Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)


-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет63/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   192

      295-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім
 
                субъектілерінің энергия менеджменті жүйесін
 
                құру, енгізу және оның жұмысын ұйымдастыру
 
                жөніндегі міндетті орындамауы
 
      Ескерту. 295-бап алып тасталды - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
 
      296-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және
 
                энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында
 
                белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін,
 
                оқу орталықтарының қызмет тәртібін сақтамау
 
      Ескерту. 296-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi).
 
      1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру 
туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін, оқу орталықтарының 
қызмет тәртібін сақтамау –
 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, 
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.03.2016 
№ 479-V
 Заңымен (01.01.2017 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
       2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 
бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – 
 
      аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік 
субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      
Ескерту. 296-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.01.2015 
№ 279-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
 
   18-тарау. ӨНЕРКӘСІП, ЖЫЛУ, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН 
ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР 
      297-бап. Жарылғыш материалдармен, радиоактивтi және өзге
 
                де экологиялық қауiптi заттармен жұмыс істеу
 
                кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу
 
      1. Осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жарылғыш 
материалдарды, пиротехникалық заттарды, радиоактивтi, бактериологиялық, химиялық және 
өзге де экологиялық қауiптi заттар мен өнеркәсiп салаларындағы және қадағалау 
органдарының бақылауындағы объектiлердегi қалдықтарды өндiру, сақтау, көму, жою, 
пайдалану, кәдеге жарату, тасымалдау немесе өзге де жұмыстар істеу кезінде қауіпсіздік 
талаптарын бұзу, егер осы әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса 

 
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, ядролық 
материалдарды, радиоактивті заттарды, ядролық емес арнаулы материалдарды және ядролық 
қызметке қатысы бар қос мақсаттағы бұйымдарды өндiрудiң, сақтаудың, көмудiң, 
пайдаланудың, кәдеге жаратудың, тасымалдаудың немесе өзге де жұмыс істеудің белгiленген 
қағидаларын бұзу –
 


      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алпыс, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      297-1-бап. Бағалы металдарды, асыл тастарды, құрамында
 
                  бағалы металдар бар шикізат тауарларын, бағалы
 
                  металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік
 
                  және басқа да бұйымдарды Қазақстан
 
                  Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан
 
                  Республикасының аумағынан әкету
 
      1. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, бағалы металдарды, асыл 
тастарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын, бағалы металдар мен асыл 
тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына 
әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету –
 
      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 
бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 
– бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
 
      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір 
жүз сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 
екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 18-тарау 297-1-баппен толықтырылды - ҚР 14.01.2016 
№ 445-V
 Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң 
қолданысқа
 
енгізіледі).
 
      298-бап. Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi
 
                қағидаларды бұзу
 
      1. Өнеркәсiп, тау-кен және құрылыс жұмыстары салаларында не азаматтық қорғау 
саласындағы уәкiлеттi органның және басқа да мемлекеттiк бақылау және қадағалау 
органдарының бақылауындағы объектiлерде жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi 
белгiленген талаптарды бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы 
орташа зиян келтiруге әкеп соқпаса, –
 
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Қауіпті өндірістік объектілерді салу, реконструкциялау, жаңғырту, жою жобаларын 
әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу –
 
      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Қауіпті өндірістік объектідегі авария, оқыс оқиға фактісін жасыру –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, 
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз 
айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, 
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау