Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет397/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   420

803 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



MRP  әдісі  дамыған  басқарушы  есепті  және  халықаралық  класты  (GAAP,  IAS) 

бухгалтерлік есеп жүйелерін пайдаланады. Басқарушы шешімдерін қабылдау үшін талдау 

және  статистикалық  модельдеудің  ақпараттық  технологиялары,  оның  ішінде 

оптимизациялық  есептер  қолданылады.JIT  (Just  in  time)  –  дефектсіз  өндірісті 

ұйымдастыруға  негізделген  басқару.  Негізінен  өндірістің  массалық  сипатымен 

мекемелерде  қолданылады.SCM  (Supply  Chain  Management)  –  кеңейтілген  өндірістік 

тізбекпен басқару. Өнімді шығаруда толық басқарушы циклін қолдауды жүзеге асырады, 

яғни  жобалаудан  сатудан  кейінгі  гарантиялық  және  сервистік  қызметтерге  дейін.ERP 

(Enterprise Resource Planning) –  бірыңғай  корпорация  шеңберінде  ресурстармен 

(материалды,  қаржылық,  еңбек)  басқару.ERP-жүйесінің  мақсаты  –  жүйенің  барлық 

компоненттерінің  келісіп  жұмыс  істеуі,  орындау  уақыты  бойынша  оптимизация.  Ең 

танымал ERP-жүйелері:  SAP/R3,  BAAN,  Oracle  Applications,  Renaissance  CS  және  т.б. 

болып табылады. Компьютерлендіру объектілеріне қойылатып жалпы талаптар: 

-  басқару  мақсаты  үшін  алынатын  ақпарат  сапасының  қажет  деңгейімен  берілген 

мерзімде, толық көлемде басқармалы функцияны өндіру; 

-  ақпаратты  жинау,  тіркеу,  беру,  сақтау,  өңдеу,  көрсетудің  тиімді  технологиясын 

қолдану; 

-  басқарудың компьютерлік ақпараттық жүйесінің сенімділігі; 

-  ақпаратты қорғау; 

-  басқарудың  компьютерлік  ақпараттық  жүйесінің  бейімделуінің  жоғары 

деңгейі[2]. 

Басқару  жүйе  компоненттері  арасындағы,  сонымен  қатар  қоршаған  ортамен 

ақпарат  алмасумен  байланысты.  Басқару  процесі  уақыттың  әрбір  моментінде  жүйе 

жағдайы туралы мәлімет алуды болжайды. Демек, экономикалық объектпен басқарудың 

кез келген жүйесіне өзінің ақпараттық жүйесі сәйкес келеді, ол экономикалық ақпараттық 

жүйе  деп  аталады.  Ақпараттық  жүйелер  ақпаратты  өңдеудің  қазіргі  индустриясының 

негізгі  ерекшеліктерін  қанағаттандырады.  Олар  басқару  және  шешім  қабылдауды 

ұйымдастырады  және  қабылданатын  шешімнің  сапасын,  толықтығын,  нақтылығын, 

дұрыстығын  және  өз  уақытында  берілуін  әлдеқайда  жоғарлатады.  Ақпараттық  жүйелер 

функциялары 

есептің 

екі 


класымен 

өндіріледі: 

ақпараттық 

және 


технологиялық.Ақпараттық  есептер  ақпаратты  қайта  өңдеу  және  көрсетуді  қамтамасыз 

етеді,  ол  адаммен  басқару  және  шешім  қабылдау  процесінде  пайдаланылады. 

Технологиялық есептер деректер базасын белсендендірумен, оларды бүтіндік жағдайында 

қолдаумен,  эксплуатациямен,  ақпараттық  жүйені  баптаумен  байланысты.  Ақпараттық 

жүйелерге келесі талаптар қойылады: 

- жаңа функционалды облыстарға өзгертуге және баптауға қабілеттілігі; 

- уақыттың қажет периодында пайдаланушылар сұранысына жүйенің реакциясы; 

- қосымшаларды кеңейту және жаңа қосымшаларды қосуға мүмкіндігі; 

- есептеу ресурстарын пайдалану тиімділігі. 

Экономикалық ақпараттық жүйе (ЭАЖ) — бұл экономикалық объекттің түзу және 

кері ақпараттық байланысының ішкі және сыртқы ағымдарының, ақпаратты өңдеу және 

басқарушы  шешімдерін  алу  процесіне  қатысатын  мамандар,  құралдар,  тәсілдер 

жиынтығы.  Ақпараттық  жүйелер  миссиясы.  Ақпараттық  жүйелер  ақпарат  және 

ақпараттық технологиялар сияқты қоғамның пайда болу моментінен бастап бар. Өйткені 

оның  дамуының  кез  келген  сатысында  басқару  қажеттілігі  бар.  Ал  басқару  үшін 

жүйелендірілген,  алдын-ала  дайындалған  ақпарат  қажет.  Демек,  ақпараттық  жүйенің 

миссиясы – оның барлық ресурстарымен тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін мекемеге 

қажет  ақпаратты  өндіру,  мекемемен  басқаруды  жүзеге  асыру  үшін  ақпараттық  және 

техникалық  орта  құру.  Кез  келген  жүйе  негізінде  процесс  жатыр.  Ақпараттық  жүйе 

негізінде  –  ақпаратты  өндіру  процесі  жатыр.  Бұл  мағынада  ақпараттық  жүйені  басқару 




804 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



жүйесі ретінде қарастыра аламыз, мұнда бұл процесс басқару объектісі болып табылады. 

Басқарудың кез келген жүйесіндегідей ақпараттық жүйені басқару органдары бар[3]. 

        Ақпараттық жүйе басқару объектісі ретінде 

Басқару объектісі 

Мекеменің ақпараттық жүйесі 

Қолданылатын ақпараттық 

технологиялар 

Басқарудың жедел 

деңгейі 

Ақпараттық жүйе персоналы, 

бөлімшелер мен функционалды 

қызметтер менеджерлері 

Персонал, ақпараттық жүйелер 

Басқарудың тактілік 

деңгейі 

Директорлардың корпоративті 

мүшелері мен ақпараттық жүйенің бас 

менеджерлері 

Ақпараттық жүйенің бас 

менеджерлері 

 

Қазіргі уақытта ақпараттық жүйе компьютерлік техника көмегімен өндірілген жүйе 



ретінде  пікірлер  туындады.  Бірақ  олай  емес.  Ақпараттық  технологиялар  сияқты, 

ақпаратты  жүйелер  техникалық  құралдарды  қолданумен  және  де  оны  қолданбай-ақ 

жұмыс  істеуі  мүмкін.  АЖ  классификациясы  оқыту  пәнін  жақсы  түсінуді  қамтамасыз 

етеді. Белгілі бір мақсатты көздейтін әртүрлі классификациялар бар. 

Deloitte  &  Touch  компаниясымен  орындалған  классификациямен  сәйкес  АЖ  төрт 

топқа бөлінуі мүмкін: 

1. локальды. 

2. кіші интегралданған. 

3. орташа интегралданған. 

4. ірі интегралданған. 

Басқа  авторлар  АЖ-ні ERP-жүйелермен  ұқсастығы/ерекшелігі  принципі  бойынша 

бөледі. АЖ келесі түрлері бойынша ерекшелейді: 

-  локальды  автоматтандырылған  жұмыс  орны  (АЖО)  –  жеке  жұмыс  орнында 

басқарушылық функцияны өндіру үшін арналған программалы-техникалық кешен. 

-  басқару  функциясын  толық  көлемде  өндіретін  ақпараттық  және  функционалды 

байланысқан АЖО кешені. 

-  мекеме  масштабында  басқару  функциясының  интеграциясын  қамтамасыз  ететін 

бірыңғай ақпараттық базаға ненізделген АЖО компьютерлік желісі. 

-  ірі  масштабты  мекемемен  толық  функционалды  үлестірілген  басқаруды 

қамтамасыз  ететін  корпоративті  АЖ.  АЖ  үшін  басқа  классификациялық  белгі  – 

функционалды компоненттер ақпаратын және сәйкес ақпараттық технологияларды өңдеу 

алгоритмдері күрделілігінің дәрежесі: 

- деректерді жедел өңдеу жүйесі – жүйенің OLTP- (On-Line Transaction Processing 

жүйелер); 

- DSS (Decision Support Systems) шешім қабылдау және қолдау жүйесі. 

Деректерді  жедел  өңдеу  жүйесіне  алғашқы  ақпаратты  есепке  алу  және  тіркеудің 

дәстүрлі АЖ жатады (бухгалтерлік, қойма жүйелері, дайын өнімді шығаруды есепке алу 

жүйесі  және  т.с.с.).  бұл  АЖ  алғашқы  ақпараттың  үлкен  көлемін  жинау  және  тіркеу 

орындалады, деректер базасына сұраныс жасау және есептеудің қарапайым алгоритмдері 

пайдаланылады.  Қолдау  және  шешім  қабылдау  жүйесі  ақпаратты  аналитикалық  өңдеу, 

жаңа  білімдерді  қалыптастыруды  талап  ететін  күрделі  бизнес-процестерді  өндіруге 

негізделген.  Ақпаратты  талдау  белгілі  бір  мақсатқа  негізделеді,  мысалы,  мекеменің 

қаржылық  анализі,  бухгалтерлік  есеп  аудиті  және  т.с.с.  АЖ  осы  класының  маңызды 

ерекшелігі мыналар болып табылады: 

- үлкен көлемдегі деректерді сақтау орнын құру (Data WareHouse – DW); 

-  деректерді  аналитикалық  өңдеу  тәсілдері  мен  құралдарын  пайдалану  (On-Line 

Analytical Processing – OLAP-технологиялар) [4]. 

-  жаңа  білімді  қалыптастыруды  қамтамасыз  ететін  деректерді  интеллектуалды 

талдау (Data Mining –  DM  технологиялар).  Қорыта  келе,  экономикалық  ақпаратпен 



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау