Журналистік мәтін мен сурет шынайы
жағдайды қалай өзгертуі мүмкін? Алма-
тыға келген танымал блогер қоқыс тө-
гетін орын туралы материал жазады. Оның
мақаласында оңтүстік астана қоқыс ордасына айналғандай етіп көрсетілген. Шын
мәнісінде Алматы осындай қала ма? Мүмкін, жоқ? Ал, оның түсіргендері шынымен
рас па? Әрине, рас.
Дәйектерді топтауға, сорт-
тауға, шектен шығаруға, жария
етпеуге де болады. Алдын ала
дайындалған
бағыт
бойынша
фактілерді реттеп, арнайы кон-
текст жасау арқылы қоғамдық
пікір қалыптастырып жатады (ал-
дын ала жоспарланатын бағыт-
тарды біз алдыңғы тарауларда
айтқан болатынбыз).
Медиасөз несімен ерекшеленеді
Телевизия тілі - ең алдымен сурет, бейнеқатар. Бір кездері мәтін
маңызды ма, әлде бейнеқатар ма деген сауал бойынша даулы жағдай-
лар көп болды. Ең соңында мамандар, бейнеқатар маңызды деген
қорытындыға келді. Егер бейнеқатар айтарыңды көрсетіп тұрса,
репортердің сырт қалып қалатын жағдайлары да кездеседі.
Дәстүрлі телевизияның (625 қатар) кеңформатты кинематографа-
дан айырмашылығы ірі және орта пландарда болды. Ал, қазір Full HD
сандық телевизиясы мен LED-мониторлар заманында кадрлар фор-
маты өзгеріп, көрсету мүмкіндігі айқындала тусуіне байланысты те-
левизияның визуалды тіл екендігі дәлелденіп отыр.
Егер факт «ақ» түстен «қара» түске
боялса, ол дезинформация. Дезинфор-
мация насихат деген сөзбен қатар
жүреді. «Қайта құруға» дейін «дез»
эквивалентін жиі естіп келсек, тоқса-
ныншы жылдары салауатты өмір сал-
тын қалыптастыруға байланысты
насихатты тыңдадық. Ал, біреуді қара-
лағысы келсе өтірік жала жауып, «қара
пиарды» қосатын болды.
Қазір дезиформацияның синонимі
ретінде «ақпараттық қоқыс» тіркесі
қолданылып жүр. Сонымен бірге, қазір
теледидардан насихат сөзін де жиі
естуге болады.
Журналистер түймедейді түйе-
дей ете алады.
26
Медиасөз несімен ерекшеленеді
«Қайта құру кезеңінде» Қазақстанда және бұрынғы Кеңестер Одағы
аймағындағы елдерде «сары» және «некелік» басылымдар пайда бол-
ды. Телевизиялық эфир адамның
көңіліне қаяу келтіретін жағдай-
ларды микроскоппен қаралғандай
етіп, бүге-шегесіне дейін анықтауға
бағытталған түрлі ток-шоулар
мен реалити шоуларға толды.
Адамның медиалық және ақпарат-
тық сауаттылығы ақпараттың қалай,
қандай мақсатпен және қандай медиа
құралдар (кітапхана, архив, мұражай,
Ғаламтор) арқылы таралуын түсінуі-
нен басталады. Әр ақпарат құралының
ақпарат таратудағы өзіндік ерекшелігі,
өзіндік тілі мен стилі бар. Сонымен қа-
тар әрқайсысының ақпаратты жеткізу-
дегі мағыналық айырмашылығын да
ескеруі қажет.
Ақпарат құралының тілі –бұл ақпа-
ратты берудегі лексикалық қана емес,
техникалық және түрлі таңбалар мен
кодтарды берудегі ерекшелік. Бұл таң-
балар мен кодтарды қажетті атмосфе-
раны орнату мақсатында режиссерлер,
операторлар мен журналистер жоғары
деңгейде пайдаланады. Медиасала-
ның кәсіби мамандары арқасында түр-
лі идеялар, білім мен ақпараттар жан-
жаққа таратылуда.
Ақ-қара экран, көріністің сапасыз-
дығы-қазіргі таңдағы жағдаймен салы-
стыруға келмейді.
«Көгілдір экранның» тілі қалай десек те
киносаласынан әлдеқайда алшақ жатқаны
түсінікті.
Қазіргі заманның теле стандартта-
ры мүлде бөлек. Экрандар өте жіңішке,
диагоналдары үлкен, сапасы мен көрініс
анықтығы-өте жоғары.
Қазіргі планшеттердің көлемі шағын
қолкітапшадай болғанымен атқара-
тын қызметтері өте көп. Мәтін жазуға,
бейне, сурет түсіруге, дыбыс жазуға, ән
тыңдауға және фильмді монтаждауға
мүмкіндік береді. Сондай-ақ оны жай
телефон ретінде де қолдануға болады.
27
Ал телевизияның техникалық кодына-дыбыстық әрлеу,
түсірілім нүктелер,түсірілім түрлері мен жарық қою, т.б
жатады. Әуен бір нәрсені күтіп отырғанды, алдағы бо-
латын ақпараттың қандай мазмұнда болатынын біл-
діреді. Осы мақсатта телевизия түрлі әуендерді пай-
даланады.
Панораманың
берілуі кең аумақты көрсетіп
қана қоймай, сол жерде бо-
лып жатқан жағдайды
толық түсінуге мүм-
кіндік береді. Нашар
қойылған жарық та көрерменің
көңіліне қаяу түсіреді.
Теледидардағы
символ-іс-
әрекеттен, киімнен және кейіпкерлердің тәртібінен-ақ
байқалады. Мысалы, қызыл раушан гүлі-махаббттың,
жұдырық-ашу-ызаның белгісі.
Медиасөз несімен ерекшеленеді
Ендігі сөз сапалы басылымдар туралы болмақ. Бұларда салмақты
стилистика, лексика, әр ақпаратты ойлау, сараптама жасау жолға
қойылған.Үлгі алуға тұрарлықтай. Бірақ та олардың рейтингісі мен
танымалдылығы аса жоғары деңгейде емес.
Сайып келгенде, медиасөзге стилистикалық талдау жасай отырып,
лексикалық диапазоны жоғары болғанымен, біртұтас стандарт-
тың жоқтығы көрініп тұр. Ол тек арзанқолды және таблойдты ба-
сылымдарда ғана емес, сапалы мерзімді басылымдар да стандарт-
тың жоқтығы анық байқалады.
Медианың тілін меңгере отырып, төмендегі үш сауалға жауап іздеп
көріңіз:
Ақпарат құралының тіл коды аудиторияға қаншалықты түсінікті?
Біздің медиа қандай негізгі кодтар мен таңбаларды пайдаланады?
Ақпараттық хабарламаны әртүрлі адамдар әр қалай қабылдауы
мүмкін бе?
Ұлттық киім түрлі ойлар мен
таңбаларға толы.
Денесіне түрлі зергерлік
бұйымдар таққан кейіп-
кердің айтар ойы, берер
мағынасы бар. Бұқара-
лық ақпарат құралда-
ры сенсация мен түрлі
кикілжіңдерді соңында
прайм-тайм уақытта
осындай кейіпкерлерді
көрсетуарқылы
арна
рейтингісін
көтеруді
мақсат етеді.
28
Достарыңызбен бөлісу: |