Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет61/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   192

      2) әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан 
Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден 
одағына мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде хабардар етпеу не уақтылы 
хабардар етпеу –
 
      жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
       4. Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына 
әкетілген, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының 
аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеудің Қазақстан Республикасының салық 
заңнамасында белгіленген мерзімдерін бұзу 

 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – есепке жазылған салықтар сомасының он бес 
пайызы, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз пайызы, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      5. Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушының осындай сауданы өткізу туралы 
хабардар етпеуі не уақтылы хабардар етпеуі –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
– екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       6. Ұйымдастырушының көрме-жәрмеңкелiк сауданы ұйымдастыру тәртібін бұзуы 

 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз жиырма бес, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       7. Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген акцизделетін тауарларды 
алған күні туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай 
хабарламаны ұсынуға міндетті тұлғалардың орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша 
мемлекеттік кіріс органдарына ұсынбауы 

 
      жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық 
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаты үшін, егер тұлға Кеден одағына мүше 
мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды 
есепке қабылдамағаны үшін, осы Кодекстің 275-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа 
тартылуға тиіс болған жағдайда, мұндай тұлға осы баптың бірінші бөлігінде көзделген 
әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
 
      288-бап. Мемлекеттік кіріс органдары мен олардың
 
                лауазымды адамдарының заңды талаптарын
 
                орындамау
 
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      1. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органдары мен олардың лауазымды адамдарының 
заңды талаптарын орындамауы –
 
      сегiз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн 
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) 

 
      он бec айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Салық төлеушi кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға 
(тұрғын үй-жайлардан басқа) салықтық тексерудi жүргiзетін мемлекеттік кіріс органының 
лауазымды адамының кiруiне заңсыз кедергi келтiру –
 
      қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 


       4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) 

 
      алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 288-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
   17-тарау. ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ 
САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР 
      289-бап. Электр желілеріндегі қуат коэффициентінің
 
                нормативтік мәндерін сақтамау және энергия
 
                тұтынудың нормативтерін асыру
 
      1. Электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтамау –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне ескерту жасауға, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
– он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      2. Энергия тұтынудың нормативтерін асыру – 
 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ескерту жасауға, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
– құқық бұзушылық болған, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңде бекітілген нормативтерден 
астам пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 
он бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, 
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – құқық бұзушылық болған, бірақ бір жылдан 
аспайтын кезеңде бекітілген нормативтерден астам пайдаланылған энергетикалық ресурстар 
құнының бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз 
пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      Ескертпе. Энергетикалық ресурстардың құны құқық бұзушылық анықталған кездегі 
нарықтық баға негізінде айқындалады.
 
      290-бап. Энергетикалық ресурстарды, суды өндіруді және
 
                беруді жүзеге асыру кезінде олардың тікелей
 
                ысырабына жол бермеу жөніндегі міндетті
 
                орындамау
 
      1. Энергетикалық ресурстарды, суды өндіруді және беруді жүзеге асыру кезінде 
жабдықтың, арматураның ақауы болуына, құбыржолдарды жылу сақтағышсыз пайдалануға немесе 
энергия тұтыну жабдығының жұмыс режимін сақтамауға байланысты олардың тікелей ысырабына 
жол бермеу жөніндегі міндетті орындамау –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, 
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау