72
73
С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романынан үзінді.
Ахметтің ақыл-ой зеріктігінің үстінде сұңқардың баласындай
бітімі жақсы, көзге түсерлік көркі бар, сөзге шешен, ойдан
шығарғыш - ақын, жарып салма өткір еді. Той секілді жұрт
жиналған жерлерде өлең болсын, ойын болсын, газет, журнал,
кітап оқып, шариғат–насихат айту болсын, ең арты біреуді
сықақтаған қулық болсын, бас бәйге Ахметтікі еді. Тартынбай
тамылжытып сөйлегенде де, өзінен үлкен-кішілердің аузынан
суын ағызып, көңілдеріндегі уын шығара жаздаушы еді. Соның
үшін елдің атқамінер, ақсақалдары: «Оқыды деп Жәукенің
баласын айт. Әне, сондай болсайшы», -деп біреуге ақыл айтқанда
қызға Қамарды үлгі қылатын секілді, бозбалаға Ахметті үлгі
қылып ұрсушы еді.
«Қыз қылығынан» деп... не қылса да, Ахмет осындай-осындай...
қылықты мінездермен құрбы-замандастары арасында айтулы
һәм ағайын, халқына сүйкімді болып, жас та болса біраз жұртқа
атағы да шығып кетті...
І деңгейлік тапсырма. 1. Мәтіннен туынды сөздерді сөз
тұлғасына, мағынасына қарай ажырат. Негізгі түбір: кітап. Туынды
түбір: өткір. Қосымшалы сөз: сұңқардың.
2. Сөз құрамын тұлғаларға бөліп, оларды сызба бойынша
талдап жаз.
Түбір
Жұрнақ
Жалғау
негізгі
туынды
с ө з
тудырушы
сөз
түрлен-
діруші
көптік
тәуелдік
септік
жіктік
ІІ деңгейлік тапсырма. 1. Мәтіннен дара сөздер мен күрделі
сөздерді тауып, олардың жасалу жолын ажырат. Мына үлгіні
басшылыққа ал:
біріккен сөз
қос сөз
Күрделі сөздер
қысқарған сөз
тіркесті сөз
2. Үлкен-кішілердің деген сөзге сөзжасамдық сатылай кешенді
талдау жаса.
(Жалғасы бар)
Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс
Б.ЕСМАҒАНБЕТОВА,
Құмсай орта мектебі.
Ақтөбе облысы,
Мұғалжар ауданы
ТӨЛЕН ӘБДІКОВ. ҚОНАҚТАР
Мақсаты:
1. «Қонақтар» әңгімесіне әдеби талдау жасау, тақырыбын,
идеялық-көркемдік мазмұнын ашу, оқушылардың білімдерін
қазіргі заман үлгілерінен мысал келтіре отырып жүйеге
келтіру. 2. Қазақ халқының бойындағы адамгершілік,
бауырмалдық қасиеттерді бағалай білу, үлкенді, ата-
ананы сыйлауға, ата-ана алдындағы перзенттік борышты
ақтауға тәрбиелеу. 3.Өз бетімен жұмыс істеу дағдысын
қалыптастыру, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ойлау қабілетінің
дамуына, тіл байлығының артуына, өз ойын ашық айтуға,
көзқарасын дәлелдеп шығуға ықпал ету.
Түрі: білімді жинақтау, бекіту.
Әдісі:сұрақ-жауап, пікірсайыс, топтастыру, тірек
сызбалары, іздендіру, топтық жұмыс, мәселелік жағдай
туғызу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.
Көрнекілігі: жазушы портреті, слайдта сызба кестелер,
нақыл сөз, мақал-мәтелдер.
Барысы: І.Ұйымдастыру. Сыныптың сабаққа қатысымын
тексеру, бағалау парағын беру. -Балалар, бүгін сабаққа
қандай көңіл-күймен келдік?
II.Үй жұмысын тексеру. -Балалар, өткен сабақта біз
сендермен белгілі жазушы, драмматург Төлен Әбдіковтің
өмірімен, «Қонақтар» әңгімесімен таныстық. Үйге осы
шығарманы оқып, мазмұндап келуді тапсырған болатынмын.
Олай болса, оқушылар бүгінгі сабағымыз көркем сөздің
шебері -Т. Әбдіктің «Қонақтар» әңгімесінің мазмұнына әдеби
74
75
талдау жасау. Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру.
-Т.Әбдік кім?
Топтастыру стратегиясы бойынша кім екендігіне
тоқталайық. Биылғы, 2014 жылғы мәлімет бойынша
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі қаламгер Төлен
Әбдік «Түркі әлемінің үздік жазушысы» атанды. (Слайдтан
кітаптарын көрсету.) «Парасат майданы» романы үшін 2002
жылы Мемлекеттік сыйлық иегері. 2003 жылы Халықаралық
Кафка және Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлықтарының
лауреаты атанды.
«Қонақтар» әңгімесін барлығымыз үйден толық
оқып дайындалып келдік.- Оқушылар, біз бүгінгі сабақта
3 топ болып жұмыс жасаймыз:I топ «Арман» тобы, II топ
«Сағыныш» тобы, III топ «Үміт»тобы. Топтардың аттарын
тарата жүріп түсініктеме беру. Сахналық көрініске кезек
береміз. Олай болса, «Қонақтар»әңгімесінің негізгі
кейіпкерлері кімдер еді? Слайдтан кейіпкерлеріне тоқталу.
«Біз танитын кейіпкер» кезеңі.
«Топтастыру» стратегиясы: I топ – Ерғабыл ата, II топ -
Сапабек, III топ – Тома.
«Ұтымды сұрақ, дәлелді жауап» кезеңі.
«Ортада қаламсап» (ой шақыру)
«Кубизм» стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап беру.
№1.Баласын күткен қарттардың өзара тәжікелесуінен (сөз
алысуынан ) нені ұқтыңдар? Кемпірдің баласының қолына
барып тұрғысы келуінің себебі неде деп ойлайсыңдар?
№ 2. Ерекең баласының қолына баруға неге қарсы?
№3. Сапабек ауыл адамдарының алдында өзін қалай
ұстады?
№4. Келіні Томаның қылығы (отырысы, шай құюы,
киім киісі) туралы не айтар едіңдер? Қайда өскендігін
аңғардыңдар?
№5. Қарттың ендігі үміті кімде еді? Ол үміті қалай үзілді?
№6. Жастардың ата-ана алдындағы парызы не деп
білесіңдер? Сапабек осы парызды қалай түсінді?
«Мәтінмен жұмыс» кезеңі.
I топ. Кейіпкердің портретін табу.
Сапабек -ат жақты, қапсағай сары жігіт.
Тома -омырау жеңдері ашық шұбар көйлек киген, шашын
қидырған, топ-толық ақ сары, ажарлы келіншек.
Жеңіс -аяқ-қолы шидей, көзі қитар, алтылар шамасындағы
ұл бала.
II топ. Теңеуді табу.
Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтерілді.
Аяқ-қолы шидей. Жаулықтай үлкен ақ орамалының шетімен
көзін сүртті. Сапабек балаларды өзіне қаратқан мұғалімдей
жастар жағын көзімен шалып өтті.
III топ.Тұрақты тіркес, мақал-мәтелдерді табу.
Міз бақпады, ләм-мим демей, басым сынып, шаш етектен,
қолыңның қаруы бар ғой, мызғып, көзі ілінді.
Мақал-мәтелдер: қара арғымақ арыса, қарға адым жер
мұң болар.
Сахналық көрініске кезек береміз.
«Пікірсайыс» кезеңі.
Әңгіменің негізгі кейіпкері Сапабектің іс-әрекеті, ата-
анасына деген көзқарасы дұрыс па, әлде бұрыс па?
«РАФТ әдісі» бойынша кейіпкерге хат жазу.
Сапабекке хат жазу. «Сұраққа жауап беру» кезеңі.
I топ. Қонақтың қандай түрлері бар?
II топ. Сапабек қандай қонақ?
III топ. Әңгіме не себептен «Қонақтар» деп аталған?
«Ой түю»кезеңі. Концептуалдық кесте толтыру.
Білемін
Білдім
Білгім келеді
Үйге тапсырма беру. Т.Әбдіктің «Қонақтар» әңгімесін
оқып, мазмұндау. «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер»
тақырыбына ойтолғау жазу. Бағалау.