Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет330/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   420

668 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Жайылымдық мал шаруашылығының жағдайы және дамуы 

 

Батырхан Н.А. 

Алматы экономика және статистика академиясы, Алматы қ. 

E-mail: 


nadiraa@mail.ru

 

 



Кеңестер Одағының ыдырауы ірі совхоздардың ыдырауына және сонымен бірге ірі 

қара  мал  басының  азаюына  алып  келді.  Біздің  еліміздің  мал  шаруашылық  саласы 

шаруашылық  жүргізу  түрлерін  іздестірудің,  меншіктің  жеке  түрін  қалыптастырудың 

күрделі  үрдісін  бастан  кешті.  Совхоздардың  таралуы  және  мал  басының  азаюы 

жұмыссыздықты туғызды.   

Жайылымдық  мал  шаруашылығы  саласының  тұрғысынан  ауыл  шаруашылық 

экономиканы  дамыту  мақсатында  біздің  еліміздің  Үкіметі  мал  шаруашылығын  дамыту 

мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының 09.05.1998 жылғы №278-1 «Мал өсіру 

туралы»  Заңын  шығарды,  14.12.2001  жылы  ол  қайта  қаралып,  оған  өзгертулер  мен 

толықтырулар енгізілді [1,1-3 б.]. Бұл құжат ірі қара мал шаруашылығындағы мемлекеттік 

инспекцияларды  дамыту  мен  мемлекеттік  реттеуді  жүргізу  ережелерін,  жануар 

материалын сұрыптау материалы ретінде тану ережелерін анықтайды. 

Ірі  қара  мал  шаруашылығы  ұйымдарының  мал  шаруашылығы  саласының 

тұрғысынан айырмашылықтарын анықтайды.  

Әрбір  облыс  деңгейінде  мал  шаруашылығының  дамуын  басқару  үшін  Ауыл 

шаруашылығы  Министрлігі  06.11.2001  ж.  №350  ауыл  шаруашылығы  Министрлігінің  ірі 

қара  мал  шаруашылығы  департаменті  туралы  бұйрық  шығарылған.  Сол  бұйрықта 

департаменттің  міндеттері  мен  құзыреті  ашып  көрсетілген.  Яғни  сонда  бұйрық  пен  заң 

мал шаруашылығы өндірісінің өсуіне әсер етті деп айтса болады. 2001 жылдан бастап мал 

басы өсе бастады, дегенмен де қажетті нәтижелерге әлі қол жеткізіле қойған жоқ. 

Қазіргі  заман  жағдайларында  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  мал 

шаруашылығы  саласының  дамуына  жағдайларды  қамтамасыз  етуде  маңызды  рөл 

атқарады.  

Осыған  орай  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  былай  дейді  «мемлекеттің  ең  басты 

міндеті  ауыл  шаруашылық  саласының  дамуына  жағдай  тудыру,  егін  шаруашылығы  мен 

мал шаруашылығында экспорт пен ірі ішкі және мемлекеттік сатып алуды бағдар еткен 

орташа  және  ірі  тауарлық  өндірістерді  ұйымдастыру  болып  табылады,  сонымен 

байланысты  ауыл  шаруашылығын  қаржыландыру  бойынша  іс-шаралар  көзделеді».  [3,  3 

б.] 

Міне,  сондықтан  да  біздің  елмізде,  мал  шаруашылығын  дамытуға  ауылды 



қаржыландыру бағдарламасы белгіленген.  

Мал  шаруашылығын  дамыту  орташа  және  ірі  шаруашылықтарды  ұлғайтуды, 

жайылымдық жерлері бар қашықтағы ауылды жерлерде мал шаруашылығын өсіру және 

дамытуды,  асыл  тұқымды  жануарларды  өсіруді  дамыту  мен  жақсартуды  көздейді. 

Сонымен  қатар  ірі  және  орташа  қожалықтағы  мал  шаруашылығы  өнімдерінің  сапа 

стандарттарын қамтамасыз ету қарастырылады. 

Үкімет  тарапынан  басты  қолдау  –  асыл  тұқымды  материалдар  мен  жайылымдық 

жерлермен  қамтамасыз  ету.  Жайылымдық  жерлер  мал  азығын  қамтамасыз  етеді,  ал  ол 

жайылымдық мал шаруашылығын дамытудың басты негізі. Мал шаруашылығын дамыту 

мал басының есебін ұйымдастыруды талап етеді. 

Осы  орайда,  есеп  стандарттарының  талаптарына  қарасақ,    жайылымдық  мал 

шаруашылығындағы есеп пен есептіліктің өзектілігі еш күмән тұғызбайды.

  

Жайылымдық  мал  шаруашылығы  –  біздің  еліміздің  дәстүрлі  жетекші  саласы, 



төлдің тірі салмақ өсімі, сүт пен жүн өндірістің басты көзі. Нақ мал шаруашылығының өзі 

өнеркәсіпті шикізатпен (етпен, жүнмен, терімен, сүтпен және т.б.) қамтамасыз етеді. Мал 




669 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



шаруашылығы  өнімдері  мен  қалдықтарынан  кейбір  мал  азықтары  (көк  сүт,  сүйек  ұны 

және т.б.) және әр  түрлі  дәрілік  препараттар  (емдік  сары  сулар,  гормонды  препараттар 

және т.б.) алуға болады. Міне, сондықтан да қазақстандық малшылар мал шаруашылық 

өнімнің ішкі және сыртқы нарықтарын белсендірек пайдалануына болады. 

Мал  шаруашылығы  өнімдері  өндірісінің  экономикалық  тиімділігін  арттырудағы 

басты  бағыт,  бұл  малды  өсіруге  материалдық  еңбек  қаржаттарын  үнемді  жұмсап  мал 

шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру болып табылады.  

Мал  шаруашылығының  дамуы  Қазақстан  үшін  дәстүрлі  сала  болып  табылады. 

Біздің  елімізде  жайылымдық  жерлердің  бар  болуы  жайылымдық  мал  шаруашылығын 

қайта өркендетуі тиіс.  

Бірақ  та  жайылымдық  жерлерді  пайдаланудың  өз  мәселелері  де  жоқ  емес.  Оның 

үстіне  Қазақстан  Үкіметі  жайылымдық  мал  шаруашылығына  жайылымдарды 

пайдаланудың айқын саясатын әлі толық әзірлеген жоқ.  

Заң  актілерінде  шабындық  және  жайылым  түрінде  мемлекеттік  жер  қорын  бөлу 

мәселелері аяғына дейін әзірленбеген. Ол мал шаруашылығы өндірісін дамытудың және 

оны  азықтық  базамен  қамтамасыз  етудің  негізі  болып  табылады.  Осыған  байланысты, 

біздің пайымдауымызша, жайылымдық мал шаруашылығы өндірісін ұстайтын және оны 

дамытумен  айналысатын  шаруашылықтарға  мемлекеттік  жерлерді  жайылымдар  үшін 

үлестіруді Жер кодексінде арнайы қарастыру  керек сияқты. 

 Жер  кодексі  жер  қатынастарын  реттеуді  жүзеге  асырады  [4,1-3-б]. Алайда, 

өкінішке  орай,  онда  жайылымдық  жерлер  мен  оларды  пайдалану  тәртібі  туралы 

айтылмайды. 

Жер  қатынастарын  реттеу  мәселелері  жөніндегі  жоғарғы  орган  –  Қазақстан 

Республикасының Парламенті. 

Жер  кодексінде  жерді  пайдалаушылардың  құқығы  мен  міндеттері,  жерді  қорғау 

және  пайдалануға  беру  тәртібі,  жерді  қайтып  алу  тәртібі,  ауыл  шаруашылық 

айналымынан жерді шығарумен байланысты залалдардың орнын толтыру, жер кадастрын 

белгілеу тәртібі, жер дауларын шешу тәртібі көрсетіледі. 

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер телімі әрбір меншік иесінің 

үлесін (пай) анықтаумен (үлестік меншік) бірнеше тұлғалардан тұратын жалпы меншікте 

болуы мүмкін.  

Ауыл  шаруашылығында  совхоздарды  жекешелендіру,  реформалау  нәтижесінде 

жер үлестері бөлінген. Жарналар, жер үлестері «Жерді пайдалану актілерімен» ресімделді. 

Бірақ  бүгінде  Қазақстандағы  ауыл  шаруашылығы  өндірісін  жекешелендіру 

барысында  жер  үлесін  алған  көптеген  ауыл  шаруашылық  өндірушілері  өз  жерлерінен 

айырылып қалған. 

Әсіресе 2008-2009 жылдары несие алған ауылдықтар оны өтеуге мүмкіндігі болмай 

қалды. Жер үлестері несиені жабуға жіберілді. Сондықтан да бүгінде жер иелерінің көбі 

коммерциялық және қаржылық құрылымдар болып алған.  

Сонымен қатар, бүгінде де біздің еліміздің табиғи және әлеуметтік ерекшеліктеріне 

онша көңіл бөліне қоймайды, белгілі бір қателіктерге жол беріледі. Қазақстан аграрлық 

бағыттағы  ел,  оның  үстіне  дәстүрлі  жайылымдық  мал  шаруашылығы  саласын  дамыту 

үшін жайылымдық жерлер де баршылық. 

Жайылымдық  мал  шаруашылығы  көптеген  жылдар  бойы  құрғақ  аймақтарында 

табиғатты  пайдаланудың  негізі  болып  табылады.  Жайылымдық  мал  шаруашылығының 

ерекшелігі  малды  жыл  бойына  жайылым  шөбінде  ұстауында.  Жайылымдарды  жыл 

бойына пайдалану мұздақ, боран апаттық жағдайларында, малды қыста қосымша жемдеу 

үшін  аздаған  азықтық  қор  жасауға  мүмкіндік  береді.  Мал  бағу  технологиясы  малдың 

өнімділігін  барынша  сақтауды  және  келесі  шөптесіндік  жамылғыны  қайтіп  шыққанда 

қалпына  келу  мүмкіндігін  қарастырады.  Жергілікті  тұрғындар  жайылымдарды 




жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау