ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
40
Аналардың декреттік демалысқа кетуін
респонденттердің көпшілігі (85,1 %) дұрыс деп
санайды. Тек 7,6 % ғана оны міндетті емес
деген пікірде. Әйелдің декреттік демалысқа
шығуы міндетті емес деп санайтындардың
арасында әйелдерге қарағанда ерлер көбірек.
Яғни олар әйелдер жұмысы мен сәбидің
күтімін қатар алып жүре алады деген ойда.
Әйелдердің 86 % декреттік демалысқа шығу
қажет деп біледі.
Қаржылай жағдайы нашар тұрмыс құрмаған
әйел жоспарсыз жүкті болып қалса, сәбиді
дүниеге әкелуі керек пе, әлде жасанды түсік
жасатқаны
жөн
бе
деген
сұраққа
респонденттердің көпшілігі (85,1 %) әйел
некелік жағдайына қарамастан баланы
дүниеге әкелгені жөн деген пікірді білдірді.
Тек 7,2 % ондай жағдайда түсік жасаудың жөн
екендігін алға тартты. Пікірлердің мұндай
бөлісі бізге әйелдің рөліне қатысты дәстүршіл
көзқарасты көрсетеді. Ол көзқарас бойынша
әйел ең алдымен басқа ештеңеге қарамастан
ана болуға міндетті. Жоспарланбаған баланың
дүниеге келуі жөн деп санайтын ерлердің
үлесі әйелдерге қарағанда көбірек.
Қаржылай жағдайы нашар тұрмыс құрған
әйел жоспарсыз жүкті болып қалса, сәбиді
дүниеге әкелуі керек пе, әлде жасанды түсік
жасатқаны
жөн
бе
деген
сұраққа
респонденттердің көпшілігі (67 %) сол сәттегі
жағдайға қарамастан сәбиді дүниеге әкелгені
жөн деген пікірді қолдады. Бұл жайт бізге
қазақстандық қоғамдағы баланың орны
ерекше құнды деп түйіндеуге ерік береді.
Отбасында бала тәрбиесімен кім айналысуға
тиіс деген сұраққа қатысты респонденттердің
жауаптары жеткілікті деңгейде гендерлік
бағытта болды. 90,5 % балаға ата-ананың
екеуінің де тәрбиесі қажет деген пікірде.
Сауалнамаға қатысқандардың тек 0,8 % ғана
бала тәрбиесімен анасы айналысуға тиісті деп
ойлайды. Бұл факт бізге бала тәрбиесіне ана
мен әкенің екеуінің де қатысуына байланысты
жоғары деңгейдегі эгалитарлық қағидаларды
көрсетеді. Әйтсе де қазақстандық қоғамда
қыздың
тәрбиесімен
анасы,
ұлдың
тәрбиесімен әкесі айналысуға тиіс деген
дәстүрлі қағиданың да бар екендігін айта
кетуіміз керек.
Қазақстандық
жанұяларда
гендерлік
рөлдердің дәстүрлі бөлісі бар. Сауалнамаға
қатысқандардың 71,1 % үй шаруашылығының
көп бөлігі ана мен әйелдің мойнында деген
пікірде. Бар болғаны 3,2 % ғана үйдегі шаруа
эгалитарлық қағидалар бойынша бөлінуге тиіс
деп санайды. Әйелдердің тек 22,4 %, ерлердің
24,6 % үй шаруасы ерлі-зайыптылардың
екеуінің де міндеті деп біледі. Көзқарастардың
мұндай бөлінісі бізді тығырыққа тірейді.
Себебі осының алдындағы сауал аясында
респонденттер қазақстандық әйелдердің ең
басты проблемасы кәсіби міндеттер мен үй
шаруашылығын қоса атқару деп атап
көрсеткен еді. Пікірлердің осындай қарама-
қайшылығы зерттеу нәтижелерін сараптау
барысында жиі көзге түседі.
Қазақстандық БАҚ-тың ерлер мен әйелдердің
бейнесін сомдауға тигізетін ықпалы туралы
сұраққа респонденттердің көпшілігі ондай
ықпалдың жоқ екендігін тілге тиек етті. Бұл
мәселе жөнінде ойланбаған жандардың үлесі
де жоғары. Жауаптардың бөлінісі бізге
қазақстандықтардың ондай ықпалдың бар-
жоқтығына
қатысты
білімдерінің
жоқ
екендігін,
сауалнамаға
қатысқан
қазақстандықтардың гендерлік бейнелердің,
стереотиптер мен стандарттардың қалыптасу
үдерісіне БАҚ-тың сөзсіз ықпалы бар екендігі
туралы ойланбайтындықтарын көрсетеді.
Зерттеудің аясында сауалнамаға қатысқан
қазақстандықтардың басым бөлігі мектепте
де, колледжде де, жоғары оқу орнында да
гендерлік бағыттағы пәндер мен курстарды
оқымағандықтан гендерлік білімнен бейхабар.
Тіпті бүгінгі таңда республиканың колледждері
мен ЖОО білім алып жатқандардың өздерінің
гендерлік мәселенама жөнінде хабары аз.
Ондай
пәндерді
оқыдым
деген
респонденттердің көпшілігі социологияны ең
гендерлік
бағыттағы
пән
ретінде,
ал
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
41
саясаттануды гендерлік сипаты ең аз пән
ретінде атап көрсетті.
Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың
ойынша ерлер мен әйелдер бірдей деңгейде
сырқаттанады. Бірақ олар «салауатты өмір
салтын ұстану», «темекі мен ішімдіктен бас
тарту», «тегін медициналық тексеруді енгізу»
секілді таптаурын нұсқаларды атап көрсеткені
болмаса, аталмыш проблеманы шешу үшін
қандай да бір инновациялық тәсілдер ұсына
алған жоқ. Назар аударуға тиіс бір жайт
ерлердің басым бөлігінің әлі күнге дейін өз
денсаулығын
капитал
ретінде
танып-
білмейтіндігі, ер адамдардың қаншалықты жиі
және
қандай
себептерден
болып
ауыратындығына көп ой жүгіртпейтіндігі
болып табылады.
Сауалнамаға қатысушылардың көпшілігінің
ойынша көбінесе әйелдер мен олардың
балалары зорлық-зомбылықтың құрбанына
айналады. Ер адамдардың да зорлықтың
құрбаны
болатындығы
туралы
дерек
бұрынғыдай
жоққа
шығарылады.
Информанттардың бар болғаны 2,8 % ондай
жағдайдың орын алатындығын мойындады.
Зорлық-зомбылықтың
ең
көп
тараған
түрлерінің қатарында денелей (66,5 %),
психологиялық (57,7 %), сексуалдық зорлық
(45,9 %) атап көрсетілді. Тек 19,8 %
респондент экономикалық зорлықты атады.
Зерттеу барысында алынған жауаптарды
саралау
информанттардың
80,1
%
педофилияны зорлықтың бір түрі ретінде
танып-білетінін көрсетті. Респонденттердің
12,6 % ол туралы мүлде ойланбаған. 4,4 %
педофилдікті ауру деп танып, оны зорлықтың
түріне
жатқызуға
күмәнданса,
2,7
%
зорлықтың түрі емес екендігіне сенімді.
Зерттеу деректері 35,2 % респонденттердің
елдегі педофилия құбылысының өсіп кетуін
психикасы бұзылған, моральдық қасиеттері
төмен
адамдар
санының
көбеюімен
байланыстыратынын көрсетеді. Сауалнамаға
қатысушылардың қалған 43,8 % педофилия
құбылысының кеңінен таралуына сонымен
қатар балаларды қорғау мәселесі бойынша
заңнамалардың тиімсіздігі мен ата-ананың
бала тәрбиесіне қатысты жауапкершілігінің
төмендігі
әсер
етеді
деп
санайды.
Респонденттердің
9,7
%
педофилия
құбылысының БАҚ-та тым көп айтылып,
жарнамалауынан деп білсе, 8,8 % оны батыс
мәдениетінің әсерінен көреді.
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде 15 - 19
жастағы қыздар арасындағы жасөспірімдердің
өзіне-өзі қол жұмсауы бойынша неге жоғары
орында және оның себебін зорлық-
зомбылықтың кең таралуынан көруге бола ма
деген сұраққа жауап беру барысында
респонденттердің 35 % бұл пікірмен
келісетіндігін білдірсе, 34 % бұл сұрақтың
жауабын білмейтінін айтты. Респонденттердің
39 % зорлық-зомбылықпен мемлекет, 28 %
полиция, 22 % азаматтық қоғам күресуге тиіс
десе, 11 % бұл проблеманы адамның өзі
шешуі керек деп санайды. Ерлер де (79 %),
әйелдер де (76,6 %), сонымен қатар барлық
этникалық топтар да зорлық-зомбылықпен
мемлекет күресуге тиіс деп біледі. Барлық жас
топтары
зорлық-зомбылықпен
күресте
мемлекет пен полицияға үміт артады.
Қалалықтар да, ауылдықтар да (78,1 %, 75,3 %)
зомбылықпен күрес үшін мемлекет жауапты
деп санайды.
Респонденттердің 36 % зорлық-зомбылық
құрбандарын
қорғаудағы
полиция
жұмысының нәтижелігіне сенімді емес болса,
26 % бұл мәселе туралы ойланбаған, 22 %
полиция
ондай
жұмысты
нәтижелі
атқармайды деп біледі. Респонденттердің тек
16 % ғана полицияның тиімді жұмысына
сенеді.
«Сіздің ойыңызша Қазақстанда ерлер мен
әйелдер көбірек тең құқылы болуы үшін
қандай шаралар қолданылуы керек?» деген
сұраққа
өкінішке
қарай
сауалнамаға
қатысушылардың 76,1 % Қазақстандағы ерлер
мен әйелдердің жағдайын жақсарту үшін
өзіндік ұсыныстар жасай алмады. Бұл факт
бізге гендерлік саясат туралы көзқарастарды