272-бапты 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015
№ 412-V
Заңымен (01.01.2017 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
3. Мониторинг бойынша есептілікті Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде
белгіленген мерзімде ұсынбаудан көрінген, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген,
әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
мониторингке жататын ірі салық төлеушілерге бес жүз елу айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Салық агентінің табыс салығын шартты банк салымы арқылы төлеген жағдайда,
шартты банк салымы туралы шартты мемлекеттік кіріс органына ұсынбауы не уақтылы ұсынбауы
–
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне, оның ішінде қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы Қазақстан
Республикасында жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға – жиырма, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы
Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резидент емес – заңды тұлғаларға – отыз, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы
Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға елу айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органына жеңілдікті салық салынатын
мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне
сәйкес салық салынуға жататын резидент емес заңды тұлға пайдасының немесе пайдасының бір
бөлігінің сомасын айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбауы –
жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
РҚАО-ның ескертпесі!
272-бапты ескертумен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015
№ 412-V
Заңымен
(01.01.2017 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
273-бап. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті,
сондай-ақ трансферттік баға белгілеу кезінде
бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды
ұсынбау
1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу
туралы заңнамасында белгіленген мерзімде мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті
мемлекеттік кіріс органына ұсынбауы, сондай-ақ салық төлеушiнiң трансферттік баға
белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды (оның iшiнде электрондық
түрде) уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде ұсынбауы не оны ұсынудан бас тартуы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз,
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз елу
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мәмілелер мониторингі бойынша есептіліктің деректері мен тексеру барысында
алынған деректер арасында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда
белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен асатын алшақтықтарды
анықтау –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз,
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін
бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз
жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
РҚАО-ның ескертпесі!
274-бапты алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015
№ 412-V
Заңымен (01.01.2017 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
274-бап. Қаржылық бақылау шараларын бұзу
1. Мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, мемлекеттік қызметтен теріс
себептермен босатылған адамның, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының)
салық салу объектілері болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды және
мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қасақана
ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбауы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жылдың ішінде қайталап жасалған әрекет –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 274-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
275-баптың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.11.2015
№ 400-V
Заңымен
(01.01.2017 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
275-бап. Салық салу объектiлерiн жасыру
1. Салық төлеушiнiң салық салу объектiлерiн жасыруы –
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес
ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жасырылған
салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер
сомасының бір жүз елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін
бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес
ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жасырылған
салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер
сомасының екі жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
РҚАО-ның ескертпесі!
275-бапты 3 және 4-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР 13.11.2015
№ 400-V
Заңымен (01.01.2017 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
Ескертпе жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.11.2015
№ 400-V
Заңымен (01.01.2017
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін салық салу объектiлерiн
жасыру деп салық төлеушінің Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан
Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке қабылдамауы да түсініледі.
276-бап. Есепке алу құжаттамаларының болмауы және
салықтық есепке алуды жүргізуді бұзу
1. Салық төлеушіде есепке алу құжаттамасының болмауы және (немесе) Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген есепке алу құжаттамасын жасау және сақтау
жөніндегі талаптардың сақталмауы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
Достарыңызбен бөлісу: |