«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,72 Mb.
Pdf просмотр
бет12/34
Дата19.11.2018
өлшемі0,72 Mb.
#20547
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34

42

43

Нені  дамытамын?..  Бұл  сұрақ  терең  ойларға 



жетелеп, ұшын табар емеспін... Қазақ «саусақ бірікпей, 

ине  ілікпейді»  дейді.  Нәтижелі    өнім  қоғамдасқанда 

болады.  Сыныптастар  болсын,  әр  түрлі  жастағылар 

болсын  ең  бастысы  топтастыра  ынтымақтастық 

әрекеттерге  бағыттай  білсек  алынбайтын  қамал 

болмайтынына  тәжірибе  жүзінде  көз  жеткізілді.  Ата-

аналармен  байланыс  басты  қызметімнің  бірі  болмақ.

Оқушыларға А,Б,С көзқараспен емес, әрқайсысы дара 

тұлға  деп  қарап,  Бағдарламаны  үнемі  басшылыққа 

алып қызметімді дұрыс атқарсам мақсатыма жеткенім.

 

 

 



Әдебиеттер:

1  Мұғалімдерге  арналған  нұсқаулық,  «Назарбаев 

Зияткерлік мектебі» ДББҰ.Үшінші басылым, 2012.

2  1-«Бетпе-бет»  кезеңінің  таратпа  материалдары, 

2-апта, 2-күн.

  3  Тапсырмалар,    «Назарбаев  Зияткерлік  мектебі» 

ДББҰ. Үшінші басылым, 2012.

 

Как и почему вошла модуль, серия уроков в 



программу «Обучение учеников по возрасту»

 

Статья  рассматривает  проблему  обучения 



студентов по возрасту.

 

Ключевые слова: учебный модуль, серия уроков, 



программа, возраст.

 

As and why entered module, series of lessons in 



the program «Educating of students on age»

 

The  article  examines  the  problem  of  educating  of 



students on age.

 

Key words: educational module, series of lessons, 



age, program.

ӘОЖ 82.0                                                                    



С.ТӨЛЕУОВА,   

Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп.

 Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы 



МЕКТЕП ОҚУЛЫҚТАРЫНДАҒЫ            

КЕЙБІР ТАҚЫРЫПТАРДЫ 

Қ.ЖҰБАНОВ ЕҢБЕКТЕРІМЕН 

ТОЛЫҚТЫРУ

   


Мақалада мектеп оқулықтарындағы кейбір тақырыптарды 

Қ.Жұбанов еңбектерімен толықтыру мәселесі қозғалған. 

Түйін  сөздер:  мектеп  оқулықтары,  Қ.Жұбанов 

шығармалары, тақырыптар.

Қазақ елінің ел болып қалыптасуына елеулі еңбек қосып, 

мәдениеті  мен  өнерінің  өркендеуіне,  тілі  мен  әдебиетінің  

дамуына сүбелі үлес қосқан қазақтың зиялы ұлдарының бірі 

–Құдайберген Қуанұлы Жұбанов. Халықтың басына төнген 

зұлмат  заманның  қара  бұлты  Құдайберген  Жұбановты  да 

айналып өтпейді. 1937 жылдың қараша айында тұтқындалып,  

арада бір жыл өткенде ату жазасына кесіледі. Арада 20 жыл 

өткен  соң  ғана  ғалымның  еңбектері  көпшілік  назарына 

ұсынылады.

М.Әуезов:  «Өздігінен  оқып,  ғылым-білімнің  әр 

саласынан да әжептәуір хабардар болған Құдайберген сонау 

ерте уақыттардың өзінде - 20-жылдар ішінде математикадан, 

физикадан,  химиядан  техникумдарда  сабақ  беріп, 

философияны,  логиканы,  психологияны,  рефлексологияны 

тесіле зерттеді...Бірақ Құдайбергеннің шын ықылас қойып, 

мықтап  бет  бұрған  ғылымы  –  тіл  білімі  болды»,  -  деп  [1, 

76-б.].  Қ.Жұбановтың ғылым саласындағы еңбегіне нақты 

тұжырым жасаған.




44

45

Саналы  ғұмырын  қазақ  тілінің  қалыптасуына  арнаған  



ғалым    қазақ  тіл  білімінің  алғашқы  профессоры  атағына 

ие болады. Себебі профессор Құдайберген Жұбанов  қазақ 

тілі ғылымының барлық саласына, атап айтсақ ономастика, 

фонетика, термин,  синтаксис   тараулары бойынша өндіре 

еңбек етті.               

Ғалымның еңбектерін Р.Сыздықова жетіге бөліп қараған. 

Олар:

1.  Фонетика.



2.  Қазақ тілінің грамматикасы.

3.  Жалпы тіл білімінің тарихи кейбір мәселелері.

4.  Қазақтың ұлттық әдеби тілінің  дамуы мен тарихы.

5.  Қазақ жазуы, орфография, терминология.

6.  Оқулық, программа, методика.

7.  Мәдениет пен өнер мәселелері.    [6,25-б.]

Құдайберген  Жұбанов  тек  қана  қазақ  тілінің  ғана  емес 

өзге ұлттардың  тіл саласының дамуына да үлес қосқанын  

Ғ.Ормановтың:  «Қазақстанда  емле,  термин  мәселелері 

реттелмеген  ұлттар  бар.  Мәселен,  ұйғыр,  дүнген.  Ұйғыр 

халқының  республикалық  мәдениет  съезі  емле,  термин 

мәселелерін  қарағанда  осы  профессордың  аянбай  ат 

салысқанын көрдік. Талай ғылыми түйіндерді шешіп берді. 

Ұйғыр  халқы  қандай  риза  болды  десеңші.  Биыл  ол  ұйғыр 

халқының  толық  тіл  грамматикасын  жазып  берді.  Дүнген 

халқының тіл маманын әзірлеуге де ат салысып жүр.»,- [2] 

деген пікірінен аңғаруға болады. 

Ғалымның  еңбектерін  қарастырған  кезде  оның  тіл 

білімінің  барлық  салаларына  үлес  қосқанын  аңғаруға 

болады. Тілді құр біліп қана қоймай, тіл саласы  бойынша 

терең  білімді  жан  болғанын    оның  «Фонетика»,  «Қазақ 

тілінің грамматикасы», «Буын», «Буын жүйесінің маңызы», 

«Буын  жігі қайткенде оңай табылады» еңбектерінен тануға 

болады.


Қазақ тілі ғылымында профессордың зерттеген еңбектері 

бүгінгі  мектеп  оқулықтарына  енгізілмеген.  Мысалы 

«Одағай» тақырыбын Қ.Жұбанов:

1. Шаруашылық одағайлары.

2. Қатынас одағайлары.

3.Көңіл одағайлары, - деп жіктеп берсе [5, 126-б], қазіргі 

оқулықтарда «Одағай» тақырыбын:

1.Шақыру одағайлары.

2.Жекіру одағайлары.

3.Көңіл-күй  одағайлары,  -  деп  3-ке  бөледі.  Оқулықта 

«Шақыру  одағайлары  мал,  ит-құсты  шақыру,  қуумен 

байланысты мәнді білдіреді», - деп анықтама берілген. Осы 

анықтаманы  оқыған  кезде  «Шақыру  одағайын»  Жұбанов 

оқулықтарындағыдай  «Шаруашылық одағайы» деп атаудың 

дұрыс екеніне көз жеткіземіз. Қазіргі қазақ тілді  жастардың 

өзі көп сөздердің мағынасын түсіне бермейді. Оқулықта да 

Ғ.Әбуханов  пен  С.Исаевтың  «Қазақ  тілі»  оқулықтарында 

да  тек    шақыру  одағайларын  тізбектеумен  шектелген.  Ал 

Қ.Жұбановтың  «Одағай»  тақырыбындағы  мақаласында 

жануардың  әр  қайсысына  қарата  айтылатын  одағайларға 

түсінік  берілген.  Мысалы:  сиырды  шақырғанда-  ау-хау; 

тәуір  көргенде  әукім-әукім;  қайтарғанда  -өк(әк),  саууға 

шақырғанда  шәуім-шәуім;  боразданың  басына  шыққасын 

жегулі  өгізге  соп-соп;  түйені  шақырғанда  -  көс-көс,  кәуіс-

кәуіс; қайтарғанда -шөгергенде-шөк-шөк; суарғанда - сорап-

сорап.[5; 126-8-б.]. Бұл берілген дәлелдемелерге қарап, оның 

тілдік  материалдарды  жалаң  алып  қарастырмай,  өмірмен, 

тұрмыспен  салыстыра  зерттегені  көрінеді.    Оқушылардың 

тест тапсыру кезінде «Шақыру одағайларының» мысалдарын 

шешу барысында қиналатынын мектеп мұғалімдері байқап 

та    жүр.    А.Байтұрсыновтың  «Тіл  құралы»  еңбегінде  де 

«Шақыру одағайын» «Шаруашылық одағайы » деп атағанына 

сүйенсек,  Қ.Жұбанов  та  осылай  атағандықтан  болашақта 



жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау