69
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Мәңгілік ел идеясының негізінде Қазақ тілінің болашағы жатыр, ол рухты да батыл
бабаларымыздың тілі, ортақ мәдениет пен дәстүрлердің сабақтасуының кепілі. Тіл-
халықтың басты қазынасы, ата мен бала сабақтастығының алтын көпірі, тәуелсіздік
эстфетасын келесі ұрпаққа тасымалдаушы – тіліміз болмақ. Сонымен қатар,бұл биік ұғым
өз бойына тағы бір ата кетерлік үлкен мәнге әкеп тірейді, ол- ұлт санасы, түйсігі. Қысқа
қайырып өтсек, Қола дәуірінде Беғазы-Андрон мәдениетін қалыптастырған, сақ болып
шартарапқа жар салған, ғұн болып шығысты қабағына қаратқан үйсін-сармат болып
шығыс пен батысты біріктірген, көк түркі болып қағанат құрған, қарахан болып иман
ережелерін бекіткен, қыпшақ болып Еуразияны төстеп билеген, Алтын Орда болып
ақырған, Ақ Орда боп жекірген, Қазақ Хандығы болып жар салған, Қазақ КСР болып
жанданған тарихтың өзі сұстанған Қазақ деген халықтың ұрпағы екенімізді есімізден
шығармауымыз есті болар. Белгілі деңгейде Қазақстан халқы өз ортасында орнықты да
мәнді бірегейлікті қалыптастырғаны мәлім, қазақстандық бейбітшілік моделі-әлемге үлгі
екені де ешкімге құпия емес, дейтұрғаныменде, мына күн сайын құбылып, мың
алабұртқан адамзат үшін ең дамыған және сол деңгейде ең күрделі кезеңде өзіндік
мәдениет пен ерекшеліктерді сақтап қалу да аса маңызды. Осындай қиын да кемел
заманда даму сипатына ие болу үшін ұлттық сана-сезімді қайта жандандыру, тарихи
тамырды терең жаю мәселелері өз алдына маңызды және қажет. Идея-философиялық
және көне түркілік тарихи-лингвистикалық сөздікте “мәңгі” сөзі астаса келіп, “Тәңір”,
“Құдай” және “Алла”сөздерін білдіретіні белгілі. Бұдан ұғатынымыз, “Мәңгілік ел”
ұғымы “Тәңірдің жердегі елі, мемлекеті” дегенді білдіреді, түптеп келгенде, Қазақ
мемлекетінің мәңгілік болуына аталмыш идея кілт болмақ.
Тарихи тұрғыдан сараптар болсақ, “Мәңгілік ел” түсінігі сайып келгенде Қазақ елі
ұғымына айналады, яғни, бұл түсінік сол ертедегі мәңгілік елдікке ұмтылудың
эволюциялық формасы. О баста, қазіргі қазақ жерінің орнында алғаш түркі тайпалары
бірігіп ,тұңғыш мемлекет құра бастағанда, сол уақыт кезеңінде “ел” түсінігін
қалыптастырды, ал мәңгі ел болу түркілердің негізгі мақсаты әрі арманы еді. Ал, XV ғ.
орта шенінде Қазақ хандығын Керей мен Жәнібек ұлы түркілердің заңды мұрагері ретінде
құрған шақта нақ осы мақсатты қайта жандандырып, “Мәңгілік ел-Қазақ хандығының
синонимі” етіп алған.
Бүгінгі күнде, нақтырақ 2015 жылдан бастап, Мәңгілік ел идеясы толық активтілік
сипатқа ие болып, оның негізгі мақсаты – Қазақстан халқының теңдігі. Аталмыш идеяның
басты құндылықтары:
•
Азаматтық теңдік (ортақ құндылықтар мен бірлік принципін басшылыққа ала
отырып, ешқандай кемсітушілік-шеттетулік әрекеттердің алдын-алу, сәйкесінше, оның
мүлде орын алуына жол бермеу )
•
Еңбексүйгіштік (әр азамат өз жұмысын адалдықпен атқарып, қызметтегі
профессияналдық деңгейін жетілдіруге ұмтылуы)
•
Білім алу (қазақ мемлекетінің болашағы болып табылатын жастардың жоғары
деғгейде білім алып, ақпарат заманында бәсекеге толық қабілетті болуы)
•
Ашық мемлекет – толерантты қоғам (мәдениттанулық тұрғыдан талдар
болсақ, жаһандану заманында түрлі мәдениет өкілдері өзара араласып, тарихта болмаған
үлкен диологқа ие болуда, сол себепті мәдениет өкіліне толеранттылық танытып, түсіну
және діни тұрғыдан да ешқандай дискриминациялық әрекеттерге жол бермеу)
Аталған құндылықтардың жоғары дәрежеде орындалып, қоғамда тұрақтауы
еліміздің болашағын жарқын етпек. Бұдан шығатын қорытынды, Мәңгілік ел-
қазақстандықтарыдың екінші конституциясына айналуы тиіс. Бұл жолдың алғаш
инситуты ретінде – мектептерде Мәңгілік ел құндылықтарын енгізу жөн болар. Соңғы
әлеуметтанулық зерттеулерге сүйенсек, елімізің 95%-ы өздерін Қазақстан халқымыз деп
таныстырған. Қазіргі таңда, қазақ жерінде 130 астам этнос өкілдері тату-тәтті ғұмыр
кешуде, расында, еш этнос-мәдениет өкілі ешқандай дискриминациялық әрекетті көрген
70
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
емес және көрмейді. Тілдік, діни немесе өзге де ұлттық-этностық тұрғыдан кемсітушілік
әрекеттер қазақ жерінде еш уақытта орын алмаған, оған куә –дана тарих. Қайбір зұлмат
замандарда қазақ өз қонақжайлылығы мен жоғары түсінік деңгейімен ерекшелеген.
Қайсібір халықтар қазақтай дархан халықты көргемегенін зор алғыс сезімімен айтып
отыратыны бар, алысқа бармай-ақ, зұлмат 40-жылдардағы күштеп қоныс аударту
саясатының құрбаны болған талай халықтар қазақ жеріне келген сәтте аса ауыр жағдайда
еді, туған жерінен жырақтаған олар негізгі құндылығынан айырылып, шарасыз жағдайда
еді, сол мезетте, бір қара су мен қара нанын бөліп төріне шақырған қазақтың жақсылығы
бәрінің есінде. Сол себепті, аталмыш идеяның негізгі тасымалдаушысы мен түсіндірушісі
рөлін өзіне зор құрметпен Қазақсан Халқы Ассамблеясы алғаны белгілі және де бұл
миссияны асқан жауапкершілікпен сәтті атқаратынына күмән жоқ.
“Мәңгілік ел” идеясын рационалды тұрғыдан іске асыра отырып, еліміз 30-дамыған
мемлекеттердің қатарынан табылатындығы белгілі. Елбасы өз жолдауында
экономиканың басты көрстеткіші болып табылатын ЖІӨ мәселесі бойынша, 16 000-
60 000 АҚШ долларына дейін көтеруге тапсырма бергені белгілі. Бұл жетістіктің негізінде
мемлекетіміз әлемнің дамыған да қомды қорына қосылатыны белгілі. Ол үшін орта
есеппен жыл сайын ЖІӨ көрсеткішін 4% -ын ұстап отыру және инвестиция көлемін 18-
30% - ға дейін өсіру еліміздің мерейін үстем етпек. Экспорт көлемін дайын өнім есебінен
70% -ға көтеру жоспарлануда. Сондай-ақ, бірқатар салалардың инновациялануы, айтып
өтсек, ауыл шаруашылығы, геобарлау жұмыстары және мұнай өңдеу саласын жетілдіру
аталған мақсаттың орындалуына өз септігін тигізбек. Сонымен қатар, білім беру ЖІӨ 3 %-
ын құрайды және Мәдени саясат саласын қолдау жоспарлануда. Бүгінгі жаһандану
заманында өзге мемлекеттермен терезесі тең әлеуметтік-мәдени және экономикалық-
саяси өмір салтын ұстану үшін біз рухани тәуелсіздікке қол жеткізуіміз қажет. Әрине,
заманға сай жаңа технологиялық жетістіктерді пайдалану да керек, сонымен қатар адами-
ұлттық салтты да сақтау маңызды. Бұның себебі неде? деген заңды сұрақ туады. Алысқа
бармай-ақ кешегі Кеңес дәуірін еске алайық. Бергісі жетпіс жыл, арғысы патшалық
кезеңдерде тарихи-мәдени жетістіктеріміз бен санамызды бұрмалаған саясат болғаны рас.
Өз заманында, тек Еуразия кеңістігінде ғана емес, барша адамзат баласына пайдасын
тигізген көшпелілер қалыптастырған мәдениет формасы батыс зерттеулерінде “мыс”
тағылық, тіпті жабайылық сипаттамалары пайда болып, мемлекеттілік мәселесі мүлде
жоққа шығарылды. Патша үкіметенің отаршылдық саясаты бүркемеленіп, қазақ саты мен
тарихына нигилистік көзқарас орнықты. Осы арада айтпағым барлық қоғамдық ғылымдар
жұмылып “тарихи әділеттілікті” орнына келтіруіміз қажет. Сол ғылымдардың
айналасында жүрген мен үшін, менің патриоттылығым сол, сол шындықты халыққа
жеткізу арқылы жаңа заманауи тәуелсіз ұрпақ санасын қалыптастыру.
Бүгінгі күнде, аталмыш ойларды іске асырып жатқан қадамдар да баршылық.
“Қазақстан-2050” көрініс тапқан Мәдени-саяси концепция оған дәлел. Қысқаша айтып
өтсем, мұражай орындарын ғылым-білім орталықтарына айналдыру, кітап басу ісі – ана
тілімізде жүзеге асырылу мәселесі, мәдени-тарихи ескерткіштерімізді жаңғырта отырып,
мәдени туризм саласын дамыту, қалаларымызды ұлттық-заманауи реңге бояу,
киноиндустрия саласында ұлттық өнімдер санын көбейту, театр, цирк өнерлерін де жаңа
деңгейге көтеру және ұлтымыздың болашағы сәби-жасөспірімдеріміз үшін ұлттық
анимациялық картиналардың санын арттыру мәселелері тұр. Сондай-ақ, жақында болатын
EXPO-2017 халықаралық мәдени-техникалық жетістіктерді көрсетіп, паш ететін көрме
өткелі отыр. Аталмыш жағдайды пайдалана отырып, біз халқымыздың зор мәдени
жетістіктерін көрсету арқылы- Қазақстанның жаңа заманғы имиджін құрамыз,
қалыптастырамыз.
Мәдени-тарихи сана қазақ халқының барлық жетістіктерін паш ете алатын басты
құрал, былайша қазақтың қазақтығын көрсететін айғақ. “Қазақ тарихында біз ұялатындай
ешнәрсе жоқ” деп Елбасы айтқандай, қазақ халқы қай заман болсын әділеттілік пен
адалдықты ту етіп ұстаған ардалы халық. Өзгенің мүлкі мен жеріне, ырысына ешқашан