Ақпаратқа
келген-
де де осындай жағдай-
ды көруге болады.Таза
ақ бет алыңыз. Досыңы-
зға беттің түрі қандай
деп сұраңыз? Одан кейін
қардың түсі қандай деген
сауал қойыңыз. Ол, әри-
не «ақ» деп жауап бе-
реді. Осыдан кейін ойды
ушықтыратын мынандай
сауал қойыңыз.«Сиыр не
ішеді?» Дұрыс жауабы
«су». Бірақ, ол «сүт» деп
жауап қатады.
Көрерменнің болып жатқан жағдайға бейжай қарамауды үйренуінің де пайдасы
бар екендігін ескеру керек. Бұл ретте қабылдау про-
цесінің бастапқы нүктесі көкейге қондыру
екендігін зердеге тоқыған жөн
Көрермен бейнематералды аяғына
дейін көрмей жатып, ондағы ақпа-
раттың жалғандығын алғашқы
сөзден-ақ байқайтын кездері бо-
лады. Бұл әсіресе, көрерменнің
пікірі мен журналист көзқарасы-
ның сәйкес келмеуі салдарынан
туындап жатады. Мұның себебі
– аттитюдті (қарым-қатынасты)
қалыптастыру.
Сізге бірнеше шар беріледі.
Оларды көз мөлшерімен, яғни
қолыңызбен таразылауға тура
келеді. Сіз түрі мен көлемі бірдей екі шарды аласыз. Бірақ олардың салмағы әртүр-
лі болып келеді. Енді олардың қайсысысы ауыр екендігін анықтайсыз. Қайта-қайта
он рет өлшесеңіз де оң жаққа қарағанда сол жақтағы шардың ауырлығын көресіз.
Шарлардың салмақтары бір-бірінен аса ауыр емес. Көлемінде айтарлықтай айы-
рмашылық жоқ. Алайда, он бірінші рет шарлардың салмақтары бірдей болғандай
көрінеді. Ал, қолыңызға алсаңыз сол жақтағысы оң жақтағыға қарағанды ауырырақ
болады. Егер де, бұл шарларды әу баста көтергенде сіз мұндай өзгерісті байқама-
уыңыз мүмкін еді.
Медиасөз несімен ерекшеленеді
Публицистикалық шығарма тілі стандарттық лексика және
экспрессивтік бояулармен үйлесім табуы керек. Стандарттық лек-
сика-эмоциональдық тұрғыдан қарастырсақ бейтарап сөйлемдер.
Мұны әсіресе ресми баяндамаларда жиі кездестіруге болады. Керісін-
ше экспрессивтік бояулар сөйлемге жан бітіреді. Олар – метафора-
лар, теңеулер мен эпитеттер т.б. Көбінесе прозалық және поэзиялық
шығармаларда кездеседі. Олар мағынасы жағынан өте бай және оны
бірден түсіну өте қиын.
23
Осы жерде мынандай қалыпты жағдай орын
алады. Адам миы стандартты, яғни күнделікті жа-
сап жүрген жүрген істерін автоматты түрде орын-
дайды, ал сирек кездесетін, яғни стандартты емес
жағдайда олар көбірек ойланып, детальдарға
мән береді. Жетінші және бірінші сынып оқушы-
сына бірдей қарапайым есептер беріп көріңіз.
Жетінші сынып оқушысы оны аз ғана уақыт ішін-
де шығарса, бірінші сыныптың баласына біраз
уақыт кететіні сөзсіз. Тапсырманы аяқтап болған
соң, сіз бірінші сынып оқушысынан қандай есеп
шығардың деп сұрасаң, барлық санды қатесіз ай-
тып береді. Ал жетінші сынып оқушысы ешқандай
санды айтпауы мүмкін, не болмаса бір-екі санды
ғана еске түсіруі ықтимал. Бұған себеп-біреуісіне
мимен жұмыс жасауға тура келсе, енді бірі бұл
есепке онша басын қатырмағаны түсінікті.
Міне, қатардағы көрермен де ақпарат көз-
дерін таңдағанда дәл осындай жағдайды бастан
өткереді. Екі-үш арнаның жаңалықтарын көруге
дағдыланып қалған көрермен ақпараттың басқа
көздері бар екендігін ойламайды. Керек десеңіз, оны қай арнаның жаңалықтары
сенімді, нақты дегенге сараптама жасау онша қызықтыра қоймайды. Міне, осы жер-
де ақырындап әрекет ету арқылы масс-медианың манипуляция құралына айналып
келе жатқандығын аңғару қиын емес.
24
Кез-келген журналистік шығар-
маның негізі-ол факт. Ой айту,
біреудің ойын жеткізу, қалай ой-
лайтындығын көрсету емес, тек
дәйек. Яғни, факт-бұл публици-
стикалық материалға өмір беретін,
оны жасайтын базис, ядро. Факт
жан-жақты дәлелденіп, ашылып,
нақтыланып, шынайын түрде көр-
сетілуі тиіс.
Кеңестер
одағы
құлағаннан
кейін
Қа-
зақстандағы ақпа-
рат
құралдар
б ұ қ а р а л ы қ
ақпарат құрал-
дарына
тән
жаңа
стан-
д а р т т а р м е н
жүре бастады.
Әсіресе, телевизия саласында тың өзгерісте орын алды. Мәселен,
жаңалықтарда журналист тек оқиғаны хабарлап жеткізеді. Оқиға ту-
ралы өзінің ойын жеткізуге құқығы жоқ. Көрермен қай бағытты ұста-
натындығын өзі шешеді. Ал сараптамалық бағдарламада журналистің айтар ойы
болмаса, жоба мақсаты жүзеге аспайды.
Журналистикадағы мұндай ұстаным-шынайылыққа әкеледі дейді. Бұл рас па?
Әрине, жоқ. Жалған ақпарат туралы әңгіме айтқанда, бұл жерде ашық түрде –«қара»
ақ болып, «ақ» қара болып кетіп жатады. Ал, фактілерді манипуляциялау жағдайына
келсек, мұнда жағдай қиынырақ.
Медиасөз несімен ерекшеленеді
Радиодағы жаңалықтарға қойылатын талап мүлде бөлек. Мысалы,
мәтіндегі ең ұзақ сөйлем он-он екі сөзден тұруы керек. Сөйлем бұдан
ұзақ болса, оны қабылдау қиынға соғады. Жалпы журналист үшін
қысқа, нұсқа жазылған сөйлемдер тиімді. Бірақ, мерзімді басылым
үшін жазылған материалдар көп жағдайда радиодан беруге келмейді.
Әсіресе, мәтінде сан көп болса, оны қысқартуға, шамалауға тура ке-
леді. Санның көптігі тыңдарманды шатастырады, олардың түсінуі-
не қиындық тудырады. Ең бастысы ақпараттың мазмұнына нұқсан
келмеуі керек.
Көрермен өзі таңдаған 2-3 арна үзбей көру арқылы
солардың ақпаратына тәуелді болып қалады.
«Адам итті қапса – міне, бұл жаңа-
лық». Журналистер арасында осын-
дай қанатты сөз бар. Бұқаралық
ақпарат құралдары үшін ерекше,
бұрын соңды болмаған ақпараттар
маңызды.
25