Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет33/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   192

      19. Егер банкроттықты басқарушымен келiсiмде өзгеше белгіленбесе, банкрот пен оның 
кредиторларының мүдделерiн қозғайтын сот актiсiнiң көшiрмесiн оның шағымдану мәселесiн 
қарау үшiн кредиторлар комитетiне ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      20. Уақытша басқарушыдан банкроттың мүлкiне құрылтай, қаржы құжаттарын және құқық 
белгiлейтiн құжаттарды, банкроттың мөрi мен мүлкiн қабылдау мiндетiн орындамау не 
тиiсiнше орындамау –
 
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      21. Банкроттың банктiк шотының уақтылы жабылмауы, мемлекеттік кіріс органына салық 
төлеушi куәлiгiнiң және қосылған құн салығы бойынша есепке қою куәлiгiнiң бланктерiн 
(олар болған кезде) тапсырмау, банкроттың мөрiн жою –
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      22. Осы баптың бiрiншi - жиырма бiрiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза 
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –
 
      бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      180-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық
 
                туралы заңнамасын уақытша әкiмшiнiң бұзуы
 
      1. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында 
орналастыру үшiн оңалту рәсiмiн қолдану және кредиторлардың талаптарын мәлiмдеу тәртiбi 
туралы хабарландыруды оған жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында 
белгiленген кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру тәртiбiн бұзу –
 
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Оңалту жоспарының тиiмдiлiгi туралы қорытындыны сотқа жiберу мiндетiн орындамау 
не тиiсiнше орындамау –
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мәмiлелердi келiсу туралы 
борышкердiң өтiнiшiн бес жұмыс күнi iшiнде қарау мiндетiн орындамау не тиiсiнше 
орындамау –
 
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      5. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылатын ақпаратты оңалту және 
банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      6. Кредиторлардың талаптарын қарау және оларға қарау нәтижелерiн жеткiзу мiндетiн 
орындамау не тиiсiнше орындамау –
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      7. Кредиторлар жиналысының өтетін орны мен күнi туралы кредиторларға хабарлау 
мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      8. Кредиторлар оңалту жоспарымен келiспеген және (немесе) «Оңалту және банкроттық 
туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмде оңалту жоспары сотқа 
ұсынылмаған жағдайда, оңалту рәсiмiн тоқтату туралы сотқа өтiнiш беру мiндетiн орындамау 
не тиiсiнше орындамау –
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      9. Осы баптың бiрiншi – сегiзiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза 
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –
 
      бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 


      181-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық
 
                туралы заңнамасын оңалтуды басқарушының бұзуы
 
      1. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында 
белгiленген электрондық аукцион өткiзу туралы ақпараттық хабарламаны орналастыру 
тәртiбiн бұзу –
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Кредиторлар комитетiмен оңалту рәсiмiнде жасасқан келiсiмнiң шарттарын 
орындамау –
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Борышкердiң мүлкiн басқаруға қабылдау және оның күзетiлуiн қамтамасыз ету 
мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Оңалту жоспарын орындамау не тиiсiнше орындамау –
 
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      5. Құжаттардың көшiрмелерiн қоса бере отырып, оңалту рәсiмiнiң жүзеге асырылу 
барысы туралы ағымдағы ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға 
беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      6. Оңалту рәсiмiнде кредиторлар жиналысының өтетiн күнi, уақыты мен орны туралы 
кредиторды хабардар етпеу не тиiсiнше хабардар етпеу –
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      7. Оңалтуды басқарушы шеттетiлген (босатылған) немесе ауыстырылған кезде 
борышкердiң құрылтай, қаржы, құқық белгiлейтiн және өзге де құжаттары мен мөрiн 
тағайындалған оңалтуды басқарушыға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
 
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      8. Оңалту рәсiмiнде кредиторлар жиналысының келiсімінсiз оңалту жоспарында 
көзделмеген кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мәмiлелер жасау –
 
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      9. Сотқа қорытынды есептi ұсынбау, уақтылы ұсынбау не Қазақстан Республикасының 
оңалту және банкроттық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн қорытынды есептi 
ұсыну –
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      10. Борышкердi төлем қабiлетсiздiгiне әдейi жеткiзу белгiлерiнiң бар (жоқ) екенiн 
анықтау және белгiлер болған кезде құқық қорғау органдарына процестiк шешiм қабылдау 
үшiн өтiнiш жолдау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
 
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      11. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негiзiнде оған борышкер қызметiнiң жүзеге 
асырылу барысы туралы ақпаратты беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
 
      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      12. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылатын ақпаратты оңалту және 
банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
 
      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      13. Оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы өтiнiшхатты сотқа 
жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
 
      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      14. Оңалту рәсiмiн тоқтата тұру туралы сотқа уақтылы жүгiнбеу –
 
      отыз айлық көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      15. Кредиторлар комитетi мүшелерiнiң назарына қаржылық жағдай туралы, кредиторлар 
комитетiне кәдiмгi коммерциялық операциялар барысында жүргізілген мәмiлелер туралы 
ақпаратты жеткiзу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
 
      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау