«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,72 Mb.
Pdf просмотр
бет11/34
Дата19.11.2018
өлшемі0,72 Mb.
#20547
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34

38

39

дамытатын кәсіби маман жоқ. Әдебиет пәнінің мұғалімі 



ретінде  бала  бойындағы  дарыны  -  сөз  өнерін  сурет 

өнерімен  ұштастырып  дамыту  келешек  жұмысымның 

бір  мақсаты  болары  анық.  Н.  салыстырмалы  түрде 

ұқсастығы мен айырмашылығын табу, шешім шығару 

жауапкершілігі өзіне алды. Оқушы ұсынылған деректер 

бойынша  логикалық  қорытынды  шығара  алды, 

нәтижелерді түсіндірді, өзінің ғылыми біліміне сүйене 

отырып, өзін-өзі қандай бағытта даму керектігін және 

қажетті  деңгейге  қалай  жету  керек  екендігін  анықтай 

алды.  Оқушы «С» топтау (синтез), баға (эвристикалық, 

шығармашылық)    деңгейден  көрінді.  Диаграммада 

көрсетілген  ойдың  басым  көпшілігі  Н-нікі  және 

еңбектері ең көп ұпай жинады.

Құлыншақтары жапсырма жүрекшеге толып қалды. 

Сынып жетекшілері ағылшын тіліндегі бағалаудың жаңа 

түрін  ұсынды.  Онда  бестіктің  3  түрі  бар  екен.  Н-ның 

еңбегін топтар «excellent!» («үздік»), ал Е-нің еңбегін 

«great!» («керемет») деп бағалады. Оқыту мен оқудағы 

жаңа  тәсілдер»  модулінен  мұғалімдер  басшылыққа 

алатын:Төртінші тезис: Оқушыларды гипотеза жасауға, 

оны қорғауға, сынақтан өткізуге, құруға уақыт беріңіз 

(Мұғалімдерге  арналған  нұсқаулық,  35-бет),-  деген 

тұжырым орындалды. 

Осы  талданған  сабақ  барысында  «Б»  және  «С» 

оқушылардың  мінездемесіне  тоқталар  болсақ:А.  – 

толық,  көпбалалы  отбасында  тәрбиеленіп  жатыр. 

Мінезі    қызба,  ақкөңіл,  ұйымдастырушылық  қабілеті 

жоғары, шыншыл. Әлеуметтік, зияткерлік, эмоциялық 

кедергілер дер кезінде анықталмай кеткен олқылықтар 

себебінен танымдық қабілеті ашылмай қалған. Емле, оқу 

техникасы,  жүйелі  ой  қорытуы  дұрыс  қалыптаспаған. 

Әйтсе  де  эмоциялық  оң  әсер  еткен  ақпараттардан 

жүйелі  ой  қорытуы  өте  жақсы.  А-ның  соңғы  аталған 

қасиетін  негізге  алып,  танымдық  қабілетін  ашып 

көру  мақсатында  тәжірибеге  алдым.  А.  өзгерісі:  қате 

болса  да  өз  пікірін  айтуға  талпынады.  Бұрын  өзіне 

сенімсіз, жалтақ болса, енді өзінің қажет екенін сезінді. 

16.04.2014  жылғы  сабақта  «БҮБ»  кері  байланысына: 

«Түсіндіруді үйрендім, жобаны қалай қорғауды білдім, 

шылауды толық талдауды білгім келеді, -деп жазыпты.

Е.  толық,  көпбалалы  отбасынан.  Оқуға  қабілетті, 

сауаты  дұрыс  қалыптасқан,  ұқыпты,  салмақты.  Бір 

кемшілігі  –  сабақтан  жиі  қалады.  Бұл–бастауыштан 

қалыптасқан  әдет.  Тапсырманы  бірі  орындаса,  бірі 

орындамайды.  Көп  қатыспағандықтан  сабақ    жұмбақ 

болып, тұйықталып отырады. Е. - мен ашқан жаңалық! 

Е.  өзгерісі:  шығармашылық  деңгейден  бірақ  көрінді. 

Мәтіннен  ой  қорытып  сурет    салады.  Рөлдік  ойынды 

тамаша  ойнады.  Шығармасы  –  «5/4».  Сабақтан 

қалмайды  және  мінезі  ашылды.  16.04.2014  сабақта 

«БҮБ» кері байланысында:

 «Мен топпен белсенді 

жұмыс 

істедім (білдімге), уақыт үнемдеуді үйрендім» дегенді  



жазыпты. 

«Талантты  және  дарынды  балаларды 

анықтау» жөніндегі кейс-стади тәжірибесі анықтағандай 

ата-анамен  жұмысты  жандандыру  керектігіне  осы 

жолы  тағы  да  мына  бір  оқиғада  көз  жеткізілді.  Е. 

дарыны  жайлы  анасымен  пікіралмасуда  «е,  ол  сабақ 

оқымай үнемі сурет салып бос отырады» деген пікірде 

екені  анықталды.  Джудит  Харристің  пікірінің  мектеп 

тәжірибесінде қаншалықты маңыздылығы аңғарылады.

Ендігі  бір  теорияда  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес 

ой  жүгірту  де  күрделене  түседі.  Ой  жүгірту  үш 

түрлі:  ұқсастық  бойынша,  моральдік  пайымдау  және 

зерделеу  теориясы,  -делінген.  Ұқсастық  бойынша 

ой  жүгіртуге  мысалға  5,6-сыныптың  «Қозыкүрең- 




40

41

Спирит»,  «Бір  атаның  балалары  мен  «Жерұйық» 



туындыларына  жасаған  пайымын  атауға  болады. 

Моральдік пайымдауды оқи отырып Кохлбергтің «Ганс 

дилеммасын»  өзім  де  тәжірибелеуге  қызықтым.  Үй 

маңындағы  көрші  балаларға  «Ганс  дәл  осылай  істеуі 

дұрыс  па  еді?»  деп  оқиғаны  мазмұндап  бердім.Н.(4-5 

жаста): ұрлық істеуге болмайды;

І. (5-6 жаста) –олай істеуге болмайды, ол – қылмыс; 

А. (5-сынып): – «Бір жағынан дұрыс, бір жағынан дұрыс 

емес»; М. (8-сынып) - дұрыс; 

Ж. (7-сынып) – дұрыс емес; Ж. (9-сынып) – дұрыс 

емес, заңмен қылмысқа тартылады, -деп жауап берді.

Кохлберг  өнегелі  дамудың  (моральдік  пайымдау) 

теориясында әр түрлі үш деңгейдегі алты кезеңді бөліп 

көрсетті. Н. мен І. жауаптары 1-деңгей. Нормативтікке 

дейінгі  моральдік  пайымдау.1-кезең.  Тіл  алғыштық 

және жазалау сатысын көрсетті. Бұл кезеңдегі балаларға 

ережелерге  бағыну  маңызды,себебі  бұл  жазадан 

құтылу  дегенді  білдіреді.  А.,  Ж.  және  М.  жауаптары 

1-деңгейдің 2-кезеңі. Тұлғалық ерекшелену және дара 

әрекеттесу. Сонымен қоса 2-деңгей (Дәстүрлі моральдік 

пайымдау)  3-кезең.  Тұлғааралық  қатынастар  кезеңі 

ұштасқан  пікір.  Конформизмге  және  «жақсы»  болып 

саналатынның  барлығына;  таңдаудың  өзара  қарым-

қатынасына  әсері  туралы  ойларға  назар  аударылады.   

Ж.  жауабы  2-деңгейдің  4-кезеңі.  Әлеуметтік  тәртіпті 

қолдау сатысын көрсетті. 

Ой жүгіртудің 3-түрі өз санаңның және басқа адамдар 

санасының  мазмұнына  ой  жүгірте  біл  дейтін  зерде 

теориясы (ЗТ) даму психологиясының тұжырымдамасы.

Виммер мен Пернер 3-4 жасқа жеткенде баланың ЗТ 

толыққанды дамиды деп көрсетті («Жалған ұстаным»). 

Флейвелл  мен  оның  әріптестері  метасана  қабілеті 

жасқа  байланысты  өзгереді  және  жасы  үлкенірек 

балалар метакогнитивтік ақпаратты көптеген мөлшерде 

игергендіктен  олардың  үлгерімі  жоғарырақ  болады 

дейді.  Демек,  зейін  де,  жады,  сөйлеу  де  күрделенеді. 

Күні бүгінге шейін біздер «А,В,С» деңгейлі оқушылар 

мәселесімен  айналысудамыз.  Мен  қызмет  атқаратын 

мектеп  -  ШЖМ,  жас  шамасы  әр  түрлі,  біріккен 

сыныптар.

Тиімді  оқыту  және  оқу  стратегияларын  іске  асыру 

жолдарын  қарастырған  бұл  модуль  –  ауыл  мектебі 

үшін  өте  қажет.  Талантты  және  дарынды  балаларды 

инклюзивті оқытудың сәтті тәжірибесі бойдан өткізілді.

Бұл  Бағдарлама  Қазақстан  Респубикасында  білім 

беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік  Бағдарламасының  мақсаттары  және 

міндеттерімен  үйлеседі.  Бағдарламада  балабақша, 

инклюзивті оқыту, ШЖМ мәселелерін шешу туралы да 

маңызды міндеттер қойылған.

Оқушыларды  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  оқыту 

және  оқу  -  ауадай  қажет  оқытудағы  өзекті  мәселенің 

бірі. Өйткені 3 жастан басталатын адамның өмір бойы 

оқу  қажеттілігі  сұраныс  деңгейіне  сай  болу  үшін 

оқытудың  әрбір  кезеңі  маңызды.  Кезінде  балабақша, 

даярлық  тобы,  бастауыштан  кеткен  оқытудағы 

олқылықтардың  зардабын  көріп,  оқушыларымызды 

«А,В,С»  деңгейлеп  отырған  куәлардың  бірі  өзіммін. 

Қазіргі  6-сыныбым  солардың  бірі.  Ақыл-есі  дұрыс, 

логикасы мықты, бірақ бастауышта танымдық деңгейі 

өз мәнінде қалыптаспаған. Өздері қатты намыстанады.

Ондай  балаларға:  «Ештеңе  етпейді.  Аздаған  қателік 

болды, оған не себеп болды екен.  Қане, бірге іздестіріп 

көрейік...  Сен    шынымен  тырыстың...»  (Двек)  тәрізді 

қолдау  көрсетуді  2-аптаның  2-күнгі  тренингінде 

үйретілді. 




жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау