Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет66/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   192

      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он 
бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір 
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
   19-тарау. ҒАРЫШ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ 
БҰЗУШЫЛЫҚТАР 
      310-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі
 
                саласындағы заңнамасын бұзу
 
      1. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасын:
 
      1) ғарыш қызметі саласындағы салалық сараптаманың оң қорытындысы жоқ, ғарыш 
қызметі саласындағы жобаны іске асыру;
 
      2) ғарыш объектісін Қазақстан Республикасының аумағынан, сондай-ақ оны одан тыс 
жерде ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушы жүзеге асырған жағдайда Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің ғарыш объектісін ұшыру туралы оң шешімінсіз ұшыру;
 
      3) ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеуден жалтару;
 
      4) адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төндіру;
 
      5) ғарыш техникасы және (немесе) аспан денелерін қоршаған ортаға теріс әсер ету 
үшін пайдалану;
 
      6) ғарыш кеңістігінің ластануы жөніндегі халықаралық нормалар мен стандарттарды 
бұзу түрінде жасалған бұзушылық –
 
      ғарыш кеңістігін пайдалану аясындағы қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның 
қолданылуын алты айға тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – елу, лауазымды 
адамдарға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жетпіс бес, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
 
      лицензиядан айыруға әкеп соғады.
 
      311-бап. Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ
 
                ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және
 
                пайдалану (қолдану) қағидаларын бұзу
 
      1. Нәтижелері пайдаланушы персоналға, халыққа, ғарыш жүйесіне, түйіндес 
объектілерге, қоршаған ортаға және жер төңірегіндегі кеңістікке өндірістік қызметтің 
қауіпті және зиянды факторларының әсерін жол берілетін шекті мәндерден асыруға әкеп 
соққан ғарыш жүйесін пайдаланудан көрінген, Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-
ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бұзу –
 
      ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның 
қолданылуын алты айға тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – отыз, шағын 
кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі 
кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп 
соққан бұзушылықтарды ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру 
құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін жоймау –
 
      лицензиядан айыруға әкеп соғады.
 
   20-тарау. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі және тұрғын 
үй қатынастары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар 
      Ескерту. 20-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi).
 


      312-бап. Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы заңнама мен
 
                мемлекеттiк нормативтердiң талаптарын бұза
 
                отырып, жобалау алдындағы, iздестіру, жобалау,
 
                құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау, құрылыс
 
                материалдарын, бөлшектер мен конструкцияларды
 
                шығару мен қолдану
 
      1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi 
саласындағы заңнамасының талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестіру, жобалау, 
құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектер мен 
конструкцияларды шығару, қолдану –
 
      лауазымды адамдарға – алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
 
      тиiстi қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға – бір жүз 
жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 
сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың төрт жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      313-бап. Құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтiру
 
                жұмыстарын жүргiзу кезiнде бекiтiлген құрылыс
 
                нормаларының және жобалау құжаттарының
 
                талаптарын бұзу
 
      1. Құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде 
ғимараттарды, құрылыстарды, олардың бөлiктерiн немесе жекелеген конструкциялық 
элементтерiн пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың берiктiгiн, орнықтылығын төмендетуге 
әкеп соққан бекiтiлген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу –
 
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – қырық, шағын 
кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі 
кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      2. Ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген 
конструкциялық элементтерiнiң берiктiгiн, орнықтылығын жоғалтуға әкеп соққан, осы баптың 
бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген әрекеттердi жасау –
 
      тиiстi қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға – сексен, шағын 
кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз жүз, ірі 
кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      314-бап. Объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау
 
                кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаждау,
 
                жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын белгiленген
 
                тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасынсыз
 
                жүргiзу
 
      1. Объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаж, 
жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау 
құжаттамасынсыз жүргiзу –
 
      жүргiзiлiп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – қырық, шағын 
кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі 
кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау