үшін үй-жайлар ұсыну
1. Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну –
қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін үш айға тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға –
бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол
әрекет –
қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін үш
жылға тыйым сала отырып, әкімшілік
құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға –
бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
26-тарау. БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ АҚПАРАТ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚТАР
451-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат
құралдары туралы заңнамасын бұзу
1. Есепке қоймай не шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе
есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану туралы шешiм шығарылғаннан кейiн
бұқаралық
ақпарат құралының өнiмiн, ақпараттық агенттiктің және желілік басылымның
хабарлары мен материалдарын тарату
–
бұқаралық ақпарат құралының өнiмi тәркiлене отырып, лауазымды адамдарға – он,
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
2. Меншiк иесi не оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық
ақпарат құралының аты ауысқан, басылымның не хабар таратудың тiлi, таралу аумағы,
негiзгi тақырыптық бағыты, шығарылу мерзімділігі өзгерген жағдайларда, қайта есепке
қоймай, бұқаралық
ақпарат құралының өнiмiн, ақпараттық агенттiктің және желілік
басылымның хабарлары мен материалдарын шығару, дайындау, таралымын көбейту және (немесе)
тарату
–
бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге
тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз,
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде
қайталап жасалған әрекеттер
–
бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым салуға әкеп соғады.
Ескерту. 451-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015
№ 419-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
452-бап. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын
тарату туралы заңнамасын бұзу
1. Теле-, радиокомпаниялардың Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын
тарату туралы заңнамасын:
1) отандық теле-, радиоарналардың отандық теле-, радиобағдарламаларды белгіленген
пайыздық нормадан кем таратуы;
2) телеарнада жаңалық сипатындағы телебағдарламаларды сурдоаудармамен немесе
субтитр түріндегі аудармамен
қамтамасыз етпей тарату;
3) телеарнада кадр алаңының он бес пайызынан асатын қосымша ақпаратты тарату;
4) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын
тарату операторларының желілеріне қосу, телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық
пайдалану қағидаларына және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының
талаптарына сәйкес теле,- радиоарналардың теле, - радио бағдарламаларын беру сапасын
қамтамасыз етпеу түрінде
жасаған бұзушылығы
–
лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық
емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін
бір жыл ішінде қайталап
жасалған іс-әрекеттер
–
лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе
коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
3. Жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін әрқайсысының ұзақтығы
алты сағаттық уақыт аралықтарында телерадио хабарларын тарату арналары бойынша қазақ
тіліндегі хабарларды басқа тілдердегі хабарлардың жиынтық көлемінен кем тарату
–
бұқаралық ақпарат құралының баспасөз өнiмi немесе өзге де өнiмі
тәркiлене отырып
және үш айға дейiнгi мерзiмге шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұрып, лауазымды
адамдарға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет
–
телевизиялық хабарларды және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру
жөнiндегi қызметке лицензиядан айыра отырып және бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына
(эфирге шығуына) тыйым сала отырып, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
5. Отандық теле-, радиоарналардың апта сайынғы хабар
тарату көлемінде теле-,
радиобағдарламалардың жалпы көлемінен жиырма пайыз асатын шетелдік теле-,
радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын ретрансляциялау –
лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін
бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет
–
бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге
тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Телерадио хабарларын тарату операторларының Қазақстан Республикасының телерадио
хабарларын тарату туралы заңнамасын:
1) телерадио хабарларын тарату операторларының міндетті теле-, радиоарналарды
таратпауы;
2) телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиоарналарды
ретрансляциялау шарттарын бұзуы түрінде жасалған бұзушылығы
–
лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық
емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне
–
бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін
бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер
–
лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе
коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз,