1964 жылы канадалық коммуникативист Маршалл Маклюэн өзінің бір зерттеуінде
«коммуникация құралдары дегеніміз хабарлама» деп жазады. Мұның мәні: хабарла-
ма – тек сөз ғана емес, оның немен жеткізілгендігі дегені еді. Коммуникация құралы
хабарламаны қабылдауға ерекше
әсер етеді.
«Жарайсың» деген сөзді алып
қаралық. Бұл сөзді жай ғана жазуға
да, сөзбен әдемілеп жеткізуге де,
сондай-ақ іс-әрекет арқылы да
көрсетуге болады. Бір ғана сөздің
мән-мағынасы бірде мақтау мен
таңданысқа айтылғандығын көр-
сек, енді бірде жарқ беріп мүлдем
басқа жақтыртпаушылық пен иро-
нияны анық байқатады.
«Жазалауға болмайды кешіру-
ге» деген тіркесте үтір қай жерге
қойылу керек? Осы сөзді ешқан-
дай әсірелеусіз бірқалыпты оқып
шыққан адамды көз алдыңызға елестетіңізші. Және ол қандай мағына беретініне де
назар аударыңыз. Егер осындай тіркестер естуге бағытталған болса, оны тыңдарман
қате түсініп қалуы мүмкін. Мұндай фразаларды айтар кезде мағыналық паузаларды
дұрыс қою керек. Сонда тыңдаушы үтірдің қай жерге қойылғандығын жете түсінетін
болады. Ал күнделікті қарым-қатынас кезінде сөйлеу жылдамдығы артатындықтан,
онда мағыналық кідіріске бөлінетін уақыт та азаяды. Сол себепті, тыңдаушы мұндай
сөйлемдерді тікелей мағыналық жағынан қалай қабылдады, солай түсінеді.
Мұндай тұрақты сөз тіркесін телевизияда айтатын болса, жоғарыдағы мысалға
қарағанда оны қабылдау жағынан қатеге ұрынбауы мүмкін. Себебі, мұнда бұл ке-
леңсіздікті бейнеқатар жауып кетеді. Визуалды ақпаратты дыбыстық жазба –мими-
ка, іс-әрекеттер және т.б толықтырады.
Мұндай қателіктерден бойды аулақ салудың жалғыз жолы – нақылдарды таспаға
қашап жазу, ондай жағдайда екі түрлі түсіндірудің қажеттілігі болмайды. Алай-
да бұл тек идеалда ғана. Шынайы
өмірде адамдар қателесе бермек.
4.
МЕДИАДАҒЫ СӨЗ ЖӘНЕ
АҚПАРАТ ТІЛІ
мо-ло-дец!
Басылымда үтірді қою қиын
емес, ал дауыс ырғағы тұрғы-
сынан келгенде мұны жасау
қиын.
20
Мысал кетірейік. Ақпаратты толық
жеткізудің тәсілі - аудиовизуалдылық.
Көрермен көреді, тыңдайды. Енді бір топ
адам мен инструкторды көз алдыңызға
елестетіңіз. Инструктор қолына шаршы
етіп қиылған ақ қағазды ұстап, не істеу
керектігін көрсетеді. Әрекет аса қиын
емес-қағаздың жоғарғы бөлігін қиып,
оны бүктеу керек, тағы да қиып, тағы да
бүктеу қажет. Осы алгоритмді бірнеше
рет қайталау керек. Бұл жерде алдау,
арбау, ешқандай сиқырлық жасау жоқ.
Қатысушылар тәжірибені үйретушімен
бір уақытта көріп, қайталап, естіп тұр.
Нәтижесінде – жаңағы қағаздан қар жасап шығару керек. Және бұл сурет бәрін-
де бірдей. Оған қатысқан адамдар бір мезетте қалай жасау керектігін тыңдады,
көрді, қайталады. Олардың жасағандары бір-бірінен өзгеше болуы мүмкін емес.
Ал, тәжірибеге қатысқандардың бір-екеуі ғана инструктор жасағандай етіп шығар-
ды. Неліктен? Ешқандай фокус болған
жоқ, бұл жерде ең бастысы –ақпаратты
әркімнің қалай қабылдағанында. Қағаз-
дан қарды жасау кезінде сәл қателік
жіберілсе болғаны, нақ сол бұйымды
жасау мүмкін еместігін көрсетті. Адам
робот емес, сол себепті әркім қоршаған
жағдайды әртүрлі көзқараспен қабыл-
дайды, ал ақпаратты өз сүзгілерінен өт-
кізіп барып сарапқа салады.
Медиасөз несімен ерекшеленеді
Публицистика тілі өзінің ерекшелігімен оқшауланады.
Оның екі жағы бар: бірі құрғақ жаңалықтар, яғни бірнеше
сан мен кестеден тұратын экономикалық өсуге байланысты
ақпарат; ал екіншісі-көркем публицистика, очерктер және т.б.
алғашқысында бәрі қысқа, нұсқа болса, соңғысы эмоция мен экс-
прессивтік ерекшеліктерімен көзге түседі. Журналист жұмыс
жасайтын сан алуан жанр бар: репортаж, шолу, очерк, сұхбат,
авторлық бағана, фельетондар мен корреспонденция т.б.
Бұлардың әрқайсысының стилистикалық және құрылым-
дық-композициялық ерекшеліктері бар. Және олардың
барлығы жоғарыда айтылған көзқарастардан
әртүрлі дәрежеде алшақ жатыр.
21
Келесі тәжірибе-әртүрлі жастағы, мамандықтары да сан алуан, әлеуметтік стату-
сы да әртүрлі топтан құралған адамдар жаңалық көруге отырады. Және де жаңа-
лықтар шығарылымы осы аудиторияның әрқайсысы үшін арнайы дайындалған. Егер
топта зейнеткер болса, оған қатысты бір ақпарат, банк қызметкері болса, оның
мамандығына қатысты, сол секілді студент болса-жоғары оқу орнына байланысты
т. с. ақпарат қамтылған.
Жаңалықтарды көріп болғаннан кейін қатысушылардың әрқайсысымен жеке-жеке
әңгіме жүргізілген. Олардың есте сақтау қабілеттері әр түрлі деңгейде болғанымен,
ақпаратты қабылдау ерекшеліктері де анықталады. Бұл тәжірибені жүргізудегі мақ-
сат-олардың қабілеттерін анықтау емес, керісінше әр жастағы азаматтардың ақпа-
ратты қабылдаудағы перцевтиптік мінез-құлықтарын бағалау.
Ең қызықтысы, тәжірибе нәтижесі әр адам өзінің қызметіне байланысты ақпарат-
ты жадында ерекше сақтап қалғандығын көрсетсе, өздеріне қатысы жоқ ақпаратты
шатастыру, дұрыс түсінбеу, кейбірі тіпті қандай ақпараттар берілгендігін де ұмытып
қалған.
Журналист сұхбат алып отырғанда, я болмаса ақпарат жинау барысында сұқ-
бат берушінің жағдайына кірігуі қажет. Журналист сол адамның айтып отырған әң-
гімесінің мазмұнына кірігіп, сол адамның эмоциясы мен жағдайын түсінуі керек.
Медиасөз несімен ерекшеленеді
Журналистің әдебиетшіден ерекшелігі-ол материалды болашақ ұр-
пағына қалдыру үшін емес, бүгінгі оқырмандарына жазып отырған-
дығын ұмытпауы керек. Себебі, әдеби шығарманы оқырман бірнеше
рет қайталап оқуға мүмкіндігі бар, ал мақала- оқырман бір қараған-
да-ақ түсінетіндей етіп жазылуы тиіс.
22
Достарыңызбен бөлісу: |