Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



жүктеу 8,24 Mb.
Pdf просмотр
бет98/219
Дата19.11.2018
өлшемі8,24 Mb.
#21110
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   219

209 

 

сабағын ғана арнай алады (кӛп ретте бір сабақтың ӛзі жеткілікті).  



Оқушылардың  оқу  мақсаттарының    жетістіктері  кері  байланыс  арқылы 

беріледі. 

Кері  байланыс-дегеніміз  кӛздеген  мақсатқа  жетелейтін  нақтылы  іс-

әрекеттер  жӛнінде  комментарийлер  айту  және  алу.  Оқушыларға  ӛткен 

жұмыстарына  қатысты  олардың  міндеттерін  қаншалықты  жақсы  орындағанын 

айту  маңызды.Оқушыларға  ӛздерінің  қалай  оқып  жатқанын  түсіну  қажет. 

Оқушыларға  ӛздерінің  оқуында  туындайтын  мәселелерді  анықтау  және 

қарастыру тәсілдерін табуға кӛмектесу керек.  

Сабақ  үстіндегі  кері  байланыстар  бірнеше  бағытта  ӛтілуі  тиіс:  мұғалім-

оқушылар,оқушы-оқушылар,мұғалім-оқушы,оқушы-оқушы.  Ол  ауызша  және 

жазбаша түрінде отеді. 

Кері байланыстың түрлері: 

 

Жазбаша түсініктемелер 



 

Бақылаулар 

 

Сұрақ-жауап 



 

Сұрақтар қою 

 

Кері байланыс күнделіктері 



 

Ӛзің-ӛзі бағалау дәптерлері 

Жазбаша  кері  байланыс-  оқушының  жазба  жұмыстарының  нәтижесі 

бойынша берілген  нақты түсініктемелер. Мұғалім оқушыға түсініктемені беру 

барысында  ӛз  қателерін  тауып,  түзетуге  мүмкіндік  беру  керек.Мұғалім  кері 

байланыс  жасау  барысында:оқушыға  қай  жұмысты  жақсы  орындағанын 

кӛрсетіп    айту,  оқушыларға  қателер  болған  жағдайда,  оларды  жоюға  ұсыныс 

жасау керек. 

Ауызша  кері  байланыс-оқушының  жұмысына    бақылау  барысында 

ауызша берілетін түсініктемелер.Бұл жерде кері байланыс толық немесе қысқа 

берілуі мүмкін. 

Мұғалімнің түсініктемелері бұл нұсқау бойынша берілуі мүмкін: 

 

Дұрыс  жауап  берген  кезде:  «Рахмет,  сенің  жауабың  дұрыс», 



«Жарайсың»,  «Рахмет,  Алинаның  жауабына  назар  аударайықшы. 

Ол ӛз ойын толық айта білді». 

 

Дұрыс  жауап  бермеген  кезде:  «Рахмет,  біршама  жақсы,  әлі  де 



ойлана тұр». 

 

Кері  байланыс  мұғалімге  және  оқушыға  ӛз  қателерін  кӛруге  және 



оларды жоюға кӛмектеседі. 

Оқу  мақсатына  қол  жеткізуге  талпынатын  оқушылар  жетістікке  жетуі 

үшін  мұғалімнің  кері  байланыста  кӛрсеткен  нұсқауларын  үнемі  ескеріп 

отырғаны жӛн. Сол секілді оларға оқу мақсатына қол жеткізу үшін екінші рет 

мүмкіндік берілуі керек.  

Мұғалімнің міндеті оқушыны  ӛз жұмысының нәтижесін бағалауды білу 

және  ӛз  қателерін  кӛру  дағдыларын  қалыптастыру.  Бұл  міндеттерге  жетудің 

тиімді жолдары ол: ӛзін-ӛзі бағалау және ӛзара бағалау түрлері. 

Оқушылар  ӛзара  бағалау  арқылы  алған  білімдерін  пысықтап,  әрі  қарай 



210 

 

дамытуға мүмкіндік береді. 



Оқушыларға  ӛзін-ӛзі  бағалау  парағы  таратылады.  Оқушы    кестеге 

орындаған  тапсырмаларын  тексеріп,таңбалар  қояды.  Дұрыс  «+»,  қате  «-». 

Тексеріп болған соң қорытындысын шығарады. 

 

Ӛзін-ӛзі бағалау парағы 



Оқушының аты-жӛні: 

 

«+», «-» 



Теңдіктерді білемін 

 

Теңсіздіктерді білемін 



 

Теңдік пен теңсіздіктерді ажырата аламын 

 

 

Оқушылардан күтілетін жауап: 



 

Мен  ӛзіме  барлық  жерге  қосу  таңбаларын  қойдым,  ӛйткені  мен 

теңдікті, теңсіздікті, оларды бір-бірінен ажыратуды білемін. 

 

Мен,  теңдік  пен  теңсіздікті  ажырату  бағанында  ӛзіме  азайту 



таңбасын  қойдым,  ӛйткені  мен  теңдік  не  екенін  білемін,  бірақ 

теңсіздікті  білмеймін,  сондықтан  теңдікті  теңсіздіктен 

ажырата алмаймын. Келешекте теңсіздікті білу үшін жұмыстар 

жасау керектігін түсіндім. 

Ӛзін-ӛзі  бағалау  оқушылардың  тұлға  ретінде  ӛсуіне  маңызды  болып 

келеді. Мысалы, оқушылардың санды, әріпті ӛрнектер, теңдік пен теңсіздіктер 

жайлы білімдерін пысықтау  үшін тапсырма берілетіні айтылады. 

Тапсырма  берілмес  бұрын,  оқушыларға  «Жетістік  жолы»  кӛрсетіледі. 

Оқушылар  бұл  тақырып  аумағында  қандай  орында  тұрғанын  анықтайды 

(білмеймін, білемін, түсінемін, орындаймынбасқаларға  кӛмектесе аламын). 

 

 



 

Оқушылар ӛз орындарын анықтап болған соң, мұғалім тапсырма береді. 



І. «Білмеймін» нүктесінде тұрған оқушыларға1 тапсырма - Оқушыларға 

қима  қағазда  жазылған  теңдік  пен  теңсіздіктер  беріледі.  Оқушылар  ӛз  қалауы 

бойынша оларды екі топқа бӛледі. 

ІІ. Оқушыларға тура теңсіздік құруға тапсырма беріледі. 

 «Білемін»  нүктесінде  тұрған  оқушыларға2  тапсырма  -  Оқушыларға 

жұмыс  парақтары  таратылады.  Парақтың  сол  жағында  теңсіздік  берілген, 

теңсіздіктің  бір  саны  белгісіз.  Оқушылар  оң  жағындағы  сандардың  арасынан 

бұл теңсіздікке сәйкес келетін санды қоршап алады. 

ІІІ.  Оқушыларға  әріпті  ӛрнектегі  әріптің  орнына  сан  қойып,  мәнін 

табуға тапсырма беріледі

«Түсінемін,  орындаймын»  нүктесінде  тұрған  оқушыларға3  тапсырма  - 

Оқушыларға қағазда жазылған әріпті ӛрнектер беріледі. Оқушы әріптің орнына 

берілген сандырды қойып, мәнін табады. 

«Басқаларға  кӛмектесе аламын» нүктесінде тұрған оқушыларға: 



211 

 

ІV.  Оқушыларға  ӛз  ойларынан  үш  теңсіздік  құрастыруға  тапсырма 



беріледі. 

Оқушыларға  тапсырмалардың  дұрыс  орындалған  нұсқаулары  беріледі. 

Оқушылар тексереді.Тапсырмаларды тексеріп болған соң ,оқушылар «Жетістік 

жолына»  қайтадан  оралады.Оқушылар  ӛз  таңдауларын  дәлелдейді.Күтілетін 

жауап: 

  -Мен,  үшінші  орынға  тұрдым.  Ӛйткені  бұл  тапсырманы  орындау 



барысында  мен  теңсіздіктерді  қалай  құрастыратынын  білемін, 

тапсырманы түсінемін және дұрыс орындадым. 

  -Мен,  екінші  орында  тұрдым.Ӛйткені  теңсізідіктер  не  екенін 



білсем  де,  оларды  дұрыс  құрастыра  алмадым.  Яғни,  сәйкес 

сандарды таба алмадым. 

Мұғалім  ҚБ  жоспарлануы  тікелей  оқу  мақсаттарына  байланысты  екенін 

ұмытпау  керек.  Мұғалім  осы  ҚБ  –да  оқушылар  қандай  білім  алу  керектігін 

шешіп  болғаннан  кейін,  ол  оқу  жоспарына  сүйене  отырып,тапсырмаларды 

ойластырады.  ҚБ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ӛтуі тиіс.  Бірқатар дағдыларды 

дамытып,  бағалауды  топтық,  жұптық    жұмыстар    бірден-бір  қолайлы  тәсіл 

болып  табылады.  Мұғалім  әдеттегідей  оқушыларды  оқу  мақсаттарымен 

таныстыру  тиіс.  Осы  кезде  оқушылардың  барлығы  топта  жұмыс  істеп 

отырғаннан    мұғалімге  барлық  оқушыларды  бағалап,  кері  байланыс  жасауға 

қиынға түседі. Сол кезде мұғалім не істеуі тиіс? 

Сол кезде мұғалім «бақылаушы» рӛлін атқарады.Мысалы, қазақ тілі және 

әдебиеті пәні бойынша «қарапайым сӛздер   мен сӛйлемдерді  буындап, тұтас 

дауыстап  оқиды»  деген  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін    мұғалім  оқушыларға 

шағын мәтін береді. Сол мәтінге сай суреттер беріледі. Оқушы әр суретке сай 

сӛйлемді  оқиды. 

Мұғалім  бақылау  күнделігіне  бір  белгілі  таңбалар,  символдар  немесе 

геометриялық  фигуралар  арқылы  оқушылардың  іс-әрекетін,  олардың  айтқан 

сӛздерін түртіп алады. 

Таңбалардың анықтамасы: 

 

-  тӛмен                       -орташа                        



-жоғары 

 

Әрине,  бұл  жазбаны  жүргізу  үшін  барлық  оқушыларды  бақылап  жүруге 



қиын  болады.  Сондықтан  мұғалім  ӛзі  үшін    қай  оқушыларды  бақылайтынын 

анықтап алуы тиіс. 

Топтық  жұмыс  барысында  мұғалім  топтың  жұмысын  емес,  жеке 

оқушыларды бағалайтынын ескеру керек.  

Мұғалім  оқу  жетістіктері  бойынша  дәлелдемелерді  оқушының  жеке 

портфолиосына жинастырады. 

Оқушының портфолиосында келесі дәлелдемелер жатуы мүмкін: 

 

үй жұмыстары; 



 

карточкалар; 

 

мұғалімнің жазбалары; 




жүктеу 8,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау