40
белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Педагогикалық ойын технологияларың басты элементтері – ойын
алдында оқушыларға нақты оқу мақсаты қойылады; ойын арқылы белгілі
педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарланады, оқу әрекеті ойын
ережелеріне бағынады, оқу материалы ойынның құралы болып табылады.
Оқушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған
ойын әдісі арқылы, олардың шағын топтың ӛзге мүшелерінің пікірін
сыйлауына, әртүрлі ӛнімді іс-әрекет негізінде соңғы нәтижені алдын-ала кӛре
білуіне, ӛзбетіндік іс-әрекетін жоспарлауына, мақсатқа жету амалдарын
таңдауына мүмкіндік беріледі.«Жаратылыстану» пәнін меңгеру нәтижелері
критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың ӛзара тығыз
байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру
процессін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.
Қалыптастырушы бағалау үздіксіз ӛткізіледі, оқушы мен оқытушы
арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу процессін дер кезінде
41
түзетуге мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде
ӛткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша
тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады.
Оқушылардың жаратылыстану пәні сабағындағы топтық, шығармашылық
жұмыстары.
Әдебиеттер:
1. Әдістемелік нұсқау хат. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы.
2. ҚазақстанРеспубликасының "Білімтуралы" заңы.
3. Ақпарат кӛздері.
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ
САБАҚТАРЫНДА ТИІМДІ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Бектенова Б.О.
Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі
Петропавл қ., Қазақстан
Қазіргі кезеңде педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың
тұлғалық дамуына бағытталған оқыту технологияларын шығаруға ұмтылу.
Ал бұның ӛзі мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктеді.
Мұндай міндетті шешу мұғалімдерден мектептерде оқушыларға берілетін
ғылым негіздерін олардың болашақ іс-әрекетінің берік негізі әрі тірегі
болатындай етіп оқытуды, оқу-тәрбие үрдісін, білім мазмұнын жаңартумен
қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың
тиімділігін арттырудың, оқытудың жаңа технологиясын меңгеруді,
педагогикалық жаңалықтарды тәжірибе батыл енгізуді талап етеді. Осы
тұрғыдан келгенде, оқу үдерісінде кӛптеген жаңа педагогикалық
технологиялар қолданылуда. Соның бірі – жобалай оқыту технологиясы.
Бүгінгі күнгі сабақтарға қойылып отырған мақсат- инновациялық
технологияларды сабақта қолдану жолдары. Құрылыс бӛлімінде құрстық жоба
сызу, оны қорғау жұмыстары қызығушылық тудырады.Сондықтан, кәсіби қазақ
тілі сабақтарында да жобалау технологиясының қолдану жолдарын ұсынғым
келеді.
Жобалау әрекеті әр түрлі әлемдегі оқу жүйелеріне кӛптеп енуде. Ол
студентке жекелеген білім жиынтығын беріп қана қоймай, ӛздігінен білім
алуына, алған білімдерін танымдық проблемаларды шешуге қолдануға
мүмкіндік береді. Жобалау оқушылардың ӛз бетімен білім алу әрекетін
ұйымдастыруға негіз болады.
42
Жоба қорғауға баулу студенттерді ӛздік жұмысына бағыттаудың бірден-
бір тиімді жолы болып табылады. Жоба қорғау үшін ұсынылатын тақырыптар
зерттеуге, ізденіске бағыттайтындай пән негізіндегі талдау түрлерін
қамтитындай сипатта болу керек. Жоба тақырыбының бірнеше нұсқалығы
оқушы таңдауына мүмкіндік туғызады және қандай түрде қорғайтыны
оқушылардың ӛзінің қалауына қалдырылатын болғандықтан, қызығушылығын
арттырады.
Жобалау әрекетін қолданудағы шешілетін негізгі талаптар:
1.Зерттеушілік, шығармашылық мағынада маңызы бар проблемалардың
қарастырылуы;
2.Күтілетін
нәтижелердің
тәжірибелік,
теориялық,
танымдық
маңыздылығы;
3.Оқушылардың ӛздік іс-әрекеті;
4.Жобаның мазмұндық бӛлігін құрастыру;
5.Зерттеу әдістерін қолдану;
Жоба тақырыбы ӛмірлік ӛзектілігі бар және оны шешуге студенттің әр
түрлі аумақтағы білімі мен шығармашылық ойлау қабілетін зерттеушілік
дағдыларын қамтитын сұрақтарға құрылғаны дұрыс. Орындалған жоба
нәтижелері (материалдар) тиісті деңгейде рәсімделуі тиіс.
Жобалау түрлері:
Зерттеу әдісті жоба: Мұндай жобалар құрылымы жан-жақты
ойластырылған, мақсаты айқын, барлық қатысушылар үшін ӛзектілігі бірдей,
әлеуметтік маңызы бар. Алынатын нәтижені ӛңдеу, жасалатын тәжірибелер
мұқият қарастырылған. Зерттеу қисынына толықтай бағындырылып, нағыз
ғылыми зерттеулерге мейлінше жақындастырылған.
Шығармашылық
әдісті
жоба: Бұл
жоба
түрінде
құрылыс
нақтыланбайды, тек жоспарланып, күтілетін нәтиженің жанрына бағына
отырып дамиды. Бұл жағдайда күтілетін нәтижені ұсыну түріне қарай
ойластыру керек.
Мұғалім әрекетінің жалпы жұмыс жүйесі тӛмендегідей болады: оқыту
технологияларын кіріктіру және жобалау технологиясын қолдану.
Тақырып негізінде жоба тақырыбының мақсат-міндетін анықтау,
болжамын қоя білу талап етіледі. Жобаны әзірлеу барысындағы оқушының
ӛзіндік ізденісі мен еңбектенуі аса маңызды. Бұл оқушылардың ғылыми
ізденімпаздық қабілетін арттырады әрі шығармашылыққа баулиды. Ал жоба
қорғау сабағында оқушылардың ӛз жұмысына және ӛзгенің жұмысына
сараптама жасауы жауапкершіліктерін арттырады. Жобаға сарапшылар
тӛмендегідей ӛлшемдер бойынша тӛрелік етіп, сараптама жасайды:
1. Тақырыпты мақсаты мен ӛзектілігіне сай аша білуі. Болжам қоя білуі.
2. Ғылыми ізденісі , жаңалығы, шығармашылығы.
3. Талдай білуі, кӛрнекілік қолдануы .
4. Сӛйлеу мәдениеті және шешендік қабілеті.
Әзірленген жоба туралы пікір айтқанда оқушылардың басшылыққа
алатыны: