Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



жүктеу 8,24 Mb.
Pdf просмотр
бет36/219
Дата19.11.2018
өлшемі8,24 Mb.
#21110
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   219

82 

 

пайдалана алмайды.  Осы орайда оқушыға жаттанды теорияны беріп қоймай, іс 



жүзінде практикада қолданатын біліммен қаруландыру керек екені айдан анық 

кӛрініп  тұр.  Сол  себептерді  ескере  отырып,  "Қазақ  тілі  сабағында  формативті 

бағалау  арқылы  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  арттыру"тақырыбын 

баяндамаға  негіз  етіп  алдым.  Неліктен  осы  тақырыпты  таңдап  алдым  десем, 

"Сыныптағы  бағалау  тек  қана  техникалық  тәсіл  емес.  Мұғалімдер  жазбаша 

немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген 

нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті 

емес  нормалар  мен  стандарттар  ғана  емес,  сондай-ақ  баланың  дамуы,  оқуды 

және  ынтасы  туралы  түсінік,  сонымен  қатар  ӛзі-ӛзі  бағалау,  қабілеттілік  және 

күш-жігер  сияқты  ұғымдарға  қатысты  құндылықтар  жатады",  -  деген 

Александердің,  2001  [МАН:  104]  идеясы  түрткі  болды.  Сонымен  қатар,  

мектептегі мынадай жайттарды негіздеме етемін: 

 -  сабақ  барысында  оқушылардың  білімін  бағалауы  біржақты  болуының 

салдары, 

- формативті бағалау мүмкіндіктерін  дұрыс пайдаланылмау. 

-  оқушылардың  бірін-бірі  бағаламауы.  Негіздемені  түйіндей  келе  қазақ 

тілі мен әдебиеті сабағында формативті бағалауды қолдана отырып, оқушының 

тақырыпты  меңгерудегі  кемшіліктерін  жою  арқылы  оқу  үлгерімінің  артуына 

ықпал етеді деген ойдамын. 

Формативті  (қалыптастырушы)  бағалау  оқушының  сабаққа  деген 

ынтасын  кӛтеріп  қана  қоймай,  оның  сабаққа  деген белсенділігін  арттыратыны 

сӛзсіз.    Сабақ  барысында  оқушы  ӛзінің  білім  деңгейін,  сабаққа  қаншалықты 

белсенді  қатысып  отырғанын  анықтап  қана  қоймай  танымдық  қабілеті, 

қызығушылығы  артып  отыратынына  кӛзім  жетті.  Оқуды  жақсарту  үшін 

мүмкіндіктерін, сондай-ақ осы мүмкіндіктерді іске асыру әдістері мен түрлерін 

анықтауға  бағытталған  бағалау  қалыптастырушы  немесе  оқу  үшін  бағалау 

болып  табылады.  Оқу  үшін  бағалау  –  бұл  білім  алушылар  ӛздерінің  оқудың 

қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейде 

қалай жету  керек  екендігін  анықтау  үшін  оқушылар  мен олардың мұғалімдері 

қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. [МАН: 106].  

Бағалау  -  сабақ  үрдісінің  маңызды  факторларының  бірі.  Бағалау  әр 

сабақта маңызды рӛл атқаратыны белгілі.  

Формативтік  бағалауға  дәстүрлі  сабақ    беріп  жүрген  кезде,  мен  сонша 

кӛңіл  бӛлмеген  едім.  Ал  қазіргі  таңда  оқушыны  болмашы  ғана  қолдап  немесе 

мадақтап жіберу оқушының танымдық қабілетіне зор ықпал етеді.  

Оқуды тиімді бағалау және білім беру үшін тиімді бағалауды түсіну білім 

беру  мен  оқытудағы  барлық  жаңа  тәсілдермен  тығыз  байланысты.  Балалар 

ӛздерінің  түсініктерін  құра  алатын  белсенді  оқушылар  болатын  болса,  онда 

мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу аса маңызды, 

ӛйткені ол оқыту  барысында ілгерілеу  қадамдарын  айқындау  мен оған  қолдау 

кӛрсету үшін қажет. Соңғы зерттеу жұмыстары біздің ұғымымызда формативті 

бағалау  үдерісінің  едәуір  дамуы  мен  оны  оқыту  үшін  бағалау  және  оқуды 

бағалауда  қолдану  мүмкіндігіне серпін  бергені  анық. Мұғалімдер  мен  балалар 



83 

 

үшін ӛздерінің қандай мақсатқа жетуді кӛздейтінін, мақсатқа жету ӛлшемдерін 



түсіну  не  үшін  керек  екенін  білу  маңызды.  Формативті  бағалаудың 

оқушыларды  оқытудағы  тұлғаға  бағытталған  білім  берудің  құрамдас  бӛлігі 

екендігін,  бағалау  үздіксіз  жүзеге  асырылады,  соның  ішінде  сапалы  нәтижеге 

деген  қозғалыс  үдерісі  бағаланатынын  ұғындым.  Әдетте  «баға  –  жазалау 

құралы» деген ұғым бар, себебі кейде мұғалім оқушыны оқуға мәжбүрлеу үшін 

осы  әдісті  қолдануы  мүмкін  екендігі  белгілі.  Мұндай  баға  сыныптың  бағалау 

журналына  түсіп,  оқушының  пәнге,  мұғалімге  деген  кері  кӛзқарасын 

қалыптастыруы  мүмкін.  Тіпті  оқушыға  кӛтеріңкі  баға  қою  арқылы  баланың 

пәнге  ықыласын  арттыруға  болатыны  да  белгілі,  әрине  бұл  әдіс  бір  балаға 

қатысты  үнемі  қолданылғанда  кері  нәтиже  беретіні  сӛзсіз.  Оған  қоса, 

мұғалімнен тек жақсы баға алу үшін ғана оқитын балалардың қалыптасу қаупі 

болса,  тӛмен  баға  алған  балалардың  «нашар  баға»  алуға  үйреніп  алуы  сияқты 

жағдай орын алуы мүмкін. Олай болса, бағаны қалай тиімді қолдануға болады? 

Бағалау  арқылы  қалайша оқушылардың  оқуға,  сабаққа  деген  қызығушылығын 

туғызуға, сабақты терең меңгертуге, пән бойынша білімін тереңдетуге болады? 

Бағалаудың қандай түрлері бар және оларды қалай қолдануға болады? Осындай 

сұрақтар тӛңірегінде жауап іздей отырып, «Оқыту үшін бағалау дегеніміз не?» 

тақырыбында  ӛткізілген  сабақтың  мақсатын  Блум  жүйесіне  сүйене  отырып, 

«Оқыту  үшін  бағалау  және  оқуды  бағалау»  теориясын  білу  және  түсіну, 

практикада қолдана алу, талдай білу және теориясынан алған білімін жинақтай 

алуы мен бағалай білуін меңгерту  деп айқындадым 

Формативті  бағалау  мен  суммативті  бағалаудың  ұқсастықтары  мен 

ерекшеліктерін  айқындауға  бағытталған  «Венн  диаграммасы»  жасалды. 

Формативті  бағалау:  оқыту  үшін  бағалау,  сезім,  символ  арқылы  беріледі, 

ынталандырушы  жетелеуші,  қалыптастырушы,  критерий  айқындау  арқылы 

және  баға  қойылмайды,  сӛзбен  беріледі.  Суммативті  бағалау:  оқуды  бағалау, 

жиынтық бағалау, санмен қойылады және мониторинг жүргізіледі. Ұқсастығы 

бағалау; мақсат айқындалады және нәтижесі шығарылады. Венн диаграммасын 

жасау  арқылы  мұғалімдерде  форматвиті  бағалау  мен  суммативті  бағалаудың 

ерекшелігі мен ұқсастығын түсінуге мүмкіндік алды. Драхмэн мен Суэтс (1988) 

кері  байланыс  және  құрдастарының  ескертулері  тұрақты  нәтижелерге  қол 

жеткізуде  мұғалімнің  сынына  қарағанда  кӛп  әсер  етуі  ықтимал  екендігін 

айтады. Алайда оқыту үдерісі тек қана оқушылардың тапсырманы орындаудың 

бастапқы кезеңінде ӛзінің білімі мен дағдылануы және тапсырма аяқталғаннан 

кейін нені білетіндігі туралы нақтылы сезінген кезде ғана тиімді болады.   Кері 

байланысты  мұғалімнің  ғана  қамтамасыз  етуге  тиісті  емес,  шын  мәнінде  оны 

оқушы немесе құрдасының жиі жақсы ұсынатынына назар аудару, құрдастары 

және ӛзін-ӛзі бағалаудың оларды оқыту үшін ӛзіне жауапкершілік алу, сондай-

ақ  оқушының  ӛзін  жақсартудың  мүмкін  екеніне  сенім  ұялату  үшін,  оқушыны 

қалай  ынталандыру,  жетілдіруді  кӛрсету  мақсаттарын  нақтылаудың  ӛте  күшті 

тәсілдері  болып  табылатынына  кӛз  жеткіздім.  Кері  байланыс  мұғалімдерге 

біріншіден,  оқытудағы  кемшіліктерді  анықтауға;  екіншіден  келесі  сабақтар 

тізбесінде  ӛзгерістер  енгізуге,  яғни  оытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін  қолдануға; 



жүктеу 8,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау