Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет7/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61

 
      16) анықтамалықтарды, біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту 
және қолдану тәртібін айқындайды;
 
      17) экономикалық қызметтің әрқилы түрдегі ұйымдарының басшылары, мамандары 
мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын қарайды 
және келіседі;
 
      18) тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың еңбек 
жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді бекіту тәртібін айқындайды;
 
      19) - 20) 
алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап 
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      21) оларда жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы 
ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғарылатылған мөлшеріне құқық 
беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр 
жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті 
жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ оларды беру тәртібін айқындайды;
 
      21-1) үш адамнан бес адамға дейін қаза тапқан кезде топтық жазатайым 
оқиғаларды тергеп-тексеру үшін комиссия құрады;
 
      22) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті және 
тәуекелді бағалауды ұйымдастырады;
 
      23) - 24) 
алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап 
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      25) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық 
есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін 
әзірлейді және бекітеді;
 
      26) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан 
Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде 
көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
 
        
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 
N 188-IV
 (қолданысқа 
енгізілу тәртібін 
2-баптан
 қараңыз), 2010.03.19 
№ 258-IV
, 2011.01.06 
N 378-IV
 
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі), 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 
2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен 
соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 
N 36-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 
№ 102-V
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
03.07.2013 
№ 124-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен 
соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      17-бап. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның
 
              құзыреті
 
      Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган:
 
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
 
      2) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
 
      3) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың 
себептеріне талдау жүргізеді және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар 
әзірлейді;
 
      4) өндірістегі жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгіленген тәртіппен тергеп-тексереді;
 
      5) басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігін және 
еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;
 
      6) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау 


 
комиссиясының құрамына қатысады;
 
      7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері 
бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен өзара іс-қимыл 
жасайды;
 
      8) қызметкерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;
 
      9) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін 
жүзеге асырады;
 
      10) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және 
бекiтедi;
 
      11) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбекті қорғау және еңбек 
қауiпсiздiгі жөніндегі ақпараттық жүйе базасында кезеңдік есептерді, сондай-ақ 
еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсынады;
 
      12) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша 
қажетті ақпаратты береді.
 
      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 
№ 102-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      18-бап. Жергілікті атқарушы органдардың еңбек 
 
               қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті 
 
      Жергілікті атқарушы органдар:
 
         1) 
алынып тасталды - ҚР 2011.07.22 
№ 478-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан 
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      1-1) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
 
      2) азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн 
денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және 
ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен 
келiсу бойынша айқындайды;
 
      3) қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді 
тіркеуді жүзеге асырады;
 
      4) халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік, 
сумен, электр энергиясымен, жылумен қамтамасыз ететін ұйымдар) ереуіл өткізуді 
келіседі;
 
      5) жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен және қызметкерлердің өңірлік 
бірлестіктерімен өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер жасайды;
 
      6) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді 
(бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар 
қызметкерлерінің еңбек нормаларын және еңбегіне ақы төлеу жүйесінің параметрлерін 
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қарайды және 
келіседі;
 
      7) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған халық санаттарын жұмысқа 
орналастыру үшін квота белгілейді;
 
      8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының 
заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді 
жүзеге асырады.
 
      Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.22 
№ 478-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 
2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 
№ 102-V
 
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 
№ 121-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау