Кернинг) өрісіне
Auto (Авто) сөзін енгізу
немесе тізімнен
Auto (Авто) нұсқасын таңдау қажет. Автокренинг
қызметін өшіру үшін
Kerning (Кернинг) Kerning (Кернинг) өрісі
тізімінде 0 (нөлдік мән) нұсқасы таңдалады.
150