88
Оқыту нәтижелерінің сипаты ішкі бағалау және сыртқы бағалау деп екіге
бӛлінеді. Ішкі бағалауға ішкі аудиторлар арқылы білім беру бағдарламаларын
сараптау, білім беру бағдарламаларын ӛзіндік бағалау жатады. Сыртқы
бағалауға білім алушылардың жетістіктерін ішкі тексеру, аттестациялау,
Республикалық аккредитациядан ӛткізу, халықаралық аккредитациядан ӛткізу
жатады.
Білім беру бағдарламасы бойынша түлектер тӛмендегілерді меңгеруі қажет:
Түрлі ғылым саласы бойынша теориялық білімдерін интеграциялай алу
мүмкіндігін таныту және қиын мәселелерді ӛздігінен шеше алу;
Қолданылатын әдістеме мен әдістердің шегін жан-жақты түсіну;
Кәсіби міндеттерді шешу, зерттеу мен ғылыми жобаларды жасау,
практикалық іскерлігін дамытуда ӛз білімі мен білігін пайдалана алу.
Білім беру бағдарламаларын қалыптастыру моделіне еңбек нарығының
қажеттілігін талдау, білім беру бағдарламаларының қажеттілігін растау, жұмыс
берушілер Одақтастығын ұйымдастыру, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру,
білім беру бағдарламаларының траекторияларын анықтау, пәндерді
модульдерге кіріктіру, ақпараттық қорды қалыптастыру, үздіксіз кәсіби
тәжірибені ұйымдастыру, түлектердің еңбекпен қамтамасыз етілуін талдау
(бағдарламаға сәйкес), бағдарламаның тұрақты дамуының мониторингісі кіреді.
Үздіксіз білім беру тұжырымдамасының ұстанымы да – осы.
Ал Дублин дескрипторлары дегеніміз – циклды аяқтаған білім алушы нені
білуі керек, нені түсінуі керек, нені үйренуі керектігін сипаттау кӛрсеткіші
немесе білу және түсіну, білгенін және түсінгенін қолдану, коммуникативтік
құзыреттілігін шыңдау, ӛз пікірін айта білу.
Ол үшін жұмыс берушілермен әрекеттестікте оқытудың теориясы мен
практикасының сабақтастығын нығайту мақсатында кафедра филиалдары,
дуальды (қос) практика, экспериментальды алаң сияқты бірнеше жұмыс
формаларын енгізуге болады.
Бұл жұмыс формаларының білім беру бағдарламаларын құрастыруда,
кәсіби практиканы ұйымдастыруда, оқу процесін әдістемелік тұрғыдан бірлесіп
қамтамасыз етуде (семинар, конференция ұйымдастыруда, оқу-әдістемелік
құралдар шығаруда),ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуде ғылыми-методикалық
сипатта тиімділігі зор.
Әрі енгізілген жұмыс формалары ЖОО-да кәсіби шыңдалған студенттерді
дайындау мен ӛзара әрекеттестіктің жаңа белесіне апробация жасауға
мүмкіндік береді.
Мәселен, экспериментальды алаң құрудыңӛзектілігі: дәстүрлі білім
берудегі басымдылықтар мен құндылықтардың ӛзгеріске ұшырауы, ұлттық
және адамзаттық құндылықтарға негізделген жаңа білім философиясының
қалыптасуына ықпал етуінде, педагог мамандардың білім сапасын жетілдіру
бағытындағы жоғары деңгейдегі педагогикалық ізденістік және проблемалық
зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігінің тууына сай
жұмыстануына ықпал етуінде.Әрі менеджмент және маркетинг жетістіктері
негізінде білім сапасын басқару теориясы мен тәжірибесінің дамуы, білім беру
89
жүйесіндегі сабақтастық пен интеграциялық үрдістің маңыздылығының
артуына ықпал етуінде, оқу орындарына енгізіліп жатқан алдыңғы қатарлы
оқыту технологиялары мен жаңа әдістемелік жобалардың тиімділігін
насихаттай алуында.
Экспериментальды алаңның мақсаты: кредиттік оқыту жүйесі бойынша
білім беру бағдарламасы негізінде тіл табысу, коммуникативтік құзіреттілігі
дамыған мамандарды дайындауды жетілдіру әрі оқыту үдерісіне инновациялық
технологияларды енгізу, педагогикалық ізденістер негізінде сапалы білім мен
жаңа мазмұндағы сауаттылықты қамтамасыз ететін отандық және шетелдік
ғылым мен тәжірибе жетістіктерін терең меңгеру және тиімді пайдалану,
оқытудағы бірізділікті жойып, студенттермен жұмыста филология мамандығы
бойынша болашақ ұстаздың дербес мүмкіндіктерін дамыту арқылы білім
сапасын кӛтеру болып табылады.
Ол теория мен практиканың бірлігін нығайту, яғни қазақ тілі мен әдебиеті
мамандығы бойынша тілдік білік пен коммуникативтік біліктің қатар
қалыптасуына жол ашады. Әрі білім мазмұны мен білікті қалыптастыру
жүйесіндегі сатылы-сабақтастықты сақтау, яғни тереңдетілген білім
мазмұнында қазақ тіл білімі салаларының бір-бірімен ұштастырыла берілуін
қамтамасыз ете отырып оқытуымен қатар, сол білімді тілдік білікпен
сабақтастыруға мүмкіндік береді. Білім мазмұнының қоғамдық-әлеуметтік
сұраным талаптарына сәйкестігі, тілдік білімнің болашақ маманның ӛзіндік
кӛзқарастары мен дүниетанымын жетілдірудің басты факторы бола алады.
Осы тұрғыдан келгенде, «Жалпы орта білім берудің тұжырымдамасында»
атап кӛрсетілгендей, бағдарлы оқытуды енгізу елеулі жаңалықтардың біріне
жатады. Болашаққа бағдарланған білім моделі болып табылады [5].
Әдебиеттер:
1. Осипов В.Г. Социально-философский анализ современной концепции
неприрывного образования. Ереван, 1989.
2. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы // «Арқа ажары» №6 (17417), 18 қаңтар, 2014 ж.
3. Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді
дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2010.
4. ҚР МЖМБС 5.04.019–2011 «Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі
ережелер». - Астана, 2011 ж. – 5 б.
5. Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру
тұжырымдамасы//Қазақстан жоғары мектебі. – 2004. №1.