6
2) салалық бағыттағы магистратурада (оқу мерзімі 1 жылдық) БП
циклінің кӛлемі кемінде 7 кредитті құрайды, оның кемінде 1 кредиті міндетті
компонентке тиесілі;
3) салалық бағыттағы магистратурада (оқу мерзімі 1,5 жылдық) БП
циклінің кӛлемі кемінде 14 кредитті құрайды, оның ішінде кемінде 3 кредиті
міндетті компонентке тиесілі.
21. Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратурада бейіндеуші
пәндер циклінің кӛлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы кӛлемінің 52%-ын
құрайды, оның ішінде 9%-ы міндетті компонент пәндеріне және 91%-ы таңдау
компоненті пәндеріне тиесілі.
Бейіндік бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің кӛлемі
үлгілік оқу жоспарының жалпы кӛлемінің 56%-ын (оқу мерзімі 1 жыл) және
72%-ын (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды, оның ішінде 10% және 12% міндетті
компонент пәндеріне, ал 90% және 88% тиісінше таңдау компоненті пәндеріне
тиесілі.
ӘАОО-да бейіндеуші пәндер (БП) циклінің кӛлемі магистратурада үлгілік
оқу жоспары пәндерінің жалпы кӛлемі кемінде 60% болады, олардың 10%-нан
аспайтыны міндетті компонент пәндеріне және кемінде 90% жоғары оқу орны
компонентіне бӛлінеді, бұл ретте:
1) ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада БП циклінің кӛлемі
кемінде 25 кредитті құрайды, оның ішінде кемінде 2 кредиті міндетті
компонентке тиесілі;
2) салалық бағыттағы магистратурада (оқу мерзімі 1 жылдық) БП
циклінің кӛлемі кемінде 11 кредитті құрайды, оның ішінде кемінде 1 кредиті
міндетті компонентке тиесілі;
3) салалық бағыттағы магистратурада (оқу мерзімі 1,5 жылдық) БП
циклінің кӛлемі кемінде 22 кредитті құрайды, оның ішінде кемінде 2 кредиті
міндетті компонентке тиесілі.
22. Міндетті компонент пәндерінің тізбесі үлгілік оқу жоспарымен
айқындалады. Міндетті компонент пәндерінің кӛлемін қысқартуға жол
берілмейді.
23. Таңдау компоненті пәндерінің тізбесін жоғары оқу орны ӛзі
анықтайды. Бұл ретте жұмыс берушілердің талаптары мен еңбек нарығының
сұранысы ескеріледі.
ӘАОО-да жоғары оқу орны компонентінің пәндер тізбесін ӘАОО ӛз
бетінше айқындайды. Оқудың қосымша түрлері міндетті компоненттен және
жоғары оқу орны компонентінен тұрады. Міндетті компоненттің кӛлемі кемінде
13 кредитті құрайды және кемінде 6 кредиттен тұратын кәсіби практикадан,
кемінде 7 кредиттен тұратын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысынан
тұрады. Оқудың қосымша түрлерінің жоғары оқу орны компонентіне әскери
тағылымдама және/немесе оқудың басқа да түрлері қосылады.
24. Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру
бағдарламасының мазмұны осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
ӘАОО-да ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратураның
7
білім беру бағдарламаларының мазмұны осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес
белгіленеді.
25. Бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының
мазмұны осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
ӘАОО-да салалық бағыт бойынша магистратураның білім беру
бағдарламаларының мазмұны осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
26. Бейіндік магистратураны бітірген магистрант педагогикалық қызметке
кәсіптік педагогикалық бейіндегі бағдарламаларды қосымша меңгеріп, негізгі
дипломға қосымша тиісті куәлік берілгеннен кейін ғана жіберіледі.
27. Бейіндік магистратураны бітірген тұлғалар үшін педагогикалық
бейіндегі білім беру бағдарламасының мазмұны, ӘАОО-ны қоспағанда осы
стандартқа 5-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
28. Магистратурада оқыту мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде
жүзеге асырылады. Оқу тілін магистранттың ӛзі таңдайды.
Үш тілде білім беру бағдарламаларын енгізуші ӘАОО-лар үш тілде:
қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беруді жүзеге асырады. Екі тілде
білім беру бағдарламаларын енгізуші ӘАОО-лар екі тілде: қазақ және орыс
тілдерінде білім беруді жүзеге асырады. Сонымен бірге түрлі тілдерде берілетін
пәндердің пайыздық арақатынасын ӘАОО анықтайды.
3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
29. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мақсаты жоғары рухани
және ӛнегелі қасиет иесі болатын тұлғаның дамуында перспективаларын
ескере отырып еліміздің бәсекеге қабілетті, жоғары білікті, ӛзіндік ойлау
қабілетті және қоғамның прогрессивті техникалық, ғылыми, әлеуметтік-
экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз ететін жоғары білікті
кадрларды дамыту және даярлау болып табылады.
ӘАОО-да ӛз бетінше ойлауға, басқаруға және елдің қорғаныс және
ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық қорғау қызметін жүзеге асыруға
қабілетті, моральдық-адамгершілік қасиеті жоғары, жоғары білікті кадрларды
даярлау жоғары білімнен кейінгі білім берудің мақсаты болып табылады.
30. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұнында айқындалған
негізгі құндылықтар:
1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) ашықтық.
31. Бейіндік магистратураны бiтiрушiлердің негізгі құзыреттіліктеріне
қойылатын талаптар:
оның:
1) мынадай:
ғылыми танымның дамуындағы қазiргi үрдістер туралы;