38
Жаңартылған
білім
бағдарламасы–ӛзгерістің
алғашқы
қадамы.
Республикамызда орта білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім
беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.
Жаңартылған білім беру курсының жалпы мақсаты - оқытудың жаңа әдіс-
тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған
орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасымен және критериалдық бағалау
жүйесімен таныстыру болып табылады.
Қазіргі таңда қоғамның білімге деген талабы жоғары. Білім саласы сан
тараулы ақпараттарға толы. Болашақ білімді ұрпақты даярлайтын мұғалімдер
қауымы болғандықтан, олар ешбір жаңалықтарды қалт жібермеуі тиіс. Астана
қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 2015 жылы маусым айында
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ
тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін
арттыру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді дайындау курсы ӛтті. Курста
республикамыздағы 30мектебінен бастауыш сынып мұғалімдері дәріс алды.
Қазіргі таңда алған білімдерін тәжірибе жүзінде кӛрсетіп жатыр.Жоғарыда
айтылыып ӛткен 30 пилоттық мектебінің қатарында, Ақмола облысы
Степнагорск қаласындағы Сакен Сейфуллин атындағы №5 кӛпсалалы мектеп –
лицейі бар.Ақмола облысы Білім басқармасының бізге сенім артып, біздің 30
пилоттық мектеп қатарына қосқанына әрине қуанбасақ,ренжімедік.
Бұл мектеп-лицейі үшін үлкен дәреже және сонымен қатар аса
жауапкершілікті талап етеді.
Біздің мектепте ӛткен жылы, яғни 2015 – 2016 оқу жылында бірінші
сыныпқа 75 бала қабылданды.1 «А» сыныбы «НИШ» баспасының
оқулығымен, 1 «Ә» сыныбы «Атамұра»баспасының оқулығымен,1 «Б» сыныбы
«Алматыкітап» баспасының оқулығымен оқушыларға білім бердік. Орта білім
мазмұнын жаңарту аясындағы «Жаңартылған білім бағдарламасы – ӛзгерістің
алғашқы қадамын Г.Галилейдің «Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен
гӛрі,оған жаңалық ашуға кӛмектескен жӛн» деген сӛзін ӛзіме ұран етіп,мен
ӛзімнің жауапкершілігіме 1 «Б» сыныбын «Алматыкітап»баспасының
оқулығымен,орта білім мазмұнын жаңарту аясындағы оқыту,балаларға білім
беру жұмысымды ӛз тәжірибемде бастадым.
Сабақты бастамай тұрып, тамыз айында Ата – аналарды жинап,жиналыс
ӛткіздім, мақсатым ӛздерімен танысу және «Жаңартылған білім бағдарламасы»
бойынша түсіндіру болды. Ата – аналар бір ауыздан келісті,себебі,балаларының
жаңа заман талабына сай оқығандарын қолдады. Жаңартылған білім
бағдарламасымен оқу,жаңа оқу жылының басында қиын болды. Жаңартылған
білім мазмұнын енгізуде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы, Астана, Кӛкшетау қалаларындағы «Назарбаев Зияткерлік
мектептері» кӛптеген әдістемелік кӛмек кӛрсетті.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде.
Ӛйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының
парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың
39
талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып,
ой –ӛрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен
туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл
үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы кӛңілді
қуантады.
ХХІ ғасырда табысты болу үшін әрбір азаматқа қажетті білім мен
дағдыларды алға тартады. Қарқынды жаһандану, сондай-ақ, ұлттық
экономикаға да ықпал етуде және қазіргі уақытта экономикалық дамуды
қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық бәсекелестік артты. Бүкіл әлемде
білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе
қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін
нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты
негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және
білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық
тәсілдермен тығыз байланысты.
Қазіргі таңда еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеу бағытындағы білім
беру мәселесі –мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Осы
ұстанымғажетудіңбірден
–
біржолы:
әлемдікбілімкеңістігіненорыналу,
ӛркениетті, қуаттыелдерқатарынақосылуболыптабылады.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды
меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмысістейтін,
тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға
қалыптастыру міндеті тұр.
Жаңаша білім беру міндеттерін негізі үш мақсат қана шеше алады.
Олар-дүниетанымдылық,шығармашылық және терең білімділік.
Бастауыш сынып оқушысы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты
жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім- үздіксіз
білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп
балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сӛйлеу,
оқу, қоршаған орта жӛнінде дұрыс кӛзқарас қалыптастыру, талдау жасауға
үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сӛйлеу мәдениетіне
үйретеді
Жаңартылған білім беру мазмұнын белгілейтін типтік оқу жоспарында
1-4 сыныпқа арналған «Жаратылыстану», гуманитарлық-қоғамдық
пәндерінің негіздерін оқытуда «Дүниетану» және тілдерді деңгейлеп оқытуда
(қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері) тыңдалым, айтылым, оқылым,
жазылым дағдыларын үйрету жоспарланды.
«Жаратылыстану» оқу пәнінің «ортақ тақырыптарының» мазмұны
оқушының жақын аймағынан, яғни оның ӛз іс-әрекетімен тікелей байланысты
тақырыптарды оқудан басталады. Алты-жеті жастағы балалар ӛз ойын
білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі
тиіс.
Ойын іс-әрекеттері арқылы оқыту. Оқу үдерісінде білімді меңгертуде
оқу әдісі ретінде ойын іс-әрекетін қолдану оқушылардың танымдық