807
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Көркемөнер-
эстетикалық
География мәселелерін
қамтитын табиғи, қоғамдық,
тарихи және мәдени үдерістер
мен
құбылыстарды
оқу
барысында
туындайтын
пікірлерді,
қызығушы
лықтарды,
сезімдерді,
табиғаттың
ерекшеліктерін
ашатын жобалар жасау
•Туристтік
жобалар:
«Менің
кіші
Отаным», «Менің туған өлкем», «Туған
өлке табиғатының алуантүрлілігі» т.б.
• Экскурсиялық жобалар: «Еуропа және
Азия елдерінің астаналарына саяхат».
«Туған өлкенің ғажайып жерлерін
сипаттауға
арналған
саяхаттар».
«Қазақстан
жерін
зерттеген
саяхатшылардың жолымен» және т.б.
Ғылыми-танымдық сала бойынша «География» пәні сабағында «Қазақстанның
табиғат зоналары» тақырыбын бекіту кезеңінде көбіне топтық және танымдық жобалау
технологиясын жасауға болады.
Сабақтың міндеттері:
1. Әр түрлі ақпарат көздерінің көмегімен өз беттерінше білім алу.
2. Шағын топтарда жұмыс істеу (ақпарат іздеушілер, суретшілер, бағдарлама
құрушылар, бейнелеушілер т.б.) оқытудың тұлғаға бағытталған және коммуникативтік
дағдыларды қалыптастырушы тәсілдерін қолдану.
3. Мектептің бастауыш сыныптарында «Дүниетану» пәні және 6, 7сыныптарда
«География» пәні сабақтарында қолдануға болатын «Табиғат зоналары» слайд-жобасын
әзірлеу. Типтік оқу бағдарламада «Қазақстанның табиғат зоналары» тақырыбын оқуға 5
сағат бөлінген. Өте қызықты тақырып, аталған тақырып бойынша әр түрлі ақпарат
көздерінде материал көп, алайда берілген уақытта толық зерделеп шығу мүмкін емес. Осы
жағдайда жобалау технологиялық іс-әрекет арқылы аталған тақырыпты толық және
қызықты формада оқып шығуға мүмкіндік бар.
Жобалау технологиясынын жүзеге асырудың кезеңдері:
1. Оқушылардың көңілін қызықты жұмысқа бағыттау, мұғалім оқушыларға жоба
тапсырмасының мақсатын және оның аяқталу нәтижесін нақты түсіндіруі тиіс.
2. Жобалау технологиясынын тапсырманың орындалуын жоспарлау.
3. Жұмыс топтарын құру – сыныпты топтарға бөлу, топ мүшелерінің атқаратын
қызметін белгілеу; – тапсырманы орындауға қажетті дидактикалық материалдарды
(қосымша әдебиеттер, альбомдар, карталар т.б.) және техникалық құралдарды дайындау.
4. Жобалау технологиялық тапсырманы орындау (зерттеушілік іс-әрекет):
– ақпарат іздеу; – алынған ақпаратты өңдеу;
– жинақталған ақпаратты топ мүшелеріне ұсыну, талқылау;
– іріктелген ақпаратты жүйеге келтіру;
– жобаның слайдтарын әзірлеу;
– жобаны қорғау;
– жоба тапсырмалары мақсатының орындалу дәрежесін талқылау (пікірталас).
5. Аталған тақырып бойынша жобалау технологиясынын тапсырмалары келесідей
болып бөлінуі мүмкін, мысалы:
– табиғат зоналарының географиялық орны мен шекаралары;
– Қазақстан флорасы мен фаунасының геологиялық кезеңде қалыптасу тарихы;
– орманды дала зонасы;
– дала зонасы; – шөлейт зонасы; – шөл зонасы;
– табиғат зоналарының климаты;
– зоналардағы экологиялық проблемалар;
– адамдардың іс-әрекеті және т.б.
Әр топ өзіне берілген тақырып бойынша жұмыс істеу барысында оқулықтан,
қосымша әдебиеттен, интернеттен, басқа да ақпарат көздерінен деректер жинастырады,
жинақталған деректерді жүйелейді, компьютерде слайдтар (компьютер болмаған
808
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
жағдайда реферат, баяндама, альбом) жасайды. Сыныпқа өз жұмыстарының нәтижесін
көрсетеді, баяндайды.
Әр топ өзіне-өзі, басқа топтарға істелген жұмыс бойынша баға береді. Төменде
берілген жобалық тапсырмалар көлемі және күрделілік дәрежесіне қарай бір-бірінен
өзгешеленеді, сонымен қатар география сабақтарының барысында және сабақтан тыс
уақытта да орындалуы мүмкін.
Әр топ өзіне-өзі, басқа топтарға істелген жұмыс бойынша баға береді.
Бұл қазіргі әлем өркениетіндегі оқу мен ғылыми зерттеу жұмыстар тұтастығы
жүйесіндегі көрсеткіштер оқушының барлық деңгейдегі оқу кезеңдерінде іздену, зерттеу
қабілеттерін дамытады. Меңгерілген ұғымдардың тереңдігінде, яғни жобалау технология
тапсырмаларын пайдалану арқылы олардың көпқырлы дәйектері ескеріліп, білім деңгейі
артады. Зерделенетін мәселелер арасында табиғи өзара байланыстың орнауымен, жетекші
идеялардың бағытындағы оқу материалын қарауды қамтамасыз ететін, зияткерлік әрекет
деңгейі өзгереді[3].
Қолданылған дереккөздер тізімі
1. Дьюи Дж. «Школа и общество» (1925) – цит. по «Педагогическая лоция.
2003/04 учебный год. Метод проектов в школе» / Спец. прилож. К журналу «Лицейское и
гимназическое образование», вып. 4, 2003 –
2. Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру. Оқу-әдістемелік құрал. – Астана:
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 48 б.
3. 6–9-сыныптарға арналған «Жобалық іс-әрекет» пәні бойынша қысқа мерзімді
жоспарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік құрал. Әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы.
Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 20 б.
Сайт құруда Web технологиялардың қолданылуы
Қойшыбаева.Л.Б., Мергенбай Л.Х.
Алматы экономика және статистика академиясы
E-mail:
lun_tikr@mail.ru
,
Lazzat_101082@mail.ru
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің
даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі XXI ғасыр – білім бері жүйесін
ақпараттандыру ғасыры.
Ақпараттық-коммункациялық технологиялар пәнінің жоғары білім беру
жүйесіндегі рөлі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-
қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты
құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын
орнымен қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web – дизайн, жүйелік программалаушы,
администратор және т.б мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден,
бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай
дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге
болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Егер бұрындары
мемлекеттік биліктен жауап алу үдерісіне біршама уақыт кететін болса (шенеунікпен жеке
әңгімелесу, жазбаша сұрау салу, немесе БАҚ-тарда ашық хат жариялату үшін), бүгінде
интернетті пайдаланудың нақты мүмкіндігі туып отыр. Оның үстіне, тіпті дәстүрлі
электронды (радио, телевизия) және мерзімді БАҚ-тардың өзі кейбір керекті дүниелерін
интернеттің жаһандық желісінен іздеуге мәжбүр. Осымен байланысты қазіргі
қазақстандық үшін интернеттің бірте-бірте ақпарат алудың негізгі көзіне айнала