Осы саннан оқитындарыңыз: Құрылыс калейдоскопы: екінші жарты жылдық қоры- тындысы



жүктеу 3,4 Mb.
Pdf просмотр
бет13/16
Дата19.11.2018
өлшемі3,4 Mb.
#20720
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

тұрақтылық пен сеніМділік – 

табыстың басты өлшеМі 

Компанияда көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан отбасы – жұмыс берушінің сенімді екендігінің ең дәл көр-

сеткіші.  Бүгін  біз  Келдібай  Мұхамадиевтің  отбасы  жайында  айтпақпыз.  Ол  компаниямызда  жұбайы  Гүлнәзира 

Әнуарбек пен інісі Қайрат Мұхамадиев үшеуі жиырма жылға жуық уақыт жұмыс істеп келеді. Бүгінде бұл отбасы 

Универсиада 2017-нің билік пен бұқаралық ақпарат құралдарының назары ауып отырған ең маңызды нысаны – 

Алматыдағы 12 000 орындық Мұзды аренада еңбек етуде. 

«БАЗИС» компаниясымен бірге өсіп 

келеміз

Ерлі-зайыпты Келдібай мен Гүлнәзираның 

компаниямызда  еңбек  етіп  келе  жатқанына 

18,  Келдібайдың  бауыры  Қайраттың  жұмыс 

істеп  жатқанына    –  11  жыл  болды.  1992-ші 

жылы  Келдібай  әскерге  кетті.  Подмосковье-

де Одинцово қаласында қызмет етті. Әскерде 

құрылыс батальонына түсті, ол жерде керекті 

білім  алып,  құрылыс  саласын  ұнатты.  Әскер 

қатарынан оралғаннан кейін жұмыс іздеп Ал-

матыға келді. 1995-ші жылы отбасын құрып, 

жұбайы екеуі «БАЗИС» құрылыс компаниясы-

на жұмысқа орналасты. 

Гүлнәзира  Әнуарбек  Семей  политехни-

калық колледжін бітірді. «Тамақ өнеркәсібін-

де  жұмыс  істеймін  деп  ойлағанмын,  алайда, 

құрылыс  компаниясына  жұмысқа  тұрғаннан 

кейін  бұл  сала  мені  өзіне  баурап  алды.  Енді 

құрылыс саласынан кету ойымда жоқ. Маған 

адамдармен жұмыс істеген ұнайды, адамдар-

мен  араласқан  ұнайды»,  –  дейді  Гүлнәзира 

ағынан жарылып.

Гүлнәзира  құрылысқа  1995-ші  жылы  бо-

яушы болып келді. Еңбек жолын Тамара цы-

ганкованың  бригадасында  бастады.  2007-ші 

жылы  оны  бояушылар  бригадирі  етіп  тағай-

ындады,  сол  жылы  ол  құрылыс  колледжін 

сырттай  оқып  бітірді.  2014-ші  жылы  ол  №4 

ҚМБ прорабы болды. Жазда Гүлнәзира компа-

ниямыз рысқұлов даңғылында салып жатқан 

айырымда істеді. «Жігіттер айырымда негізі-

нен әрлеу жұмыстарын атқарды – тірек қабы-

рғаларды,  бағаналарды  бояды»,  –  дейді  Гүл-

нәзира  Әнуарбек.  Қазір  оны  2017-ші  жылғы 

Универсиаданың  ең  үлкен,  күрделі  де  әдемі 

нысаны – Алатау ауданындағы 12 000 орын-

дық Мұзды аренаға ауыстырды. 

«БАЗИС»  компаниясында  жұмыс  істей 

бастаған  алғашқы  жылдары  Гүлнәзира  Пид-

жимге, Ақтауға, Жезқазғанға іссапармен бар-

ды. Прораб болып жүрген кезінде Қоскөл мен 

Сексеуілдіде  істеді.  Табысты  мансап  жасай 

жүріп ол компаниямыз Алматы мен Қазақстан-

ның басқа да қалаларында салып жатқан бар-

лық нысандарында жұмыс істеп үлгерді. 

«Маған Пиджим мен 29-шы орамда жұмыс 

істеген  қатты  ұнады.  Қазіргі  ең  қызықты  да 

күрделі нысан – Мұзды арена. Біздер, прора-

бтар, бригадалардың нысандардағы жұмыста-

рын ұйымдастырамыз. Бригадалардың қажет-

ті құрылыс материалдарын дер кезінде алуын, 

жоспарланған жұмыс көлемін орындауын қа-

дағалаймыз, барлығының жақсы табыс тапқа-

нын  бақылаймыз.  Қазір  бүкіл  жұмысшыны 

Мұзды аренаға ауыстырды. Жаңа жылға дей-

ін қыруар жұмыс атқаруымыз керек», – дейді 

Гүлнәзира  Әнуарбек.  Тартымды  да  сүйкімді 

Гүлнәзира  кез-келген  құрылысшымен  ортақ 

тіл табысады. 

Гүлнәзираның  жолдасы  Келдібай  Мұха-

мадиев  бастапқыда  тас  қалаушы,  кейін  сы-

лақшы-бояушы болып істеді, қазір №2 ҚМБ-

да  әрлеушілер  бригадирі.  Ерлі-зайыптылар 

бір қыз, бір ұл тәрбиелеуде. «ұлымыз 15-те. 

Музыкамен әуестенеді – гитарамен ән салады. 

Қызымыз колледжде оқиды әрі ағылшын тілі-

нен сабақ береді», – дейді Гүлнәзира балалары 

жайында. 

Прорабымыз  отбасының  бір  компанияда 

жұмыс істеуі ыңғайлы екенін айтады. «Үйде 

де  әңгімеміз  таусылмайды.  Жұмысқа  бірге 

келіп, үйге бірге қайтамыз», – дейді Келдібай-

дың жұбайы. 

Нағыз басшы қандай болуы тиіс 

Басшының қандай болуы керектігі жөнін-

дегі  сауалға  Гүлнәзира  «Біріншіден,  нағыз 

бригадир,  басшы  адамдармен  сөйлесе  алуы 

тиіс,  барлығымен  тіл  табыса  алуы  керек. 

Екіншіден,  адамдардың  жайын  ойлау  керек. 

Жұмысты адамдар жақсы жалақы алатындай 

етіп ұйымдастыруға тырысу қажет» деп жауап 

береді. 

Гүлнәзира  құрылыста  әйел  адамға  кейде 

ауыр болатынын жасырмайды, алайда, өзінің 

тәжірибесінің  арқасында  кез-келген  жағдай-

дан абыроймен шығып кете алады. «Бастапқы 

кезде прораб болып істеу аздап қорқынышты 

болатын, бірақ, қолымнан келетінін көргеннен 

кейін  үйреніп  кеттім.  Егер  әлденеден  қауіп-

тенсең немесе қандай да бір күдік туса – ҚМБ 

бастығы  Анна  Денисовнаға  немесе  Сәбит 

Керімұлына барсаң олар барлығын түсіндіреді, 

көмектеседі. Мен мұны қатты бағалаймын». 

Гүлнәзираның айтуынша, өзінің мінезі қа-

тал. «Мінезім қатты. Егер де маған қандай да 

бір  тапсырма  беретін  болса,  оны  уақытында 

және өте сапалы орындаймын. Барлығын та-

лапқа сай жасауға тырысамын және басқалар-

дан да соны талап етемін. Балаларды да қатал 

тәрбиелеймін».

Дарынды адам барлық істе де дарынды деп 

тегін  айтылмайды.  Гүлнәзира  он  саусағынан 

өнері тамған шебер, қолы бос уақытта тоқыма-

мен айналысады, декоративті ағаштар (топиа-

рий) жасайды, түрлі кәдесыйлар істеп, туыста-

ры мен достарына сыйлайды. «Қолөнер ауыр 

жұмыс күнінен кейінгі шаршауыңды басады», 

– деп түсіндіреді өзінің бұл қызығушылығын 

Гүлнәзира жымия отырып.

Отбасы  өзінің  болашағын  әріптестерінің 

басым  бөлігі  секілді  компаниямен  байланы-

стырады.  «Біздің  болашаққа  деген  жоспары-

мыз  «БАЗИС»  компаниясымен  байланысты. 

«БАЗИС» көркейе берсін, ал, біз осында жұ-

мыс  істеп,  компаниямен  бірге  өсіп-өнетін 

боламыз»,  –  дейді  Гүлнәзира  күлімсіреп. 

Айтпақшы,  ерлі-зайыптылар  жылдар  бойғы 

жұмысы  барысында  компания  басшылығы 

атынан күмістен бастап алтынға дейін көпте-

ген мақтау қағаздарына ие болған. 

Білікті адам үнемі ізденіс үстінде 

болады 

Гүлнәзираның  жолдасы  Келдібай  Мұ-

хамадиев  компаниямызда  1997-ші  жылдың 

соңынан  жұмыс  істей  бастады.  «Мені  бірден 

Астанаға  Қазақстан  респуликасының  қаржы 

Министрлігінің  ғимаратын  салуға  іссапарға 

жіберді. «БАЗИС» компаниясындағы манабым 

Астанада басталды деуге болады. Онда біз бес 

жыл болдық – қаржы Министрлігінен кейін 120 

пәтерлік тұрғын үй кешенін, көлік және бай-

ланыс  Министрлігінің  ғимаратын  тұрғыздық. 

Сонан  соң  Алматыға  оралдық.  Компаниямыз 

салып жатқан барлық нысанның құрылысына 

қатыстым деп нық сеніммен айта аламын», – 

деп еске алады Келдібай Мұхамадиев. 

«Алғашқы  бес  жыл  ағаш  ұстасы  болып 

жұмыс істедім. Шамамен 2002-ші жылы сы-

лақшы-бояушы  мамандығына  ауыстым  да 

содан бері осы мамандықты атқарып келемін. 

Үш жылдан аса уақыт бұрын бригадир болып 

тағайындалдым», – дейді Келдібай Мұхамади-

ев. Оның айтуынша, компаниядағы мансабын 

асықпай жасаған, себебі, құрылыс саласының 

өзінің қыр-сыры бар. 

«Әуелі  мен  үйренуші  болдым,  кейін  жұ-

мысшы  болдым,  одан  соң  мамандығым  бой-

ынша дәрежелерге ие бола бастадым – екі жыл 

жұмыс  істеп,  екінші  дәреже  алдым.  Тағы  екі 

жылдан кейін – үшінші дәрежеге ие болдым. 

«БАЗИС» компаниясында жұмыстың сапасына 

ерекше көңіл аударылады. Мен барлық кезең-

нен, сапаны бақылаудың барлық түрінен өтіп, 

төртінші дәреже алдым, тағы біраз уақыт өт-

кеннен кейін маған бесінші дәреже берді. Бұл – 

ең жоғарғы дәреже болып саналады. «БАЗИС» 

компаниясындағы 1997-ші жылдан осы күнге 

дейінгі 18 жылдық еңбек жолым осындай. Бри-

гадир болып жұмыс істеп жатқаныма үшінші 

жыл», – дейді Келдібай Мұхамадиев. 

Келдібайдың  айтуынша,  компанияда  жұ-

мыс  істеген  жылдардың  барлығында  оның 

өмірінде  тұрақтылық  үстемдік  құрып  келеді. 

«Бізде барлық уақытта жақсы жұмыс бар. Жа-

лақыны  уақытында  береді,  жақсы  табамыз  – 

дән ризамыз», – дейді ол ағынан жарылып.

Жұмыс  істеген  жылдары  Келдібай  Мұха-

мадиев  шәкірттердің  бірнеше  буынын  өсіріп 

шығарды. «Компанияға жұмысқа тұрып жата-

тын жігіттердің барлығының бірдей құрылыс 

бойынша  жұмыс  тәжірибесі  бола  бермейді. 

Әлбетте, оларды үйрету қажет. Оларға қай жұ-

мысты қалай атқару керектігін күн сайын көр-

сетіп отыру керек. Әр адам өзін, қолынан не 

келетінін көретеді. Бір жыл, екі жылдан кейін 

оның не істей алатыны, болашағы бар ма жоқ 

па, қаншалықты қабілетті және зерек, осының 

барлығы анықталады. Компания өсуге және да-

муға мүмкіндік жасап отыр, барлығы адамның 

өзіне байланысты. Мәселен, менің ұстазым – 

Мүсілім  Топашев  Мұзды  аренадағы  участок 

бастығы», – дейді Келдібай өзінің қажырлы да 

еңбекқор тәлімгерін мысалға келтіріп.

«Біздің  жұмысымыздың  ерекшелігі  сол, 

адам  аз  уақыттың  ішінде  мамандықтың  бар-

лық  бүге-шүгесін  бірден  ұғына  қоймайды. 

Барлық қыр-сырын түсініп, қолын жаттықты-

рып, жұмыс істей алуы үшін кемінде бір жыл 

уақыт кетеді», – дейді Мұхамадиев. 

«Бір  жылдан  аса  уақыт  бұрын  компания 

перлитті  сылаққа  арналған  арнайы  машина 

сатып алды. Онымен үйдің төбесін сылау өте 

ыңғайлы.  Жеңіс  Нұрбосынұлына  үлкен  рах-

метімді айтамын – ол машинаны маған сеніп 

тапсырды.  Біз  оның  сенімін  ақтауға  тырыса-

мыз», – дейді Келдібай Мұхамадиев. 

 Бүкіл отбасымен бір компанияда 

жұмыс істеу өте ыңғайлы 

«БАЗИС»  компаниясында  аға-жеңгесімен 

бірге Қайрат Мұхамадиев те еңбек етеді. Інісі 

туралы  әңгімелегенде  Келдібайдың  жүзінен 

әкелік  мейірім  мен  қамқорлық  сезіледі.  «Біз-

бен  бірге  інім  Қайрат  жұмыс  істейді  –  1982-

ші жылы туған. 2004-ші жылы оны алғаш рет 

құрылысқа алып келдім. Мен ол кезде Аман-

гелді  Айманбетовтің  бригадасында  жұмыс-

шы  болатынмын.  Қайратты  бірден  бригадаға 

алды. Ол отбасымыздың ең кенжесі, барлығы 

жақсы  көріп,  еркелететін.  11  жылдан  бері  ол 

«БАЗИС»  компаниясының  қызметкері.  Өте 

адал және жауапкершілікті жігіт, үнемі шебер-

лігін шыңдап келеді», – дейді Келдібай інісі әрі 

әріптесі жайында. «Қайраттың отбасы бар – екі 

бала тәрбиелеп отыр. Үлгілі отағасы, балала-

рын өсіріп, адал еңбек етеді. Үй салды. Балалар 

оқуда. Бақытты болу үшін бұдан артық не ке-

рек?», – дейді Келдібай. Бұған қоса, Қайрат өте 

сыпайы. Өзіне назар аудартқанды ұнатпайды. 

Әріптесіміз отбасы болып бір компанияда 

еңбек еткен өте ыңғайлы дейді. «Біздің осын-

да жұбайым және ініммен бірге жұмыс істей-

тініміздің пайдасы көп. Жұмысқа бірге келіп, 

үйге бірге қайтамыз. Балалар шиеттей кезінде 

аздап қиындау болды – жұмысқа кеткенде ба-

лаларды  үйде  жалғыз  тастап  кетуге  мәжбүр 

болатынбыз.  Уақыт  өте  келе  балалар  өсіп, 

есейді.  ұлым  биыл  9-шы  сыныпты  бітіреді. 

Қазірдің  өзінде  өз  тірлігін  өзі  жасайды.  Са-

бақтан  келгеннен  кейін  үйдің  шаруаларын 

атқарады», – дейді Келдібай Мұхамадиев. Ол 

отбасында да, жұмыста да тұрақтылықтың бо-

луы өте маңызды дейді. 

«Қазір әлемде негатив көбейіп кетті – түр-

лі дағдарыстар туып жатыр, адамдар жұмыс-

сыз қалуда. Ал, бізде Аллаға шүкір, барлығы 

тұрақты.  «БАЗИС»  компаниясында  жұмыс 

істеп  үйреніп  қалдық,  біз  мұнда  өзімізді  өте 

жайлы сезінеміз, өзге жерде жұмыс істей ал-

маймыз. Бізге жалақыны ай сайын уақытында 

кідіріссіз беріп отырады. Айта кету керек, біз-

де барлығы заңды. Бұл бағалайтын нәрсе», – 

дейді Мұхамадиев.

Өзіңмен және табиғатпен бірге 

үйлесімділікте 

Компания басшылығы барлық уақытта өз-

дерінің тек білікті маман ғана емес, сонымен 

бірге, сенім артуға болатын азаматтар екенін 

жұмысымен  дәлелдеген  қызметкерлерді 

мақтау қағаздарымен және дипломдармен ма-

рапаттап отырады.

«Астанада жұмыс істеген кезімізде бригада-

да шамамен 15 адам болды. Көлік және байла-

ныс Министрлігінің қарсысындағы ғимараттың 

конференц-залының  төбесін  жасадық.  Төбесі 

әжептеуір  биік  болатын  –  11  метр.  Маған  екі 

жігітті  беріп,  жұмысты  атқару  мерзімін  бел-

гілеп, үшеуіміздің жұмысты осы уақыт ішінде 

аяқтауымыз  қажеттігін  айтты.  Біз  алдымызға 

қойылған  міндетті  ойдағыдай  орындап,  бар-

лық  жұмысты  құрылысшылар  Күніне  дейін 

бітірдік.  Мерекеге  шамамен  екі  күн  қалғанда 

серіктесім  Нарымбек  екеуімізді  конгресс-хол-

лға шақырды. Ойымызда ештеме жоқ, бардық, 

бізге  «БАЗИС»  компаниясының  күміс  мақтау 

қағаздары мен компанияның 10 жылдығы құр-

метіне алғаш шығарылған төсбелгілерді табыс 

еткенде  таң  қалдық.  Бұл  –  менің  «БАЗИСте» 

алған  алғашқы  мақтау  қағазым  болатын.  Сол 

күні  қатты  қуанғаным  есімде.  Қазір  әрине, 

құрылысшылар  Күніне  орай  компания  бас-

шылығының  атынан  алған  мақтау  қағаздары-

мыз аз емес және еңбегіміздің елеусіз қалмай-

тынына қуаныштымыз», – дейді Келдібай. 

Бос уақытта Келдібай Мұхамадиев ауылға 

ата-анасына барғанды ұнатады. 

«Ауылда  өскендіктен  менің  хоббиім  – 

жылқы.  Әке-шешем  ауылда  тұрады.  Уақыт 

болғанда соларға барып, атпен серуендеймін. 

Бәйгелерге  қатысамын.  Ол  жақта  екі  асыл 

тұқымды ағылшын тұлпары бар. Жазда аламан 

бәйге өтіп, жүйрігіміз бірінші орын алды. Бұл 

– менің сүйікті ісім. Құрылыста жұмыс қайнап 

жатады,  қыруар  жұмысты  бітіріп,  көптеген 

міндеттерді шешу керек – уақыт зымырап өтіп 

кетеді.  Ал,  ауылда  тыныштықтан  рахат  таба-

мын. Қымыз ішемін, атқа мінемін, табиғат ая-

сында демаламын», – дейді Келдібай жымиып. 

«Бос  уақыт  болып  жатса  отбасымызбен 

туыстарымызға  қонаққа  барамыз.  Балалар 

кішкентай кезде қыста әр демалыс сайын со-

лармен  сырғанақ  тебуге  баратынбыз,  жазда 

қыдырып, табиғат аясында тынығатынбыз», – 

дейді әріптесіміз.



BN-нен:

Адамдардың бір компанияда бүтін бір от-

басымен  жұмыс  істеуі  компанияның  сенімді 

әрі тұрақты екендігін көрсетеді. Тұрақты жұ-

мысы  мен  қомақты  айлығы  бар  адамдардың 

керексіз  дүниелерге  алаңдамайтыны  құпия 

емес.  Ертеңгі  күніне  сенімді  олар  өзін-өзі 

жетілдіруге, кәсіби дағдыларын көтеруге, қа-

шанда  бәсекеге  қабілетті  және  сұранысқа  ие 

маман болу үшін шеберлігін шыңдап, білімін 

толықтыруға, отбасына және компанияға пай-

да әкелуге тырысады.  

27

BAZIS NEWS №12-1/ 01.01.2016



26

МЕН ЖӘНЕ МЕНІң ОТБАСЫМ




жүктеу 3,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау