Бизнес әлемін жетілдірудеміз



жүктеу 3,22 Mb.
Pdf просмотр
Дата19.11.2018
өлшемі3,22 Mb.
#21131


Бизнес әлемін 

жетілдірудеміз

Біздің Қазақстан 

Республикасының 

дамуына қосқан үлесіміз




Қазақстан, 25 жыл 

үшiн рақмет!

1992 жылы EY компаниясы, халықаралық аудиторлық 

және кеңес беру фирмаларының арасында 

алғашқысы болып Қазақстанда өз жұмысын бастады. 

Біз ел дамуының әр сатысында, тәуелсіздікке 

қол жеткізгеннен және экономикалық реформалар 

бағытын жүргізуден бастап бірге болдық. Биыл біз 

Қазақстандағы өз қызметіміздің жиырма бес жылдығын 

атап өтеміз және кейінгі жылдары да елдің табысты 

дамуына өз үлесімізді қосамыз деп үміттенеміз. 

EY Қазақстан Республикасының іскерлік, әлеуметтік 

және экономикалық әлеуетінің ашылуына 

ықпалдасады. Біз ел мұқтаждығын ескере отырып 

іскерлік ортаның дамуы үшін өзіміздің бірегей 

тәжірибеміз бен білімімізді қолданамыз.

ey.com/kz/25





Мұқабада: Монумент және Астананың орталы­

ғындағы «Бәйтерек» шолу мұнарасы, Қазақстан




Бизнес әлемін жетілдірудеміз:  

біздің Қазақстан Республикасының 

дамуына қосқан үлесіміз

Біз кадр әлеуетінің 

дамуына 

инвестициялаймыз

Біз кәсіпкерліктің 

дамуына  

ықпалдасамыз

Біз Қазақстандағы 

бизнес-ортаның 

жақсаруына 

ұмтыламыз

Мазмұны

8

4

10


|   

Бизнес әлемін жетілдірудеміз: біздің Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесіміз

2

1992 жылы EY компаниясы Қазақстанда халықаралық аудиторлық және 



кеңес беру компанияларының арасында алғашқысы болып жұмыс істей 

бастады. Біз ел дамуының әр сатысында, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен 

және экономикалық реформалар бағытын жүргізуден бастап бірге болдық. 

Біз кейінгі жылдары да мемлекетіміздің табысты дамуына үлесімізді қосуды 

жалғастырамыз деп үміттенеміз.

EY компаниясы елге реформалардың жүргізілуіне қолдау көрсете отырып, 

бизнес пен мемлекет арасындағы диалогқа белсенді ат салысып келеді. 

Біз Қазақстандағы іскерлік және инвестициялық ортаны жетілдіруге, кадр 

әлеуетін іске асыруға, кәсіпкерлікті қолдауға және тұрақты әрі гүлденетін 

қоғамның құрылуына ықпалдасуға бағытталған бастамаларымыз туралы 

баян ету мүмкіндігінің бар екендігіне қуаныштымыз. 

Ерлан Досымбеков  

EY компаниясының 

 Қазақстандағы  және 

 Орталық  Азиядағы 

 басқарушы  партнеры

Кіріспе



1992

  

жылы 

құрылған

95

%

қызмет керлер­ 



дің Қазақстан 

азамат тары 

болып табылады

EY офистері: 

• Астана

• Алматы

• Атырау

600+

240+

600­ден астам қызметкер

Компания

Компанияның  

240­тан астам  

қызметкері компания  

демеушілік көрсететін АССА 

халықаралық біліктілікті алу 

үшін дайындық бағдарлама­

ларынан өтеді



80+

90+

80­нен астам кәсіпкер 

Қазақстандағы «Жыл 

кәсіпкері» конкурсының 

финалистері болды

Жыл сайын біз шамамен 

90 стажерды жұмысқа 

аламыз және оларға даму 

мүмкіндігін береміз

100+

100­ден артық сағатты біз 

Қазақстанның менеджмент, 

экономика және болжау 

институтының (ҚМЭБИ) 

студенттері үшін ХҚЕС 

бойынша бағдарламалық 

курстарды өткізуге арнадық

Бизнес әлемін жетілдірудеміз: біздің Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесіміз   

|

3



Қазақстандағы EY

Әлемдегі EY

700

+

150

+

700­ден астам офис



231 000

қызметкер

әлемнің 150 елінен  

астам


EY ғаламдық кірісі

Основные виды услуг

29,6

9%

4,8%

өсім

Аудиторлық 

қызметтер

11,3

млрд  

АҚШ долл.

14,2%

өсім

Мәмілелер бойынша 

кеңес беру 

қызметтері

2,7

млрд  

АҚШ долл.

өсім

млрд АҚШ долл.

2016 қаржы жылы үшін

2016 қаржы жылы

13,1%

өсім

7,8

млрд  

АҚШ долл.

Кеңес беру 

қызметтері

9,6%

өсім

Салықтық және 

заңгерлік қызметтер

7,7

млрд  

АҚШ долл.



|

   Бизнес әлемін жетілдірудеміз: біздің Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесіміз

4

Біз кадр  

әлеуетінің дамуына 

инвестициялаймыз



Бизнес әлемін жетілдірудеміз: біздің Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесіміз   

|

5



Қызметкерлеріміздің 95% пайызы Қазақстанның 

азаматтары болып табылады. Біз олардың кәсіптік 

өсіміне әрдайым инвестициялап отырдық және бұдан да 

былай инвестициялап отырамыз. Компаниямыздың әрбір 

төрт сервис желісінің (аудиторлық, кеңес беру, салық 

және заңгерлік қызметтер, сондай-ақ мәмілелер бойынша 

кеңес беру қызметтері) қызметкерлері кәсіптік даму 

бағдарламаларынан міндетті түрде өтіп отырады және 

АССА, CPA, CFA, PMP сияқты және басқа да 10-нан артық 

халықаралық біліктілік бағдарламалары бойынша білім 

алу мүмкіндігіне ие болады. 

Қазіргі уақытта компанияның 240-ден астам қызметкері 

АССА халықаралық біліктілігін алу үшін дайындық 

бағдарламасынан өтуде. 

Тек 2016 қаржы жылы Қазақстандағы EY 

компаниясының 682 қызметкері 23 023 сағат кәсіптік 

оқудан және тренингтен өтті. 

EY жас мамандарды жалдап, оларға бүкіл мансабының 

бойына кәсіптік дамуы үшін кең ресурстар береді. 

Біз жыл сайын шамамен 90 стажерды қабылдай отырып, 

студенттерге еңбек қызметін бастауға мүмкіндік береміз, 

әрі олар өздерінің жұмыс орындарында білімдерін 

арттырады. Осылайша, біз солардың алдарында кәсіптік 

даму келешегінің есігін ашамыз.

Ұтқырлық — Қазақстандағы EY қызметкерлерінің 

кәсіби даму стратегиясының маңызды құрамдасы. 

Біз қызметкерлеріміздің басқа елдердегі EY офистеріне 

ауысып отыруын ынталандырып, қолдап отырамыз. 

Соңғы бес жылда 35-тен астам қызметкеріміз — 

Қазақстан азаматтары басқа елдердегі EY офистерінде 

халықаралық тәжірибеге ие болды. EY компаниясы, 

EY New Horizons және Return Transfer сияқты барынша 

танымал бағдарламаларды қоса алғанда, бірнеше 

ұтқырлық бағдарламасын ұсынады. EY New Horizons 

бағдарламасында қызметкеркерлердің басқа елдердегі 

EY офистерінде үш айға дейінгі мерзімге болуы 

көзделген. Return Transfer ұзақ мерзімді бағдарламасы 

Қазақстаннан тыс шектегі EY офистерінде бір жылдан 

үш жылға дейін жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынады. 

Соңғы жылдары қазақстандық қызметкерлер Австралия, 

Ұлыбритания, Германия, Канада, Нидерландтар, БАӘ, 

Польша, Ресей, Словакия, АҚШ, ОАР сияқты елдерде 

ұтқырлық бағдарламаларының шеңберінде халықаралық 

тәжірибеге ие болды. 

Біз: елге бір тілде — ХҚЕС тілінде тіл табысу үшін 

бухгалтерлік есеп пен қаржы саласында мамандардың 

жеткілікті саны қажет екендігін түсінеміз. Жыл сайын біз 

қажетінен көп көлемде қызметкерлерді жұмысқа аламыз. 

Мамандардың бір бөлігі кейіннен басқа салаларға кетеді. 

Осылайша біз экономиканы бухгалтерлік есеп пен қаржы 

саласын білікті кадрлармен қамтамасыз етеміз.

Біз кезінде командамыздың бір бөлігі болғандармен, 

ал енді өз әлеуетін EY тыс жерлерде іске 

асыратындармен қалыптасқан өзара қарым-қатынастарға 

зор мән береміз. Біз бұрынғы қызметкерлермен 

байланысты ұстап отырамыз және EY Kazakhstan Alumni 

клубының мүшелері үшін арнайы іскерлік іс-шараларды 

ұйымдастырып отырамыз. 



Біз жұмыс орындарып құрып,  

қызметкерлерге кәсіптік өсу  

мүмкіндіктерін береміз


|   

Бизнес әлемін жетілдірудеміз: біздің Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесіміз

6

«Аудиторлық қызметтер практикасын білдіретін 



EY партнерлары мен аға менеджерлері 

Қазақстанның менеджмент, экономика және 

болжау институты (ҚМЭБИ) студенттеріне 

халықаралық қаржылық есептілік стандарттары 

(ХҚЕС) бойынша бағдарламалық курстарды 

жүргізеді. Бағдарлама 2008 жылы іске 

қосылды. Соңғы 17 семестрде бұл оқыту курсын 

ҚМЭБИ-дің 400 астам студенті тәмамдады. 

EY аудиторлық қызметтер департаментінің 

қызметкерлері бұл бағдарламаға жыл сайын 

100-ден артық сағат арнайды». 

Біз университеттермен жұмыс істейміз

EY Назарбаев Университетінің Жоғарғы бизнес мектебінің 

бухгалтерлік есеп пен қаржы саласындағы профессорға демеушілігін 

көрсетуде. Біз Қазақстан Республикасы экономикасының түрлі 

салаларында, мемлекеттік, сол сияқты жеке меншік секторларда 

жұмыс істейтін кәсіпқой — студент магистранттардың оқуына және 

дамуына үлес қосып отырғандығымызды мақтан тұтамыз.

«Адамдар, жер бетіндегі ең құнды ресурс болып 

табылады деп есептеймін. Өмірімнің соңғы 30 жылын 

оқытуға және адами әлеуетті күшейтуге арнағаныма 

мақтан тұтамын. Қазір мен Астана қаласындағы 

Назарбаев Университетінің жанындағы Жоғарғы 

бизнес мектебінің факультетінде жұмыс істеймін. 

Менің студенттермен бухгалтерлік есеп, қаржы және 

экономика саласындағы біліммен бөлісу мүмкіндігінің 

бар екендігінен зор қанағат тұтамын, әрі олар 

Қазақстандағы бизнес-көшбасшылардың жаңа ұрпағы 

үшін негізді құрайды. 

EY компаниясының тарапынан көрсетілген қолдау 

маған Астанада жай ғана келуші ретінде емес, 

Қазақстанның күн сайынғы дамуын тамашалап 

отырған резидент ретінде болуға мүмкіндік берді».



Кей Стайс  

PhD, EY компаниясының бухгал­

тер лік есеп және қаржы жөніндегі 

профессор, Жоғарғы бизнес 

мектебі, Назарбаев Университеті

Пол Кон 

EY компаниясының Қазақстандағы 

және Орта Азиядағы аудиторлық 

қызметтер практикасының 

жетекшісі



Бизнес әлемін жетілдірудеміз: біздің Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесіміз   

|

7



EY бизнес мектебі

EY бизнес мектебі — бұл студенттерге арналған жыл 

сайынғы тегін екі апталық курс. Бұл бағдарлама 

студенттерге мансапқа жету немесе келешекте бизнесті 

басқару үшін маңызды болатын білім алу мүмкіндігін 

береді. Бағдарламаға қатысушылар EY-дың корпоративтік 

мәдениеті жайында біліп, біздің жетекшілерімізбен 

танысады. Тренингтер тиімді ынтымақтастық, өнімділікті 

арттыру, мәмілелерді жасау, салық салу, ХҚЕС, 

тәуекелдерді басқару сияқты тақырыптарға арналған. 

Бағдарлама 2013 жылы басталды және содан бері 

140-тан астам студент бизнес-менеджменті жүргізу 

дағдыларына үйрену курсынан өтті.

Changellenge

Сондай-ақ EY соңғы төрт жылдың ішінде Қазақстанда 

Changellenge бағдарламасына демеушілік етеді. 

Changellenge — бұл бүкіл Қазақстаннан жиналған 

студенттер ат салысатын бизнес-кейстерді 

шешу конкурсы. Жарыс жас адамдарға бизнес-

процестер жайында көбірек білу және әлеуетті 

жұмыс берушілермен танысу мүмкіндігін береді. 

EY қызметкерлері студенттік командалардың 

жетекшілері ретінде, сондай-ақ байқаудың қазылар 

алқасында жұмыс істей отырып, дарынды студенттерді 

зор ықыласпен қолдап отырады. Жыл сайын компания 

өкілдері жобаға 50 сағаттан артық уақытын бөледі.




Кәсіпкерлер экономикалық дамуды ынталандырады, 

өмір сапасын арттырып, іскерлік ахуалдың жақсаруына 

және қоғам өмірі деңгейінің артуына ықпалдаса отырып, 

жұмыс орындарын құрайды, сондықтан EY компаниясы 

кәсіпкерлікті қолдау мәселелеріне көп назар бөледі. 

Қазақстанда EY 2007 жылы «Жыл кәсіпкері» конкурсын 

алғаш рет өткізді.

«Жыл кәсіпкері» конкурсының ұлттық сатысы EY 

компаниясы әлемнің 60 елінде өткізетін аттас халықаралық 

бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Бағдарлама 

шеңберінде кәсіпкерлердің экономикадағы керемет 

жетістіктері ынталандырылады. 

Конкурстың жеңімпаздары, Қазақстан

2007


2008

2010


2012

2014


Біз кәсіпкерліктің дамуына 

ықпалдасамыз

Қазақстанда өткен конкурс барысында финалға 

экономиканың түрлі секторлары мен ел өңірлерін білдіретін 

бизнестің барынша сәтті 80-нен астам өкілдері шықты. 

Конкурстың ұлттық жеңімпаздары Қазақстанды дәстүрлі 

түрде Монакода өтетін «Жыл кәсіпкері» байқауының 

халықаралық финалында білдірді.

|   


Бизнес әлемін жетілдірудеміз: біздің Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесіміз

8

Асқар Байтасов

«AB Restaurants», 

Басқарушы директор



Анатолий Попелюшко

«Рахат»,  

Президент

Андрей Лаврентьев 

«AllurGroup»,  

Басқарма төрағасы

Қайрат Мәжібаев

«RG Brands»,  

Президент

Нұрлан Смағұлов

«Astana Group», 

Президент



Біз жас кәсіпкерлерге алдарына қойылған мақсаттарға қол 

жеткізуге көмектесетін біліміміз бен тәжірибемізбен бөлісеміз. 

EY компаниясы MOST бизнес-инкубаторымен 2013 жылдан 

бері ынтымақтасып жұмыс істеп келеді. Биыл біз қазақстан-

дық стартаптармен — MOST Business Incubator акселерациясы 

бағдарламасының қатысушыларымен жұмыс істеуді жалғасты-

рамыз. EY қызметкерлері қаржыландыру көздерін іздестіру, биз-

нес-жоспарды әзірлеу, салық салу, ынталандыру және персо-

налға сыйақы беру мәселелері бойынша кеңес беріп отырады. 

Бизнес әлемін жетілдірудеміз: біздің Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесіміз   

|

9

Павел Коктышев, MOST жас кәсіпкерлер клубының тең 



негізін қалаушысы және жетекшісі

«Біз, MOST бизнес-инкубаторы, EY компаниясымен ұзақ 

мерзімді ынтымақтасып жұмыс істеп жатқанымызды мақтан 

тұтамыз. Бірнеше жыл бойы компания „Жаһандық кәсіпкерлік 

аптасы“ мен стартаптарға арналған акселерация бағдарламасы 

сияқты, біздің маңызды бастамаларымызды қолдап келеді. 

Біз EY компаниясының құндылықтарына ортақтасамыз, әсіресе 

кәсіпкерліктің қолдауына. Мен, кәсіпкерлер жұмыс орындарын 

құра отырып және ұлы идеяларды іске асыра отырып, әлемді 

өзгертетіндігіне сенімдімін».

«Жыл кәсіпкері»  

конкурсы жеңімпазының 

наградасы

Қазақстандағы «Жыл 

кәсіпкері» марапаттау 

салтанаты




EY компаниясы Қазақстандағы 

бизнес-ахуалдың жақсаруына 

ықпалдасу мақсатында үкіметтік 

органдармен, коммерциялық 

емес ұйымдармен және реттеуші 

органдармен ынтымақтасып жұмыс 

істеуге ұмтылып отыр.

Біз қолданыстағы бизнес-

платформалардың көмегімен диалог 

жасауға үлесімізді қосудамыз. 

Біз Қазақстан Республикасының 

Президенті жанындағы Шетелдік 

инвесторлар кеңесінің (ШИК) 

жұмысына белсенді қатысып 

келеміз. Ерлан Досымбеков, 

EY компаниясының Қазақстан және 

Орта Азия бойынша басқарушы 

партнеры, ШИК-тың инвестициялық 

саясат жөніндегі жұмыс тобының тең 

төрағасы болып табылады. Жұмыс 

тобы өз назарын инвестициялардың 

дамуына шоғырландырып, 

заңнамалық база мен нормативтік-

құқықтық ортаның жетілдірілуіне 

ықпалдасады.

EY компаниясы елде жұмыс 

істеп жатқан, сол сияқты әлеуетті 

инвесторлардың арасында 

сауалнама жүргізу форматында 

Қазақстанның инвестициялық 

тартымдылығына тұрақты зерттеу 

жұмыстарын жүргізеді. Мұндай 

зерттеулердің барысында EY жинап, 

талдайтын деректер компанияларға 

инвестициялық шешімдерді 

қабылдауға, ал мемлекеттік 

органдарға одан кейінгі экономикалық 

өсім үшін тосқауылдарды алып тастау 

шараларын әзірлеуге көмектеседі. 

EY компаниясы 2000 жылдардың 

басында Қазақстанда ХҚЕС-тің 

ендірілуіне ықпалдасты, оның ішінде 

қаржы және бухгалтерлік есеп 

саласында кәсіпқой мамандарды 

дамытуға және оқытуға ықпалдасады. 

Біз ұлттық және мемлекеттік 

компанияларда жұмыс істейтін 

бухгалтерлер мен қаржыгерлер 

үшін жыл сайынғы білім беретін 

семинарларды ұйымдастыра отырып, 

елде ХҚЕС-тің қолданылу тәжірибесін 

жетілдіруге үлес қосуымызды 

жалғастырамыз.

Біз Қазақстандағы  

бизнес-ортаның 

жақсаруына ұмтыламыз

Біз АХҚО биржасының құрылуына 

жәрдемдесу мақсатында «Астана» 

Халықаралық қаржы орталығының 

әкімшілігімен ынтымақтасып жұмыс 

істеудеміз.

Іскерлік қауымдастықтардағы 

мүшелігіміз:

• 

Қазақстандағы Американдық сауда 



палатасы;

• 

«Қазақстанның Шетелдік инвесторлар 



кеңесі» қауымдастығы;

• 

Қазақстанның жаңартылатын 



энергетика қауымдастығы;

• 

Қазақстанның салық төлеушілерінің 



қауымдастығы;

• 

Қазақстан қаржыгерлерінің 



қауымдастығы;

• 

Қазақстандағы Британдық сауда 



палатасы;

• 

Қазақстанның Еуропалық Бизнес 



Қауымдастығы;

• 

Еуразиядағы Канаданың іскерлік 



қауымдастығы;

• 

Салықтар мен инвестициялар 



жөніндегі халықаралық орталық;

• 

Германия экономикасының одағы.



|

   Бизнес әлемін жетілдірудеміз: біздің Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесіміз

10



Бизнес әлемін жетілдірудеміз: біздің Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесіміз   

|

11




Біз білімімізбен бөлісеміз

EY шешуші инвестициялық және экономикалық форумдарды 

үнемі қолдап отырады. Біз халықаралық тәжірибемен және 

салалық біліммен алмасу, сондай-ақ бизнес-қауымдастыққа 

нормативтік-құқықтық ортадағы өзгерістерге қатысты 

мәселелер жөнінде ұсынымдарды беру мақсатында өзінің 

кәсіби мамандануы бойынша іс-шаралар мен семинарларды 

өткізіп отырамыз. Біз іскерлік ортаның өкілдері үшін бизнестің 

тұрақты дамуы туралы материалдарды тұрақты жариялап 

отырамыз. Оқиғаларымыз бен жарияланымдарымыз туралы 

барынша толығырақ: www.ey.com/Kazakhstan.

Біз бизнес пен қоғамның тұрақты дамуына 

өз үлесімізді қосудамыз 

EY елдің тұрақты дамуына жәрдемдесу мақсатында үкіметпен 

және халықаралық институттармен ынтымақтасып жұмыс 

істеуде. Біз айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық ықпалы бар 

жобаларға үлесімізді қосудамыз.

|   


Бизнес әлемін жетілдірудеміз: біздің Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесіміз

12



Адами капитал мен мемлекеттік сектор әлеуетін күшейту

• 

Біз Министрліктің операциялық қызметінің тиімділігін 



жақсарту бағыты бойынша, автоматтандыру деңгейін 

арттыруды қоса алғанда, ең үздік халықаралық тәжірибелер 

мен стандарттардың негізінде Білім беру және ғылым 

министрлігімен ынтымақтасып жұмыс істедік.

• 

Біз Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне 



Қазақстанда барынша тиімді еңбек нарығын құруға 

бағытталған кәсіптік стандарттарды ендіру әдістемесін 

әзірлеуге жәрдемдестік.

• 

EY-дың Бизнес академиясы Қазақстанның кәсіптік білім 



беру нарығында көшбасшы болып табылады және 

қазақстандық компаниялардың 12 000-нан астам маманы 

үшін тренингтер өткізді. Біз кәсіптік дамуға қолдау көрсетіп, 

қаржы, бухгалтерлік есеп, жобаларды басқару саласындағы 

тренингтерді, сондай-ақ дербес даму жөніндегі тренингтер 

мен ACCA, CFA, CIA, PMP, IPMA, CIMA, DISC, MBTI сияқты 

және басқа да халықаралық біліктіліктерді алу үшін даярлық 

бағдарламаларын өткізіп отырамыз.

Басқаруды және реттеуді жетілдіру

• 

Жетекші кеңес беруші ретінде біз Қаржы министрлігімен 



және Дүниежүзілік банкпен бірлесіп салықтық әкімшілік ету 

жүйесін жетілдіру жобасында жұмыс істедік.

Тұрақты даму 

• 

Біз мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының 



қауымдастығы — Kazenergy-ге мұнай және газ өнеркәсібінің 

елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етуін 

бағалауға қолдау көрсеттік. 

• 

Біз Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығына қаржы 



саласының ҚР экономикасына қосқан толық әлеуметтік-

экономикалық үлесін бағалауға көмектестік. 

• 

Біз Қазақстанның басым секторларын айқындау бойынша, 



сондай-ақ елде «жасыл» экономикалық өсімді қолдау үшін 

институционалдық және қаржылық мүмкіндіктерді талдау 

бойынша БҰҰДБ-мен (Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму 

Бағдарламасы) жұмыс істеді, мұнда «жасыл» экономика 

жобаларының ендірілуі барынша қомақты оң әсер 

беруші еді.

• 

Біз қаржылық емес есептерді дайындау стандарттарына 



оқыта отырып, Қазақстанның квазимемлекеттік және 

коммерциялық секторларының ұйымдары үшін көптеген 

тренингтер өткіздік. 

• 

Біз Қазақстандағы бірнеше ұлттық компанияға еңбекті 



қорғау, қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік 

қауіпсіздік саласындағы бизнес-процестерді 

ұйымдастыруға жәрдемдестік. 

Инфрақұрылым және қалаларды дамыту 

Кеңес берушілер ретінде біз қала мен инфрақұрылымның 

дамуына қатысты жобалардың бірқатары бойынша 

ЕДҚБ-мен, МФК-мен және БҰҰДБ-мен жұмыс істедік, 

оның ішінде:

• 

Алматының жеңіл рельсті көлігі (ЖРК). Жобаның 



мақсаты — Алматыда ЖРК жүйесін жасау, әрі ол 

атмосфераға көмірқышқылды газдың тасталу деңгейін 

азайтуға және қоғамдық көлікті пайдаланатын 

азаматтар үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын 

жақсартуға мүмкіндік береді. 

• 

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ). 



Бұл «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» жобасының 

бір бөлігі болып табылатын және елдің транзиттік 

әлеуетін ашуға бағытталған Қазақстандағы маңызды 

ГЧП-жобасы. 

• 

Тарифтік реформа. Бұл реформа реттеу тиімділігі 



мен айқындылығын арттыруға, инфрақұрылымды 

жаңартуға және энергетика, коммуналдық, көлік және 

телекоммуникация секторларына салынатын жеке 

инвестицияларды ынталандыруға бағытталған.

Бизнес әлемін жетілдірудеміз: біздің Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесіміз   

|

13




Біз қоғамның дамуына жеке 

үлесімізді қосудамыз 

Біздің қызметкерлеріміз компанияның қайырымдылық 

бастамаларының іске асырылуына еңбек, сол сияқты 

жеке уақытын бөле отырып, қоғамның тіршілігіне 

белсенді араласуда. 2016 қаржы жылы біз келесі 

ұйымдар мен әлеуметтік топтарға қолдау көрсеттік: 

• 

Зейнеткерлер мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері



• 

«АРДИ», Мүгедей-балалардың ата-аналарының 

қауымдастығы 

• 

«Даму-Көмек», кәсіпкер-мүгедектерді қолдау 



бағдарламасы

• 

Астана қаласының «№1 Психологиялық-



педагогикалық түзету кабинеті» ҚММ 

• 

«Ана Yйi» (Дом Мамы) қоғамдық қоры 



• 

«Балам-ай» қоғамдық қоры, айрықша 

мұқтаждықтары бар балалар мен жасөспірімдерді 

әлеуметтік қолдау орталығы

• 

«Здоровая Азия» Онкологиялық ауруларды 



қолдаудың қоғамдық қоры 

• 

«Кеңес» Кешенді оңалту орталығы



Біз көмірқышқылды газдың тасталуын 

азайтуға ұмтыламыз 

Осыған қосымша, біз клиентке және нарыққа төмен 

көміртекті экономикаға ұмтылуына көмектесеміз, 

біз көлікті пайдаланудың орнына аудио-және 

бейнеконференцияларды өткіземіз, жылуды, энергияны 

және қағазды тұтынуды азайту бағдарламаларын, 

сондай-ақ батареяларды кәдеге жарату және офисте 

қоқысты бөліп тастау бағдарламаларын іске асырамыз.

|   

Бизнес әлемін жетілдірудеміз: біздің Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесіміз



14

EY компаниясымен достасып, жаңалықтар, 

іскерлік  оқиғалар, заңнама шолулары мен 

нарықтағы үрдістер жайлы хабардар болыңыздар. 

      Facebook: EY Kazakhstan 

      Instagram: @EYKazakhstan




Бизнес әлемін жетілдірудеміз: біздің Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесіміз   

|

15




EY  |  Assurance | Tax | Transactions | Advisory 

EY компаниясы туралы қысқаша ақпарат

EY аудит, салық салу, мәмілелерге ілеспе қызмет 

көрсету және кеңес беру саласында халықаралық 

көшбасшы болып табылады. Біліміміз бен қызмет 

көрсету сапамыз әлемнің түрлі елдеріндегі капитал 

нарықтары мен экономикаға қатысты қоғамның сенімін 

арттыруға көмектеседі. Біз ұжымымыздың мойнына 

алған міндеттемелерін әрдайым орындауына басшылық 

жасайтын озық көшбасшыларды қалыптастырамыз. 

Осылайша, біз қызметкерлеріміздің, клиенттеріміздің 

және бүтін қоғамның игілігі үшін іскерлік ортаны 

жақсарту ісіне айтарлықтай үлесімізді қосамыз. 

Біз ТМД елдерінің компанияларына бизнес-

мақсаттарына қол жеткізуге көмектесе отырып, олармен 

өзара әрекет етеміз. Фирмамыздың 20 офисінде 

(Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Новосибирскіде, 

Екатеринбургте, Қазанда, Краснодарда, Тольяттиде, 

Владивостокта, Дондағы Ростовта, Оңтүстік Сахалинде, 

Алматыда, Астанада, Атырауда, Бішкекте, Бакуде, 

Киевте, Ташкентте, Тбилисиде, Ереванда және 

Минскіде) 4500 маман жұмыс істейді. 

EY атауы ғаламдық ұйымға жатады және әрқайсысы 

жеке заңды тұлға болып табылатын, Ernst & Young 

Global Limited құрамына кіретін бір немесе бірнеше 

компанияға жатуы мүмкін. Ernst & Young Global 

Limited — Ұлыбританияның заңнамасына сәйкес 

құрылған заңды тұлға, — оның қатысушыларының 

кепілдіктерімен шектелген компания болып табылады 

және клиенттерге қызмет көрсетпейді. Толығырақ 

ақпарат ey.com сайтында берілген.

© 2017 «Эрнст энд Янг» ЖШС. 



Барлық құқықтар қорғалған.

жүктеу 3,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау