122
(сызықтық әдісі жеткілікті) тәсілін қолданған жӛн. Кондициялық талаптарға сай, сүт
шикізатын дайындау үшін фермаларда, не болмаса сүт қабылдау пункттерінде
сыйымдылығы 100-3000 л цилиндр немесе эллипс тәріздес, жылуоқшауланған
тотықпайтын болаттан жасалған, суықтық агенті циркуляцияланатын, сүт танктерін
орнатады.
Ірі қара мал, оның ішінде сауын сиырларын ӛсіру - мал шаруашылығының тиімді
саласының бірі. Республика жалпы ішкі ӛнім құрылымында ол 92%, ал түгел
ауылшаруашылық ӛнімінің - 15%-нан артық орын алады. Соңғы жылдары сүт ӛндірісінің
кӛлемі артқанымен, сиыр сауу, сүтті алғашқы ӛңдеу, ұқсату, сақтау және тұтынушыларға
ӛткізу барысындағы жӛнсіз шығындар азаймауда. Республика бойынша сүт ӛндірудің
кӛлемі
Алматы,
Қостанай,
Солтүстік
Қазақстан
және
Ақмола
облыстары
шаруашылықтарында арта түсті. Сондықтан, сүт және сүт ӛнімдерін сапалы түрде
дайындаудың маңызы зор.
Соңғы, 1999-2012 жылдары, сүт ӛндірудің күрт тӛмендеп кетуіне байланысты,
кәсіпорындар сақтау мерзімі ұзақ – сарымай, ірімшік және құрғақ сүт ұнтағын ӛндірді.
Сол себепті, сүт ӛңдейтін кәсіпорын рентабельдігі 5-7%-ға дейін тӛмендеп кетті. Оған
басты себептердің бірі – сүт ӛнеркәсібінде моралдық және физикалық тұрғыдан ескірген
жабдықтардың қолданыста болуы (70%-ға дейін). Тек, сала еңсесі кӛтерілуіне орай, бір
ғана Алматы қаласының ӛзінде АҚ «Агропродукт», АҚ «РайымбекАгро», т.б.
инновацииялық технологияларға негізделген, осы заманғы техникамен жабдықталған, ірі
сүт ӛнімдерін ӛндіретін кәсіпорындар іске қосылды.
Дегенмен, сүт ӛңдейтін барлық кәсіпорындарда, ұсақ не ірі екеніне қарамай,
экологиялық мәселелердің толық шешілмегендігі белгілі: ӛнім сапасының ішкі және
сыртқы рынокта бәсекелестік деңгейін кӛтеру, сүт ӛндірісінің технологиялық регламентін
қадағалау және сақтау, термия-лық, санитарлық-гигиеналық параметрлерін орнықтыру,
ӛндірістің қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту және т.б. Сүт тағамдарының
ассортиментін және сапасын ұлғайтуда әртүрлі биологиялық активті заттарды пайдалану,
полифункциялы қоспаларды қосудың рӛлі ерекше. Соның нәтижесінде, тауардың
бәсекелестік қабілетінің экономикалық құрамдас кӛрсеткіші - ӛткізілген сүт ӛнімінің
бағасы арта түседі.
Нарықтық экономика жағдайында адамзаттың әртүрлі ӛмірлік қажеттілікке
сұранысы шексіз бола тұра, ресурстың (қордың) шектеулі болатындығы белгілі. Адамдар
бір тауарды екінші тауарға айырбастап, ӛз сұраныстарын толығырақ қанағаттандырады.
Экономикалық ресурс-тардың тапшылығы, сиректігі қоғамдық еңбектің бӛлінуі және
ӛндіріс салалары мен адамзат тіршілігінің мамандануына әсер етеді. Осы экономикалық
жүйе еңбектің бӛлінісі мен салалардың тереңдетілген мамандануының желісі деп білуге
болады. Нарық сонымен қатар, осы заманғы шаруашылықаралық қатынастардың нашар
және жақсы жақтарын сипаттай келе, олардың қалыптасуына белсенді әсер етеді.
Жоғарыда аталған факторлар сүт ӛндірісіне тікелей қатысты. Ӛндіріс жүргізілуі мен
нарықтық қарым-қатынас оңтайлы жағдайда ӛткенде, тауарӛндіруші табыстың орта
нормасын алуға әрекеттенеді, соңғы кӛрсеткіш таза табыс пен тауар құнында
материалданған шығынның арақатынасын кӛрсетеді. Осы заңдылық ӛзара тиімді
жағдайда
тауарӛндірушілердің интеграциялануына, бұл жәйт - сүт ӛндірісінің әр түрлерін
дамытуды және сапасын арттыруды қолдайды.
Нарықтық экономиканың заңдары объективті сипатталады, оларды есепке алмай,
сүт ӛнімдерін ӛндіру экономикасын елде және халықаралық қатынастарда дұрыс
қалыптастыру мүмкін емес.