194
Этномәдени білім берудің сипаттамасы және оның негізгі категориялары:
• этномәдени даму,
• этномәдени тәрбие,
• этномәдени оқыту.
Әдебиеттер:
1. Жақсыбай Самрат
http://egemen.kz/2014/12/25/45835
2. Әбілдина С.Қ., Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім беру тарихы.
Қарағанды: Гласир баспаханасы, 2008. - 79 б.
3. Наурызбай Ж.Ж. Этнокультурное образование.-Алматы: Гылым, 1998.-
69 с.
БІЛІМБЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Нурмуканова Ж.Ж.
№18 орта мектебі, Кӛкшетау қ., Қазақстан
Zumagul_879@mail.ru
Қазіргі танда біздің Республикада білім берудің жаңа жүйесі
дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігінде енуге батыл қадамдар
жасалынуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды технологиялық-
педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру
деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсаты – үйрете жүріп,
үйрену. Білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану
стилін, оқтыу әдістемесін ӛзгертеді. Аталмыш мақалада жаңа
технологияларды қолданудың маңыздылығы қарастырылған.
«Еліміздің ертеңі -бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың
тағдыры-
ұстаздың
қолында»-деп
,білім
қызметкерлерінің
бірінші
құрылтайында сӛйлеген сӛзінде Елбасы айтқандай, ұстаздарды ӛз Отанын
шексіз сүйетін, еліміздің болашығына, оның гүлденуіне аянбай үлес қосатын
білімді жеткеншектерді даярлау міндеттері күтіп тұр. Бүгінгі басты мәселеміз
– білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы- білім беру
жүйесінде
түрлі
ақпараттық
технологияларды
қолдану.
Келешек
қоғамымыздың
мүшелері-жастардың
бойында
ақпараттық
мәдениетті
қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану — заман талабы. Қазіргі
жаңа талаптар оқушыға емес, қазіргі заман мұғаліміне қойылады, мұғалімдер
тек «сабақберуші» ғана емес, баланың оқу ортасын құра алатын адам болуы
керек. Білім беру деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсаты
үйрете жүріп, үйрену. Білім беру саласында озық технологиялардың енуі
195
мұғалімнің ойлану стилін, оқыту әдістемесін ӛзгертеді.
Шәкірттің жеке тұлға ретінде дамуына ұстаздың ӛткізген әрбір сабағы
шешуші рӛл атқарады.Оқушы білімінің сапалы болуы ұстазының дәріс беру
шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне, яғни кәсіби
құзіреттілігіне тікелей байланысты.Оқушы үшін мектепте оқытылатын әрбір
пәннің орны ерекше.Ал оқушының пәнге қызығушылығын арттыру үшін әр
сабақты дұрыс ұйымдастыру, педагогикалық шеберлікті үнемі ізденістермен
жаңартып отыру әр ұстаздың міндеті болу керек. Ол:күнделікті сабақты
таңқаларлықтай ӛткізу (Әсіресе сабақтың кіріспе бӛлімінің ерекше
ұйымдастырылуы, бұрын соңды болмаған ойын түрлерін қолдану,сӛзжұмбақ,
ребустар пайдалану, проблемалықпен оқыту, ӛмірмен ұштастыру, әрбір
оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау)
Мектепте тіл-әдебиетті оқытуда ұстаздар алдында оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттың рухани санасын қалыптастыру, олардың
әдебиетке деген құштарлығын ояту,әсемдікке баулу, шығармашылық қабілетін
арттыру,ғылыми ізденістерге жетелеу, ақыл-ойын, сӛздік қорын, тілін дамыту
міндеті қойылған.
Жаңа ақпараттық технологияларды сабақта қолдануда келесі
нәтижелерге қол жеткізуге болады:
1. Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
2. Тіл байлығын дамытады;
3. Ӛз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
4. Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс
істеуге тәрбиелейді.
5. Ӛз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы
меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.
«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына»
деген ғұлама Баласағұнның айтқандай әр бір мұғалім күнделікті сабағына ӛмір
талабына сай дайындалып ақпараттық – коммуникациялық технологияларды
кеңінен пайдалануы тиіс.
Тіл-әдебиет сабақтарында оқушылардың танымдық-белсенділіктерін
арттыруда-деңгейлеп-саралап оқыту, проблемалық сұрақтар арқылы дамыта
оқыту, оқытуды ӛмірмен ұштастыру,әр оқушының шығармашылықпен жұмыс
істеуіне жағдай жасау басты әдістердің бірі. Сондықтан да әр сабақтың басты
міндеті-білім алушының танымдық құзырлылығын дамыту. Ол үшін
мыналарды ескеру қажет:
-Оқушының материалды қабылдау ерекшелігін ескеру.
-Оқыту үрдісіндегі ашықтық, еркіндік.
-Оқушының тұлғалық қасиетін қалыптастыру
-Жеке дара оқыту үрдісін ұйымдастыру.
Танымдық қабілетті арттырудың жолдары:
-Ақпаратты ӛмірмен ұштастыру, байланыстыру
-Мәселелік жағдаятты туғызу.
-Салыстыру, талдау, жинақтауды үйрету
196
Жоғары сыныптарда әр пәннің оқушыларға берер танымдық тәрбиесі мол
десек, соның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оқушылардың ақыл-ой,
танымдық қабілетін дамыту мүмкіндігі зор.
Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына кӛмектесетін оқыту
стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен
танысу барысында V – ―білемін‖, ― - ―мен үшін түсініксіз‖, + - ―мен үшін жаңа
ақпарат‖, ? – ―мені таң қалдырады‖ белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.
INSERT – оқығанын түсінуге, ӛз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге
үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау,
мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға
жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, ӛмірмен ұштастыра алмау жиі
кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған
кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.Үйретушілер білетіндерін
анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы
жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында кӛпірлер құрастыруға, яғни
байланыстар құруға дағдыландырады.
Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, ӛзіне,
басқаға сын кӛзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар ӛз ойларын, ӛздері
байқаған ақпараттарды ӛз сӛздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-
бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, ӛз үйрену жолын, кестесін
жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену
сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа ӛзгерістер жасайтын кезең болып табылады.
Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты
құрылымға жетелейді.
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған ―Бес жолды ӛлең‖, ―Венн
диаграммасы‖, ―Еркін жазу‖, ―Семантикалық карта‖, ―Т кестесі‖ сияқты
стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала
қолданылады.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында осындай инновациялық
технологияларды пайдалану оқыту тиімділігін арттырады. Ғылым мен
техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл-ой
мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің
басты міндеті болып тұр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару
мұғалімнің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен
келмек. Сондықтан әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны
дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын
жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы
қажет. Ӛйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін
ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Сондықтан ӛтілгелі отырған тақырыппен сабақтас келетін қызықты
оқиғалар, ақын-жазушылар ӛмірінен қосымша мәліметтер, естеліктер,тарихи-
деректі әңгімелерді қызықты етіп әңгімелеу немесе оқушылардың ӛздерінің
олармен танысуына кеңес беріп отыру үнемі қажет. Мұндай жұмыс олардың
пәнге деген қызығуын арттырады, әдеби шығармаларды оқу, ӛмірбаяндары