Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет333/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   420

674 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



қызметкерлерi және өзге адамдар оларды жария еткенi үшiн қылмыстық жауапты болады. 

Заңды  және  жеке  тұлғаның  банктегi  ақшасына  және  басқа  мүлкiне  прокурор  санкция 

берген анықтау және  алдын ала тергеу  органдарының қаулылары және атқарушылық iс 

жүргiзу органдарының қаулылары, сондай-ақ соттардың қаулылары, шешiмдерi, үкiмдерi, 

ұйғарымдары негiзiнде ғана тыйым салынуы мүмкiн. Талап-арыз талаптарын қамтамасыз 

ету  үшiн  тыйым  салған  кезде  тыйым  салынған  ақша  сомасы  талап-арыз сомасынан, 

мемлекеттiк  баж  және  соттың  шешiмдерiн,  үкiмдерiн,  ұйғарымдары  мен  қаулыларын 

орындауға байланысты шығыстар көлемiнен аспауы тиiс[5]. 

Банк  акционерлердiң  жалпы  жиналысының  шешiмi  негiзiнде  өзiн  ерiктi  түрде 

таратуға  рұқсат  беру  туралы  уәкiлеттi  органға  өтiнiш  жасай  алады.  Өтiнiшке  банктiң 

қызметiн  тоқтату  мерзiмi  және  оған  әзiрлiк  кезеңдерi  туралы  акционерлердiң  жалпы 

жиналысы  бекiткен  шаралар  тiзбесi,  банк  мiндеттемелерi  бойынша  оның  есеп 

айырысуларының жүзеге асырылуы үшiн банк қаражатының жеткiлiктiлiгiн дәлелдейтiн 

баланстық  есеп,  тарату  комиссиясының  мүшелiгiне  кандидаттар,  оның  iшiнде 

филиалдарда не өкiлдiктерде құрылатын оның бөлiмшелерiнiң тiзiмi және басқа қажеттi 

мәлiметтер қоса тiркелуi тиiс.  

Қажеттi  мәлiметтер  тiзбесi  ҚҚК  нормативтiк  құқықтық  актiлерiмен  белгiленедi. 

Банктердi ерiксiз таратуды сот:  

а) банк банкроттығына;  

б)  банк  заңдарында  көзделген  негiздер  бойынша  банк  операцияларын  жүргiзуге 

берiлген лицензияларды қайтарып алуға;  

в)  банк  заңдарында  көздеген  басқа  негiздер  бойынша  банк  қызметiн  тоқтату 

туралы  уәкiлеттi  мемлекеттiк  органдардың,  заңды  немесе  жеке  тұлғалардың  өтiнiшiне 

(қуынымына)  байланысты  жүргiзедi.  Банкке  қатысты  оңалту  рәсiмi  соттың  шешiмi 

бойынша  банктi  мәжбүрлеп  тарату  жөнiндегi  шаралар  шеңберiнде,  оның  төлем 

қабiлеттiлiгiн  қалпына  келтiру  және  (немесе)  ҚРзаңдарында  көзделген  шарттар  мен 

талаптарды орындау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзедi[4]. 

Ұлттық  Банк  банктердің  акциялардың  және  (немесе) айырбасталатын 

облигациялардың  қосымша  эмиссиясы  және  активтерді  сеқюритезациялау  сияқты 

баламалы  қаржыландыру  көздерін  тарту  жөніндегі  бастамасын  қолдайтын  болады. 

Мұндай  іс-қимылдар  міндетті  түрде  банктердің  қаржылық  ахуалын  жақсартуға  әкеледі. 

Ұлттық  Банк  банктерге  осындай  құралдарды  әзірлеуде  және  енгізуде  қолдау  көрсететін 

болады,  бұл  перспективада  олардың  халықаралық  рыноктарға  борыштық  тәуелділігін 

едәуір азайтады. Осылайша, мемлекеттік органдар экономикалық тәуекелдерді басқаруда 

теңгерімді  тәсіл  қағидаты  бойынша  әрекет  ететін  болады.  Бұл  орнықты  экономикалық 

өсуді және жеке сектордың мемлекет ресурстарынан шектен тыс қорландыруының алдын 

алуға мүмкіндік береді.  

Халықаралық  қаржы рыноктары коңюнктурасының тез өзгеруі Үкімет тарапынан 

да,  реттеуші  органдардан  да  уақтылы  әрекет  етуді  талап  етеді.  Қаржылық  жүйе  үшін 

ықтимал тәуекелдерді уақтылы анықтау оларды жою жөнінде жедел шаралар қабылдауға 

мүмкіндік  береді.  Осыған  байланысты,  ҚҚА  тарапынан  екінші  деңгейдегі  банктерді 

қадағалауды күшейту, ақпарат жинау мен талдау әдістерін жетілдіру көзделеді, сондай-ақ 

ҚҚА-ның техникалық және штаттық базасын кеңейту мәселесі қарастырылады. ҚҚА банк 

жүйесінің қатерлерді басқару әдістерін жетілдіру және кредиттік портфельдердің стресс-

тестерін жүргізу жөніндегі бастамасын қолдайды. ҚҚА мен Ұлттық Банк әлемдік қаржы 

рыноктарындағы  жағдайды  қадағалап  отырады,  нарық  коңюнктурасының  өзгеруін 

талдайды,  әлеуметтік  және  экономикалық  саясатқа  уақытылы  түзетулер  енгізу  үшін 

Үкіметке ақпарат беретін болады.  

Сыртқы  рыноктардағы  қаржыландыру  көлемінің  қысқаруы  қазақстандық 

банктердің  кредиттік  қызметінің  төмендеуіне  әкеп  соқтырды.  Қалыптасқан  жағдайда 

кредит алу қарыз алушылардың көпшілігі үшін қиындыққа айналды. Бұл, атап айтқанда, 

үлестік құрылыс рыногын шарпыды. Құрылыс компаниялары негізгі қаржыландыру көзі 




675 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



ретінде дәстүрлі банк кредитін пайдаланып келді. Өткен жылы олардың көпшілігі қаржы 

қиындықтарына  байланысты  жұмыстарын  тоқтата  тұруға  мәжбүр  болды.  Үлескерлердің 

құқығын  қорғау  үшін,  сондай-ақ  қосымша  жұмыс  орындарын  ашу  мақсатында  Үкімет 

құрылыс  компанияларын  даму  институттары  арқылы  нысаналы  қаржыландыруды 

қамтамасыз  етті.  Халықтың  жұмыспен  қамтылуының  тұрақты  өсуін  қамтамасыз  ету, 

шағын  және  орта  бизнесті  қолдау  –басым  міндеттерінің  бірі  болып  табылады.  Үкімет 

мемлекеттік-жеке  меншік  әріптестік  бағдарламасын  жүзеге  асыруда,  ол  үшін  қазіргі 

уақытта  нормативтік-құқықтық  база  жетілдірілуде.  Жеке  бизнес  пен  мемлекет 

ресурстарын біріктіру ел экономикасының орнықты өсімінің нақты, сүбелі нәтижелеріне 

қол  жеткізуге  мүмкіндік  береді.  Үкімет,  сондай-ақ  халықтың  неғұрлым  әлеуметтік  осал 

топтарын  қорғауға  бағытталған  бірқатар  шаралар  әзірледі.  Біз  халықтың  лайықты  өмір 

сүру  деңгейін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  теңдестірілген  фискалдық  саясатты 

қолданған  дұрыс  деп  санаймыз.  Халықаралық  қаржы  нарықтарындағы  ахуал  тұрақсыз 

күйінде  қалуда  әрі  ол  Қазақстан  экономикасына  да  белгілі  дәрежеде  әсер  етеді. 

Қалыптасқан  мән-жайлар  Үкіметтің  Ұлттық  Банкпен  және  ҚҚА-мен бірлесіп, 

құрылымдық реформаларды жүргізуіне мүмкіндік береді[6]. 

Қорытындылай  келе,  Алматы  қаласының  Өңірлік  қаржы  орталығының  ашылуы, 

болашақта ашылатын биржа, әр түрлі қаржы орталықтарының қалыптасуы және бағалы 

қағаздар  нарығын  жетілдіру  шаралары  мен  Ислам  банкін  ел  экономикасына  қатыстыру 

туралы  сұрақтар.  Қазақстанның  екінші  деңгейдегі  банктеріне,  олардың  қызметтерін 

жетілдіру мен дамытуға байланысты сұрақтарды қарастыруда, банктік секторға қатысты 

мәселелерді шешуде жағымды нәтижеге жеткізеді деп есептейміз. 



Қолданылған дереккөздер тізімі 

1. 


Ұ.М.Искаков. Банк  ісі: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2013. - 457 б. 

2. 


Ілияс А.Ә.,Сәулембекова Ә.Қ. Төлем жүйесі: теория және практикасы: Оқулық. 

– Алматы: Экономика, 2007.  – 457 б. 

3. 

Ә.Қ  Сәулембекова.  Интернет  -  төлем  жүйелерінің  жіктелуі  //  Аль-Фараби 



атындағы  Экономика  және  бизнес  факультетінің  5-конференциясы  материалдарының 

баяндамасы. – Алматы, 2014. - 135 б. 

4. 

Ж.Бекболатұлы. Қазақстанның банк жүйесі: Оқулық. – Алматы, 2009. - 387 б. 



5. 

www.nationalbank.kz

   сайтындағы  енгізілген  мәліметтер  жинағы. 

6. 


www.stat.gov.kz - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің 

ресми сайты 



 

 

 

Об экономическом  анализе обязательств хозяйствующих субьектов 

 

Буланова З.Ш. 

Жалал-Абадский государственный университет 

г. Таш-Кумыр, Кыргызская Республика 

 

В условиях рынка, когда хозяйственная деятельность предприятия и его развитие 



осуществляется  за  счет  самофинансирования,  а  при  недостаточности  собственных 

финансовых ресурсов за счет заемных средств, весьма важную аналитическую 

характеристику приобретает финансовая независимость предприятия. Запас источников 

собственных средств - это запас финансовой устойчивости предприятия при этом условии

что его собственные средства превышают заемные. В этих условиях оценка собственного 

и заемного капитала, вложенные в имущество предприятия определяется по следующей 

методике (таб. 1) Коэффициент соотношения заемных и собственных средств подставляет 

собой частное от деления всей суммы обязательств по привлеченным заемным средствам 




жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау