Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет6/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

 
ауру түрлерінің тізбесін бекітеді;
 
      8) орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібін белгілейді;
 
      9) Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, 
акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы 
беру шарттары туралы үлгілік ережені
 
бекітеді;
 
      10) азаматтық қызметке орналасу және азаматтық қызметшінің бос лауазымына 
тұруға конкурс өткізу тәртібін айқындайды;
 
      11) азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін айқындайды;
 
      12) жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен және қызметкерлердің 
республикалық бірлестіктерімен бас келісім жасасады;
 
      13) тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін белгілейді; 
 
      14) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің 
еңбегіне ақы төлеу жүйесін бекітеді;
 
      15) ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың 
біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;
 
      16) салалық келісімдерде айқындалатын салалық арттырушы 
коэффициенттерді бекітеді;
 
      17) бес адамнан көп адам қаза тапқан кезде топтық жазатайым оқиғаларды 
тергеуге комиссия құрады;
 
      18) еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау 
тәртібін бекітеді;
 
       19) 
алып тасталды - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан 
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
 
      20) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-
профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану 
құралдарын беру тәртібі мен нормаларын бекітеді, сондай-ақ қызметкерлерді ұжымдық 
қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен 
қамтамасыз ету тәртібін белгілейді;
 
      21) он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым 
салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің ауыр 
заттарды тасуы мен жылжытуының шекті нормаларын бекітеді;
 
      22) әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, 
әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті 
нормаларын бекітеді;
 
      23) ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік 
ережені бекітеді;
 
      24) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік 
аттестаттау тәртібін айқындайды;
 
      25) қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша 
оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру тәртібі мен мерзімін айқындайды;
 
      26) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және 
Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды 
орындайды.
 
      Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.12.19 
N 9
 (2008.01.01 бастап 
қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 
N 188-IV
 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан 
қараңыз), 2011.07.22 
№ 478-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он 
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап 
қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 
№ 124-V
 (алғашқы 


 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңдарымен.
 
      16-бап. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның 
 
               еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті 
 
      Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
 
      1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік 
саясатты іске асырады;
 
       2) 
алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап қолданысқа 
енгізіледі) Заңымен.
 
      3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек 
қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының, Қазақстан Республикасының халықты 
жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады, 
сондай-ақ еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіреді және 
қызметін тексеруді жүзеге асырады;
 
      3-1) еңбек қатынастарын реттеу саласында жергілікті атқарушы органдарды 
үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
 
      3-2) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардан еңбек қатынастары 
мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұратады;
 
      3-3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік 
еңбек инспекторын тағайындауды келіседі;
 
      4) мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 
техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі қызметін үйлестіреді; 
 
      5) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында басқа 
мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс берушілердің 
өкілдерімен үйлестіруді және өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
 
       6) 
алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап қолданысқа 
енгізіледі) Заңымен.
 
      7) еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді ауыстыру және қайта 
қарау тәртібін белгілейді;
 
      8) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді 
(бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек 
нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;
 
      9) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді 
(бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар 
қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі  бойынша параметрлерді ұсыну, қарау және 
келісу тәртібін белгілейді;
 
      10) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық 
келісімдер мен өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;
 
      11) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;
 
      12) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің уақтылы және 
объективті жүргізілуін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 
бақылауды жүзеге асырады;
 
      13) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге 
асырады;
 
       14) 
алып тасталды - ҚР 03.07.2013 
№ 124-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
 
      15) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-
профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке қорғану 
құралдарын беру тәртібі мен нормаларын, сондай-ақ қызметкерлерді ұжымдық қорғану 
құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету 
тәртібін әзірлейді;
 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау