664
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Қазақстан халқының туу көрсеткіштерін этностары бойынша талдау
Әміреев Ы.Ә., Садықұл Н.Ж
Нархоз университеті, Алматы қ.
E-mail:
yzgarbek@mail.ru
,
nusya_94.kz@mail.ru
Демографиялық зерттеудің негізгі көрсеткіші болып халықтың саны жатады.
Халықтың саны әрқашанда уақыт өткен сайын өзгерісте, яғни туғандар мен өлгендер
және көші-қон фактілері арасындағы көрсеткіштер қосындысына байланысты болады.
Мұнда халықтың табиғи өсімі үлкен рөл атқарады. Халықтың табиғи өсімі деп- белгілі бір
кезеңде тірі туылғандар мен өлгендер санының арасындағы айырмашылықты айтады.
Табиғи өсім оң шамада болады, егер тірі туылғандар саны өлгендер санынан артық болса,
немесе кері,онда оны табиғи кему деп те атайды. Туу көрсеткіші, бұл туудың жекелеген
жағдайларының үлкен санынан тұрады, яғни үзілмейтін,тоқтамайтын процесс. Халық
тұрақты, үзілмейтін қозғалыста болады. Адамдар туылады және қайтыс болады.
Адамдардың өмірінде көптеген өзгерістер болады. яғни, жасы, отбасы жағдайы, білім
деңгейі, жұмысы, тұратын жері, денсаулығы және т.б. Туу процесіне көптеген факторлер
әсерін тигізеді.Оған мыналар жатады:халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы,
әлеуметтік-психологиялық орнатулар, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар және т.б.[1,15
б.]
Қазақстан халқының саны дүниежүзі мемлекеттері арасында 63 орынды иеленуде.
2016 жылдың 1 мамырындағы мәліметтері бойынша 17753 мың адамды құрайды және бір
шаршы километрге 6,5 адамнан келуде және орташа тығыздығы жағынан 184-ші орында.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет болып саналады және мұнда бірге бейбіт өмір сүріп,
табысты еңбек етіп келе жатқан 100-дан астам ұлттар мен ұлыстар тұрады. Соңғы
деректер бойынша Қазақстандағы этностордың 66,5%-ын қазақтар, орыстар 20,6%,
өзбектер 3,1%, украиндер 1,6% , ұйғырлар 1,5%, татарлар 1,2% және тағы басқа ұлт
өкілдері құрайды. Біз бұдан Республикамызда тұратын ұлттардың басым бөлігін қазақтар
мен орыстар құрайтынын байқаймыз. Демек, еліміз бойынша өмірге келген балалардың
көпшілігі осы екі ұлттардан тұратынын және оны төменде келтірілген 1-кесте
көрсеткіштерінен көруге болады: [2]
1-кесте
2011-2015жылдар аралығында Қазақстандатуған балардың ұлттық құрамы
бойынша саны мен туу коэффициенттері
Туғанбалалардың саны, мыңадам
1000 адамға шаққандағы туу
коэффициенттері, ү
Жылдар
2011
2012
2013
2014
2015
2011 2012 2013 2014 2015
Барлығы
соныңішінде
:
372,8
381,0
387,2
399,9
397,6
22,7
22,8
22,9 23,2
22,5
Қазақтар
272,7
280,3
288,2
301,1
305,2 25,8
25,9
25,9
26,3
25,6
Орыстар
47,6
47,7
46,3
45,8
42,1
12,7
13,6
13,4
13,4
12,3
Басқаұлттар
52,5
53,0
52,7
53,0
50,3
24,3
22,7
22,3
22,3
21,4
Ескерту:Авторлармен есептелінген. Демографиялық жылнамалық,- Астана,2014 -74 б.
1-кестеде берілген көрсеткіштерге талдау жасайтын болсақ, онда Қазақстан
бойынша туған балалардың саны жылдан жылға өскенін көруге болады,яғни 2011 жылмен
салыстырғанда 2015 жылы туған балалардың саны 24,8 мың адамға көбейген. Егер осы
көрсеткіштерді ұлттық құрамы бойынша жеке қарастыратын болсақ, онда қазақтардан
туған балалар саны 32,6мың адамға өскен немесе жалпы туған балалардың ішінде 76,8%-
ын құрайды. Ал орыстардан туған балалардың саны 1,8 мың балаға кеміген немесе үлесі
жағынан 13,0%-дан 10,6% - ға дейін азайған. Демек, жалпы туған балалардың 87,4 %-ы
665
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
қазақтар мен орыстардың үлесіне тиетіндігі, ал қалған бөлігі басқа ұлттардың үлесіне
келген.
Егер 2015 жылдың туу коэффициенттерін 2011 жылмен салыстыратын болсақ, онда
республика көлемінде айтарлықтай өзгерістердің болмағандығы, яғни 22,5ү мөлшерінде
тұрақты түрде болғандығы. Ал ұлттары бойынша жеке қарастыратын болсақ, онда
қазақтарда өзгермеген, яғни 25,0 ұ 0,6ү мөлшерінде, орыстарда 12,7ү-ден 12,3ү-ге
төмендеген.
Сонымен қатар бұл кесте бойынша басқа ұлттарға қарағанда қазақтар мен
орыстардың үлесі көпекенін байқауға болады. Егер осы ұлттарды облыстары бойынша
орналасуын жеке қарастыратын болсақ, онда қазақтардың көпшілігі оңтүстік пен батыс
облыстарында орналасқан.Орыстардың басым бөлігі Солтүстік Қазақстан, Шығыс
Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында, Алматы, Астана қалаларында өмір
сүруде. Орыстар үшін туу көрсеткіші төмен, өлу саны көп, табиғи өсім аз. Бұл
көрсеткіштер КСРО-ның бұрынғы мемлекеттерінде және Ресейдің өзіндегі орыстарда да
байқалуда.Қазақстаннан кеткен басқа ұлттардың қалғандарының басым бөлігін орыстар
мен орыс тілділер үлесіне келеді. Сыртқы мигранттардың 71,7% -ын орыстар, 7,6%-ын
украиндер, 5,5%-ын немістер, 2,4%-ын татарлар құрайды. Олардың үлкен бөлігі Ресейге
қоныс аударды. 2012 жылдан бастап сыртқы көші-қон айырымы минусқа ауысты, яғни
1426 адамға жеттіжәне жылдан жылға бұл көрсеткіш біртіндеп өсуде. Демек, 2015 жылы
минус 5595 адамға жетті, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысынан 1377 адам,
Қарағандыдан 1370 адам, Қостанайдан 894 адам, Солтүстік Қазақстан 702 адам, Ақмола
облысынан 201 адам, Павлодар облысынан 1051 адам көшіп кетті. Халық саны қала және
ауыл болып бөлінетіні баршамызға мәлім. Қала халқы деп қалалық жерлерде
тұратындарды айтады, ал ауыл халқы деп ауылдық жерлерде тұратындар. Сондықтан
төменде қалалық және ауылдық жерлерде туған балалардың ұлттық құрамын 2-кестеде
келтіреміз:
2-кесте
2011-2015 жылдар аралығында қалалық және ауылдық жерлерде туғандардың
ұлттық құрамы бойынша саны,мың бала
Жылдар
Қалада
Ауылда
2011
2012
2013
2014
2015
2011
2012
2013
2014 2015
Барлығы
соныңішінде: 197,5
206,2
209,0
223,2
225,4
175,3
174,8
178,2
176,7 172,2
қазақтар
144,5
151,6
155,6
168,1
173,0
128,2
128,7
132,6
133,0 132,2
орыстар
25,2
25,9
25,0 25,6
23,9
22,4
21,8
21,3
20,2 18,2
басқаұлттар
27,8
28,7
28,4
29,5
28,5
24,7
24,3
24,3
23,5 21,8
Ескерту: Авторлармен есептелінген. Демографиялық жылнамалық.-Астана,2014 -74 б.
2 - кестеде берілген көрсеткіштерге талдау жасайтын болсақ, онда Республика
бойынша қалада туған балалар саны ауылда туған балалардың санына қарағандажоғары
екенін көруге болады. Мысалы, 2015 жылы қалада туған балалардың саны 225,4 мың
баланы құрайды, яғни жалпы туған балалардың 56,7%-н құраса, ал ауылда туған балалар
саны 172,2 мың немесе 43,3%-ға тең болған. Осы көрсеткіштерден қалада туған балалар
саны ауылға қарағандакөбірек, бірақ, жақын келетінін байқауға болады. Оның себебі
ауылдық жерлерде дәрігерлік көмек көрсететін орындардың аз, тіпті жоқ деп айтуға
болады. Осығын орай ауылда тұратын жастардың көпшілігі қала ауруханаларда
босанатындығы және туу туралы куәлігін қалада туған деген атаққа машықтанып кетуіне
байланысты.Егер осы көрсеткіштерді ұлттық құрамы бойынша жеке қарастыратын
болсақ, онда қазақтардың қала мен ауылда туған балалар санының жылдан жылға өсіп
отырғанын көреміз. Ал орыстардың қалада туған балаларының саны 2015 жылы 23,9 мың
Достарыңызбен бөлісу: |