Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет17/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   192

      
Ескерту. 95-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2015
 № 415-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      96-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға
 
               фактісін жасыру
 
      
Ескерту 96-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2015
 № 415-V 
Заңымен 
(01.01.2016 бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      1. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісін жасыру –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, 
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз 
айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, 
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 96-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2015
 № 415-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      97-бап. Ұжымдық шарт, келiсiм жасасу жөнiнде заңнама
 
               талаптарын бұзу
 
 
 
      1. Ұжымдық шартты, келiсiмдi жасасу, өзгерту немесе толықтыру жөнiндегi 
келiссөздерге қатысудан жалтару немесе көрсетілген келiссөздердi жүргiзу мерзiмдерiн 
бұзу, тиiстi комиссияның жұмысын тараптар айқындаған мерзiмдерде қамтамасыз етпеу –
 
      келiссөздер жүргiзуге уәкiлеттiк берілген тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Ұжымдық шарт, келiсiм жасасудан негiзсiз бас тарту –
 
      ұжымдық шарт, келiсiм жасасуға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға төрт жүз айлық 
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Ұжымдық шарт, келiсiм бойынша міндеттемені орындамау немесе бұзу –
 
      ұжымдық шарт, келiсiм бойынша мiндеттемелердiң орындалмауына кiнәлi тұлғаларға 
төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және ұжымдық шарттардың, келiсiмдердiң орындалуын 
бақылауды жүзеге асыруға қажеттi ақпаратты бермеу –
 
      ақпараттың берiлмеуiне кiнәлi тұлғаларға сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 97-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2015
 № 415-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      97-бап. Ұжымдық шарт, келiсiм жасасу жөнiнде заңнама
 
               талаптарын бұзу
 
      1. Ұжымдық шартты, келiсiмдi жасасу, өзгерту немесе толықтыру жөнiндегi 
келiссөздерге қатысудан жалтару немесе көрсетілген келiссөздердi жүргiзу мерзiмдерiн 
бұзу, тиiстi комиссияның жұмысын тараптар белгiлеген мерзiмдерде қамтамасыз етпеу –
 
      келiссөздер жүргiзуге уәкiлеттiк берілген тұлғаларға үш жүз айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Ұжымдық шарт, келiсiм жасасудан негiзсiз бас тарту –
 
      ұжымдық шарт, келiсiм жасасуға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға үш жүз айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       3. Ұжымдық шарт, келiсiм бойынша міндеттемені орындамау немесе бұзу – 
 
      ұжымдық шарт, келiсiм бойынша мiндеттемелердiң орындалмауына кiнәлi тұлғаларға үш 
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 


      4. Ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және ұжымдық шарттардың, келiсiмдердiң орындалуын 
бақылауды жүзеге асыруға қажеттi ақпарат бермеу –
 
      ақпараттың берiлмеуiне кiнәлi тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      98-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту
 
               туралы заңнамасын бұзу
 
      1. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту 
туралы заңнамасын:
 
      1) уәкілетті органға жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке 
тұлға қызметінің тоқтатылуына, санның немесе штаттың қысқартылуына, жұмыс берушінің 
экономикалық ахуалының нашарлауына алып келген өндірістердің және орындалатын жұмыстар 
мен көрсетілетін қызметтер көлемінің азаюына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің 
жұмыстан босатылуы туралы ақпарат бермеу;
 
      2) уәкілетті органға бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар-жоғы туралы 
мәліметтерді бермеу, уақтылы бермеу;
 
      3) жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны 
ұсынбау, уақтылы хабарламау;
 
      4) мүгедектер, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас 
бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан кәмелеттік жасқа 
толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру 
ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс 
орындарының белгіленген квотасын орындамау;
 
      5) уәкілетті органға кәсіптік даярлықтан, қайта даярлықтан және өндірісішілік 
оқытудан өткен адамдарға саны туралы алынған мамандық пен біліктіліктерді көрсете отырып 
мәліметтер ұсынбау түрінде жасаған бұзушылығы –
 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –
 
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Жұмыспен қамту жеке агентінің еңбек делдалдылығы бойынша қызмет көрсетулерді 
алуға өтініш білдірген тұлғалармен шарт жасаспауы –
 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ шетелдік 
жұмыс күшін тартуға рұқсат алған немесе өздерінің қарамағында жұмысқа орналасуға рұқсат 
алған шетелдік қызметкерлер жұмыс істейтін жұмыс берушілердің алғашқы статистикалық 
деректерді ұсынбауы –
 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 98-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 
№ 483-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      99-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет
 
               туралы заңнамасын бұзу
 
      1. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзу 

 
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      2. Адамдарды мемлекеттік әкімшілік лауазымнан құқыққа сыйымсыз босату –
 
      лауазымды адамдарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      100-бап. Жеке немесе заңды тұлғаның берген шағымын оған
 
                зиянды болатындай етiп бағыттау
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау