Алматы экономика және статистика академиясы «Сібір бизнес, басқару және психология институты» мемлекеттік емес жоғары кәсіпкерлік білім беру мекемесі



жүктеу 2,87 Mb.
Pdf просмотр
бет19/119
Дата17.11.2018
өлшемі2,87 Mb.
#20440
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   119

41 
 
индустриялық-инновациялық 
саясаттың 
басты 
нысанасы 
болып 
табылады.  
Дүниежүзiлiк  экономиканың  ғаламдануы  аясында  Қазақстан  экономикасы  бiрқатар 
проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр 
жақты  шикiзат  бағыттылығы,  әлемдiк  экономикаға  ықпалдасудың  әлсiздiгi,  ел  iшiндегi 
салааралық  және  ӛңiраралық  экономикалық  ықпалдасудың  босаңдығы,  iшкi  рынокта 
тауарлар  мен  қызметтерге  деген  тұтыну  сұранысының  мардымсыздығы  (шағын 
экономика),  ӛндiрiстiк және  әлеуметтiк  инфрақұрылымның  дамымауы,  кәсiпорындардың 
жалпы  техникалық  және  технологиялық  тұрғыдан  артта  қалушылығы,  ғылым  мен 
ӛндiрiстiң  арасында  ықпалды  байланыстың  болмауы;  ғылыми-зерттеу  және  тәжiрибелiк-
конструкторлық  жұмыстарға  (бұдан  әрi  -  ҒЗТКЖ)  қаржының  аз  бӛлiнуi,  менеджменттiң 
экономиканы  Ғаламдану  процестерiне  және  сервистiк-технологиялық  ӛтуге  бейiмдеу 
мiндеттерiне 
сәйкес 
келмеуi.  
 
Проблемаларды  шешу  және  Стратегия  аясында  алға  қойылған  мақсаттар  мен 
мiндеттерге  қол  жеткiзу  үшiн  Даму  Банкiнiң  қызметiн  жандандырумен  қатар 
Қазақстанның  инвестициялық  қоры,  Экспортты  сақтандыру  жӛнiндегi  корпорация, 
Инновациялық  қор  сияқты  арнайы  даму  институттарын  құру  кӛзделiп  отыр.  
 
Бұл  ретте  осы  институттар  қосылған  құны  жоғары  жаңа  ӛндiрiстердi  құруға  және 
олардың  жұмыс  iстеп  тұрғандарын  дамытуға  және  келелi  салаларды  кешендi  талдау, 
олардың  ең  маңызды  элементтерiн  анықтау  негiзiнде  ғылыми  және  ғылыми-техникалық 
зерттеулер  мен  әзiрленiмдерге  қолдау  кӛрсетуге  инвестициялау  саясатын  жүргiзетiн 
болады.  
Стратегия  елде  ғылымды  және  инновациялық  қызметтi  ынталандыруға  бағытталған 
белсендi  мемлекеттiк  ғылыми  және  инновациялық  саясат  жүргiзудi  кӛздейдi.  Алға 
қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi дамыту және фискалдық, 
бiлiм  бepу,  монополияға  қарсы,  инфрақұрылымдық  саясатты  жетiлдiру  кӛзделiп  отыр. 
Стандарттау  саясаты  шеңберінде  экономиканың  және  басқарудың  барлық  салаларында 
әлемдiк 
стандарттарға 
кӛшу 
кӛзделуде.  
 
Стратегияны  ойдағыдай  iске  асыру  экономиканың  адам  капиталын,  ӛндiрiлген 
және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты ӛркендеуiне алып келетiн 
оның  құрылымында  сапалы  ӛзгерiстер  жасауға,  Қазақстанның  әлеуметтiк  дамудың  және 
қоғам  құрылысының  сапалық  жаңа  деңгейiне  шығуына  ықпал  етуi  керек.  
Экономиканы  мемлекеттiк  реттеу  әдiстерi  мен  тетiктерiн  жетiлдiру  жӛнiндегi  жекелеген 
ұсыныстарды  негiздеу  үшiн  Стратегияның  тиiстi  бӛлiмдерiнде  импортты  алмастыратын 
және  экспортқа  бағдарланған  саясатты  iске  асыру  жӛнiндегi  шет  елдердiң  тәжiрибесi, 
оның  iшiнде  экспорттық  саясаттың  әрқилы  түрлерi  мен  кезеңдерi,  сондай-ақ  әлемдiк 
рыноктарда  бәсекелестiк  артықшылыққа  қол  жеткiзуге  мүмкiндiк  беретiн  факторлар 
келтiрiлген.  
Жалпы  алғанда  Стратегияны  iске  асыру  нәтижесiнде  2015  жылға  қарай  ел  экономикасы 
сервистiк-технологиялық 
дамуға 
ӛтуге 
дайын 
болуы 
керек. 
 
1.  Әлемдiк  экономиканың  үрдiстерiн  талдау  және  Қазақстан  экономикасының 
бәсекелестiк 
қабiлетiн 
арттыру 
проблемалары 
 
1.1. 
Әлемдiк 
экономиканың 
даму 
үрдiстерiн 
талдау  
Екiншi  дүниежүзiлiк  соғыстан  кейiн  капитализмнiң  әлемдiк  жүйесi  ӛзгерiске  ұшырап, 
монополистiк  немесе  трансұлттық  капитализмнiң  жаңа  белгiлерiне  ие  болды.  
Мұндай  ӛзгерiс  әлемдiк  сауданың  едәуiр  ӛсуiмен,  трансұлттық  компаниялардың  пайда 
болуымен, шетелдiк инвестициялардың елеулi түрде артуымен және  сауда шарттарының 
ырықтануымен сипатталады. Халықаралық валюта қоры және Дүниежүзiлiк банк сияқты 
институттар 
пайда 
болды.  
Егер  елуiншi  жылдары  әлемдiк  экономика  дүние  жүзiндегi  барлық  елдердiң  ұлттық 
экономикасының  жиынтығы  болса,  ал  60-жылдардан  бастап  корпорацияларды 
трансұлттық  белгiлерi  бойынша  ұйымдастыру  үрдiсi  кӛрiнiс  бере  бастады.  
Тоқсаныншы  жылдарға  қарай  тауарлар  мен  қызметтер  ӛндiру  процесi  толымсыз  сипат 


42 
 
алып,  әлемнiң  барлық  елдерi  бойынша  шашыраңқы  орналасты.  Қаржы-ӛнеркәсiп 
капиталы 
трансұлттық 
сипатқа 
ие 
болды.  
 
Дамушы  елдер  үшiн  бұл  ӛзгерiстердiң  маңызы  аса  зор.  Дамыған  және  дамушы 
елдер  арасындағы  шеткерi  аймақтар  шикiзат  жеткiзуге,  ал  орталық  оны  ӛңдеп,  шетке 
қайта  жеткiзуге  негiзделген  дәстүрлі  қарым-қатынастар  айтарлықтай  ӛзгердi.  
Ғаламдық капитализм жағдайында дамушы елдер ӛндiрiстiк процесс тiзбегiне тартылып, 
қосылған құны барынша тӛмен тауарлар ӛндiрiсiнiң салыстырмалы тӛменгi сатысындағы 
тауарларды 
ӛндiрумен 
айналысады.  
 
Әлемде  индустриялық  саясат  жүргiзудiң  мол  тәжiрибесi  жинақталған.  Санаулы 
елдердiң  ғана  экономиканың  бiр  ӛнiмге  тәуелдiлiк  проблемасын  ойдағыдай  шешiп,  ӛз 
ӛнеркәсiбiн  әртараптандыра  алғанын  атап  ӛтуге  болады.  Экспорттың  құрылымын 
әртараптандыру  үшiн  индустриялық  саясатты  қолдану  түрлi  елдердiң  тарихи  ӛткен 
кезеңiнде  импортты  алмастыруға  және  экспортқа  бағдарланған  саясаты  мысалдарынан 
айқын  байқауға  болады.  Негiзiнен  осындай  саясат  қолданылған  Латын  Америкасы 
(Мексика  және  Бразилия)  және  Шығыс  Азия  (Оңтүстiк  Корея  және  Сингапур)  елдерiне 
жасалған талдаудан экспортқа бағдарлану арқылы тұрақты экономикалық ӛркендеуге қол 
жеткiзуге 
болатындығы 
туралы 
негiзгi 
қорытынды 
жасауға 
болады.  
 
Тарихи  ӛткен  кезеңде  Латын  Америкасы  елдерi  де,  Шығыс  Азия  елдерi  де 
импорттың  орнын  басу  және  экспортқа  бағдарланған  кезеңдерiнен  ӛткен.  Шығыс  Азия 
елдерiнiң  белгiлi  бiр  кезеңде  импортты  алмастыру  саясатынан  бас  тартып,  экспортты 
қолдау  саясатына  кӛшуі,  ал  Латын  Америкасының  импорт  алмастыруға  ерекше  кӛңiл 
аударуы 
осы 
елдердiң 
ерекшелiгi 
болып 
табылады.  
 
Экономикалық  теория  тұрғысынан  алғанда  экспортқа  негізделген  саясаттың 
табысты  болуы  түсiнiктi,  себебi  ӛзiнiң  iшкi  рыногының  әлеуетiн  сарқып  тауысқан  елдер 
ӛздерiнiң  экономикалық  даму  процесiн  тоқтатпау  үшiн  сыртқы  рыноктарды  игере 
бастауға  мәжбүр  болады.  Латын  Америкасының  елдерi  импорт  алмастыруды  қолдай 
отырып,  нақты  бәсекелестікке  емес,  жасалған  әкiмшiлiк  және  тарифтiк  тосқауылдарда 
негізделген салаларды құрғандығын атап ӛту керек. Бұл салалар нығайып алғаннан кейiн 
жаңғыртудың және ӛнiмдiлiктi арттырудың орнына ӛз ресурстарын импортты алмастыру 
саясатын  одан  әрi  сақтап  қалу  мақсатында  мемлекет  арқылы  ӛз  мүдделерiн  барынша 
қорғап  қалуға  бағыттады.  Осының  салдарынан  ресурстар  тиiмдi  бӛлiнбей,  ұлттық 
экономикалар 
халықаралық 
бәсекеде 
ұтылып 
жатты.  
 
Жалпы алғанда жаңа ғаламдық экономикалық жағдайды қалыптастыратын әлемдiк 
экономикадағы 
басым 
үрдiстердi 
тӛмендегiше 
жiктеуге 
болады:  
дамыған елдерде индустриялық экономикадан сервистiк-технологиялық экономикаға ӛту;  
ғаламдану;  
экономиканы 
ырықтандыру;  
ғаламдық 
бәсекенiң 
артуы 
және 
ӛңiрлiк 
ықпалдасу.  
Жиырмасыншы  ғасырдың  соңғы  ширегiнде  экономикалық  дамыған  елдер  индустриялық 
даму сатысынан аса жоғары сервистiк-технологиялық экономикаға ӛттi. Бұл елдерде ЖIӚ 
үлкен  бӛлiгi  қызмет  кӛрсету  секторында  қалыптасады.  Мұндай  қызметтердiң  айқын 
байқалатын 
ғылыми 
және 
инновациялық 
негiзi 
бар.  
Экономикасы дамыған елдерде зияткерлiк ресурстар және қаржы капиталы шоғырланған, 
ал  индустриялық  ӛндiрiс,  әсiресе  еңбектi  кӛп  қажет  ететiн  ӛндiрiстер  бiртiндеп  әлемнiң 
экономикалық  даму  тұрғысынан  неғұрлым  артта  қалған  елдерiне  ауысуда.  
1.2. 
Қазақстан 
экономикасы 
құрылымын 
әртараптандыру 
проблемалары  
Тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстан жаhандық экономикада әлемдiк тауар рыноктарына 
мұнай, газ, қара, түстi, жерде сирек кездесетiн және қымбат металдар мен уран ӛнiмдерiн 
шығаратын  ел  ретiнде  қарастырылады.  Ауыл  шаруашылық  ӛнiмдерiнен  астық 
экспортының 
келешегi 
бар.  
Қазақстанда  пайдалы  қазбалардың  iрi  қорларының  болуы  оның  салыстырмалы 
экономикалық  артықшылығы  болып  табылатындықтан,  ол  қазiргi  уақытта  классикалық 


жүктеу 2,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   119




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау