жаңа жыл қарсаңындағы қайырыМды істер күні!
Жаңа жыл – барлық бала біткен де, ересектер де ғажайыпты күтетін мереке! Алайда, өкінішке орай, мерекенің
қызығын толығымен сезіне алмайтын және оны үйде емес, туған-туыстардан жырақта өткізетін балалар да бар
– олар денсаулығына байланысты ауруханада жатқан балалар. Қуанышқа орай, жан жылуын оны қатты қажетсін-
гендерге шын жүректен сыйлағысы келетін адамдар да бар.
«Базис» компаниясы қайратты да қажы-
рлы, сөйте тұра, жүрегі сезімтал әрі нәзік,
мейірімге толы адамдар салып жатқан берік,
монолитті ғимараттар тұрғызуда. Осынау
жаңа жыл қарсаңында компаниямыздың қыз-
меткерлері «Қайырымды істер күнін» өткізді
және Жаңа жыл алдында Алматы мен Аста-
наның балалар ауруханасының кішкентай ем-
делушілеріне көптен күткен жарқын мереке
сыйлады. Базистіктер аурухана емделушілері-
не сыйлықтарды Аяз атамен, Ақшақармен
және ертегі кейіпкерлерімен бірге тапсырды.
Балалар сыйлықтарға шын қуанды, шын күл-
ді, интерактивті ойындарға қуана қатысты.
Тосқауылдарды еңсеріп, бір сәт сырқаттарын
ұмытқан олар жаңа жылдық ертегіге жан-
тәнімен беріліп, мерекелік шыршаны жақты.
Алматы мен Астанада барлығы 600-ден
астам балаға қуаныш сыйлай алдық. Біз үлкен
болмаса да, балалар қатты күткен ғажайып ме-
реке жасадық!
Аяз ата, Ақшақар және барлығы
26-шы желтоқсанда «БАЗИС» компаниясы-
ның қызметкерлері Аяз атамен, Ақшақармен
және клоун Пончикпен бірге Астана қаласын-
дағы № 2-ші балалар клиникалық ауруханасы-
ның кішкентай пациенттеріне жаңа жылдық ме-
реке ұйымдастырды. Балаларға тәтті сыйлықтар
мен кітаптар тарту етілді. «Барлығы үлкен әсер
алды. Балалар Аяз ата мен Ақшақардың кел-
геніне, қызметкерлеріміздің өздеріне көп көңіл
бөлгеніне таң қалды әрі қуанды. Барлығының –
кішінің де, үлкеннің де көңілі толды», – дейді
Астана қ. жарнама бөлімінің бастығы Валерия
Юдина. Ол балалардың күлкісі мен жүрекжар-
ды қуанышы қызметкерлеріміздің ешқайсысын
бей-жай қалдырмағанын айтты.
29-шы желтоқсанда Алматының Орталық
қалалық клиникалық ауруханасында жатқан ба-
лаларға арналған мереке өтті. Жаңа жыл алдын-
да аурухана төсегіне таңылған балалар бала-
бақшалар мен мектептердегі таңертеңгіліктерге
қатыса алмағандықтан «БАЗИС» компаниясы-
ның қызметкерлері ұйымдастырған жаңа жыл-
дық мереке кішкентай пациенттерге жағымды
эмоциялар сыйлап қатты қуантты.
Ертегі кейіпкерлері көңілді интерактивті ой-
ындармен, жұмбақтармен, билермен балақай-
лардың көңілін көтерді.
«Сіздердің компанияларыңыздың қызметкер-
лерінің балаларға осындай тамаша мейрам ұй-
ымдастырғанына өте қуаныштымын. Көптеген
балалар сырқаттары мен жарақаттарына байла-
нысты өздерінің балабақшалар мен мектептерде-
гі жаңа жылдық таңертеңгіліктерін өткізіп алды.
Ал, біз, ата-аналар, екі есе қуанулымыз, себебі,
балаларға мереке қатты ұнады», – дейді перзенті
жаңа жылдық мерекелердің дәл қарсаңында ау-
руханаға түсіп қалған аналардың бірі.
Ойын-сауық бағдарламасынан кейін Аяз ата
мен Ақшақар біздің қызметкерлерімізбен бір-
ге палаталарды аралап, балаларды құттықтап,
оларға сыйлықтар табыс етті. Балалар Аяз ата-
мен, Ақшақармен және әріптестерімізбен қуана
суретке түсті. Әсерге толы, әсем де мейірімді
мереке болды.
«Балаларға көңіл бөліп, оларға мереке сый-
лап, сыйлықтар тарту еткен компания қызмет-
керлеріне әкімшілік атынан және жеке өзімнің
атымнан үлкен рахмет айтқым келеді. Балалар-
дың көңілі көтерілді, қатты қуанды. Осындай
қайырымдылықпен көбірек айналысу қажет деп
есептеймін. Жаңа жылда барлығына сәттілік
серік болсын», – деген тілегін білдірді балалар
емханасының өкілі Надежда Ивановна Аксёнова.
Шын жүректен алғыс білдіреміз
Қайырымды акцияға қатысқысы келген-
дердің барлығы бірдей балаларға бара алған
жоқ. Бөлімшелерге тек жақын адамдарға және
санаулы ғана келушілердің кіруіне рұқсат
етілетіні белгілі. Алайда, осыған қарамастан
қызметкерлеріміз қатары көп бола қоймаса да
балаларды құттықтай алды. Біз оларға үлкен
алғысымызды білдіреміз.
Құттықтаушылардың астаналық команда-
сының мүшелері: Юдина Валерия, Ахметов
Мұрат, раев Қасымжан, Дробот Вадим, Отжа-
нов Тоқтар, Сұлтанмұратов Нұрлан,Оразалинов
Ерлан, Маралбаева Мөлдір, Жолтақсынова Па-
рида, Алтынбекова Гүлмира, Абдеева Гүлжан.
Алматылық команданы үш адамға дейін
қысқартуға тура келді. Олар Светлана Федото-
ва, Татьяна Майорова и любовь Ульбашева.
Алайда, біз ауруханалардың талаптарына
түсіністікпен қарадық және әкімшілікке па-
циенттердің халін сұрап, оларды Жаңа жыл-
мен құттықтауға мүмкіндік бергені үшін шын
жүректен алғыс айтамыз.
BN-нен:
Базистіктер компаниямызда жүрегі үлкен
және мейірімді адамдардың еңбек ететінін тағы
бір дәлелдеген қайырымды әрі маңызды акция
өткізді. Барлық балаларды Жаңа жылмен шын
жүректен құттықтаймыз және оларға мықты
денсаулық, табыс және 2016-шы жыл бойы сәт-
тілік серік болуын тілейміз!
Өз ісінің шеберлеріне арналған
лайықты марапат
Пресс-конференциядан кейін Алматы әкімі
Бауыржан Байбек Алматы қаласының дамуы
мен 2017-ші жылы өтетін Универсиаданың
басты нысаны 12 000 орындық Мұз сарайы-
ның құрылысына қосқан үлесі үшін «БАЗИС»
компаниясының бірқатар қызметкеріне мақтау
қағаздарын өз қолымен табыс етті.
«Бұл шаһар тығыз кестемен жұмыс істеп
жатқан құрылысшыларымыздың қолымен
салынуда. Көп нәрсе менеджментке, қаржы-
ландыруға, біліктілікке байланысты. Сіздер-
ге мықты денсаулық тілеп, еңбектеріңіз үшін
алғыс айтқым келеді», – деді Бауыржан Байбек
құрылысшыларға алғыс хаттарын табыстап
тұрып.
Өз еңбектері үшін марапатқа:
Бригадир Найманхан Тәжібаев
Бригадир Ерік Айтбаев
Бригадир Андрей Самородов
Участок бастығы Мүслім Құбашев
Бригадир Нұрхамит Нұрахметов
Жұмыс атқарушы Дидар Қыдыров
№2-ші ҚМБ-ның директоры Анна Жүсіпова
Басқарушы директоры Сергей Швагор
«Қалаларды құрылысшылар салады. Сіз-
дердің ауыр бейнеттеріңізге, жоғары білік-
тіліктеріңізге рахмет, себебі, біліктіліксіз мұн-
дай ғимаратты салу мүмкін емес. Компания
басшылары да, бригадирлер де, күн сайын
құрылыс алаңдарында еңбек етіп жатқандар-
дың барлығы да жай ғана ғимарат салып жат-
пағандарын түсінуі тиіс. Олар Қазақстанның
болашағын және халықаралық универсиада-
ның керемет ғимаратын салып жатыр», – деді
Бауыржан Байбек құрылысшыларға құрмет
грамоталарын тапсырып тұрып.
Әкім қызметкерлерімізді марапаттап біткен-
нен кейін бригадир Андрей Самородов осынау
ғаламат нысанды салуға қатысып жатқан бар-
лық құрылысшылардың атынан Алматы әкімдігі
мен әріптестеріне алғыс білдіріп, барлығын жаңа
жылмен құттықтап, келесі жылы құрылысшылар-
дың бұдан да өнімді еңбек ететіндігіне, нысан-
дарды халықаралық стандарттарға сай сапамен
мерзімінде аяқтайтындығына сенім білдірді.
5
BAZIS NEWS №12-1/ 01.01.2016
4
БІЗДІң БАлАлАрЫМЫЗ