823
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Мультимедиалық және анимациялық программалармен жұмыс жасау
ерекшеліктері
Сыдықбек.А.Ж., Мергенбай.Л.
Алматы экономика және статистика академиясы
E-mail: akerke.sydikbek@mail.ru,
Lazzat_101082@mail.ru
Мәліметтердің графикалық түрде компьютер мониторында көрсетілуі алғаш 50-ші
жылдардың ортасында, ғылыми және әскери зерттеу жұмысына қолданылған үлкен ЭЕМ
үшін іске асырылған. Содан бері графикалық тәсіл мәліметтерді бейнелеудің ажырамас
қажеттілігіне айналды.
Macromedia фирмасы SWF форматын қолайлы құралдармен, қарапайымдылықпен
жабдықтағандықтан, аталмыш формат өзінің табынушыларына бай. Негізінде, бұлай
жабдықталған құралдар жетерлік.
Олардың қайсыбірі мультимедиялық презентация жасауға бағытталса (Macromedia
Director Shockwave Studio), келесі бірісі графикалық бейнелерді дайындауға бағыталған
(Macromedia Free Hand и Macromedia Fireworks), ал үшіншілерімен интерактивті оқу
курсын дайындауға болады. (Macromedia Authorware және Macromedia CourseBuilder).
Дегенмен тор беттерін құрушылардың арасында Macromedia Flash көп
қолданылады, өйткені тек осы өнім ғана, тор бетін аяғына дейін әрлей алады. Ал жақсы
әрленген бет әрине көпшіліктің көңілінен шығады. Интернет пайдаланушылардың жақсы
көретіндігінен болар, бұл өнімді жай ғана Flash деп атайды[1].
Сонымен Flash технологиясының құрамына не кіреді соны көрейік:
- Векторлық графика;
- Анимацияның бірнеше түрін қолдайды;
- Интерфейске интерактивті элементтер жасауға болады;
- Импортталған графикалық форматтарды қолдайды (оның ішінде растрлық);
- FLASH фильмдерін HTML форматына ғана емес, интернетте қолданылатын кез
келген форматқа көшіруге болады;
- Платформалық тәуелсіздік;
- FLASH фильмдерді автономдық түрде де, тор броузерінде де көруге болады;
Сөз етілген FLASH құрамын жеке-жеке талқылап өтелік.
Қазіргі кезде тор беттерін әрлеуге көбінесе растрлық графика қолданылады. Оларға
GIF (Graphics Interchange Format, ақпарат алмасуға арналған графикалық формат), JPEG
(Join Photographic Experts Group – Біріккен бейне эксперттерінің тобы) және PNG (Portable
Network Graphics – Жылжымалы графикалық формат) жатады.
Растрлық графика нүктелер жиынтығы (пиксель – pixel) арқылы сипатталады. Бұл
нүктелер бір бірімен байланыста болмағандықтан, олардың әрқайсысының түсі мен
координатын анықтау керек. Жай ғана мысал, екі-ақ түсті (ақ қара) бейнені сипаттаған
кезде, әр пиксельдің түсін беру үшін екілік санау жүйесін пайдаланады: 0 – қара, 1 – ақ..
Ал, 256 түсті бейнені сипаттаған кезде енді әр пиксельге 8-дік санау жүйесін қолданады
(256=28). Суреттің сапасы жақсы болу үшін, әр пиксель үшін 24 разрядқа дейін
қолданылады.
Растрлық бейнелердің тағы бір кемшілігі - бейне сапасы, пайдаланып отырған
монитор пиксельдерінің өлшеміне де байланысты. Яғни кей мониторларда суреттің
сапасы әдемі болып тұрса, екінші жерде ол ондай қасиеттен айырылады. Сапасы нашар
суреттердің пикселін көбейтуге арналған бағдарламалар болғанымен олар да бұл
проблеманы толық шеше алмайды.
Ал енді векторлық графика туралы сөз айтсақ.. Векторлық графика – орналасуын
математикалық формулалар арқылы сипаттайтын қисықтар жиынтығынан туратын бейне.
Мысалға, кез келген шеңберді бейнелеу үшін 3-4 сан ғана керек, радиус, центр
824
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
координаттары, сызық қалыңдығы. Осыған байланысты, векторлық графика растрлық
графикаға қарағанда бірнеше артықшылықтарға ие:
•
Математикалық формулалармен сипатталған суреттер, растрлық графикаға
қарағанда жадыда аз орын алады.
•
Бейнені өзіміз қалаған кез келген масштабқа сапасын жоғалтпай, өзгертуге
болады.
•
Кез келген платформаға еш «қатесіз» көшіруге болды.
Әрине, векторлық графиканың өзіне тән кемшіліктері болады, мысалға, реалға
жақын суреттерді бейнелей алмаймыз. Мұндай мәселені шешімі, жан жақты
қанағаттандыратын ортақ бір келісім керек. Мінекей, FLASH авторлары осы шешімді
тиімді пайдаланды: тор бетін құру кезінде сіз тек қана векторлық емес растрлық
бейнелерді де импорттауыңызға болады.
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды,
мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың
маңызды саласы.
Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен
айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде кей
уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық
парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері
осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге
тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен
жасауға тырысады.
Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс
істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген программаларды жасап
шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері өз жұмыстарының 90 % уақытын
осы графикамен шұғылдануға жұмсайды екен.
Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және
бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырған
World Wide Web қызметінің пайда болуынан туындады. Өйткені компьютерлік
графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп,
танымал болуы екіталай.
Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес,
ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет
орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер,
диаграммалар жасау үшін қолданылады.
Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде
олардың соңғы көрінісін алу үшін үшөлшемді графикалық объектілерді қолданады.
Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең көлемді кескінін жасап,
оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады.
Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға
бөлінеді:
Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді
шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды
графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған.
Машинадағы алғашқы графиктерді символдық режимде басып шығаратын. Кейін
сызбалар мен графиктерді қағазға қаламұштың көмегімен сызатын арнайы құрылғылар –
графиксалғыштар (плоттерлер) пайда болды[2].
Қазіргі заманғы ғылыми компьютерлік графика әр түрлі есептеу тәжірибелерін
жүргізіп, олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.
Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі
түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік