656
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Мәннің нысаннан басым болуы. Операциялар мен басқа оқиғалардың шынайы
бейнеленуі үшін олар өзінің тек заңдық нысанына сәйкес ғана емес, сонымен бірге өзінің
мәні мен экономикалық нақтылығына сәйкес есепке алынып, ұсынылуы қажет.
Бейтараптылық. Сенімділікті қамтамасыз ету үшін қаржылық есептілікте жатқан
ақпарат бейтарап, яғни біреудің қызығушылығын қорғамауы керек.
Мұқияттылық. Анықталмағандық жағдайында талап етілетін есеп айырысулар
үшін пікірді білдіру кезінде активтер мен табыстар әдейі кем, ал міндеттемелер мен
шығыстар әдейі артық болып көрсетілмеуі үшін сақтылықтың анықталған дәрежесін
сақтау [3].
Активте жатқан болашақ экономикалық пайдалар келесі операциялардың
нәтижесінде алынуы мүмкін:
1.Егер актив субьектімен өткізілетін дайын өнім (тауар, жұмыс, қызмет)
өндірісінде бөлек немесе басқа активтермен бірге пайдаланылса;
2.Басқа активтерге айырбасталса;
3.Міндеттемелерді өтеуге жұмсалса;
4.Субьект иелері арасында бөлінсе;
Міндеттеме – дара кәсіпкердің немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын
мойнында тұрған міндеті, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың
шығып қалуына әкеп соғады [1].
Қаржы-шаруашылық іс әрекеттің нәтижелерін бағалаумен тікелей байланысты
қаржылық есептілік элементтері болып келесілер табылады:
-
табыстар – есепті кезең ішінде активтердің түсімі немесе өсімі немесе
міндеттемелердің азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға
қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына
әкеледі;
-
шығыстар – есепті кезең ішінде активтердің қолдан кетуі немесе азаюы немесе
міндеттемелердің пайда болу нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға
қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп
соғады [1].
Қаржылық есептердің элементтерін тану – бұл бухгалтерлік балансқа немесе
элементтің бөлінуіне сәйкес келетін бап қызметінің нәтижелері туралы есепке қосу үрдісі.
Осы бап келесі критерийлерге жауап беруі тиіс:
-
баппен байланысты кез келеген экономикалық пайда субьектімен алыну немесе
жоғалу ықтималдығы бар;
-
обьектінің сенімді өлшенуі мүмкін құны немесе бағалауы бар.
Қаржылық есептілік элементтерін бағалау – есептілік элементтері бухгалтерлік
есеп пен қаржылық есептілікте танылатын және тіркелетін ақша сомаларын анықтау [1].
Қаржылық есептердің элементтері бағаланады:
-алғашқы (бастапқы) құн бойынша. Активтер төленген ақша қаражаттар сомасында
немесе оларды сатып алу кезіндегі жақтардың келісімі бойынша орнатылған ағымдық құн
бойынша, ал міндеттемелер – міндеттеменің орнына қабылданған түсім сомасы бойынша
немесе шарттармен анықталған жағдайларда (мысалы, салық), жағдайлардың қалыпты
өтуі кезінде міндеттемені орындау үшін төленетін ақша қаражаттарының сомасы
бойынша бейнеленеді;
-ағымдық құн бойынша. Активтер есепте егер осы немесе оған ұқсас актив жаңа
ғана сатып алынған болса, төленуі тиіс ақша қаражаттардың сомасы бойыншы, ал
міндеттемелер міндеттемені өтеу үшін қажетті ақша қаражаттарының дисконтталмаған
сомасы бойынша бейнеленеді;
-өткізудің (өтеудің) мүмкін сомасы бойынша. Активтер сатудан алынуы мүмкін
ақша қаражаттарының сомасы бойынша бейнеленеді. Міндеттемелер міндеттемені өтеу
үшін қажетті ақша қаражаттарының дисконтталмаған сомасы бойынша бейнеленеді.
657
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
-дисконтталмаған құн бойынша. Активтер субьектінің қалыпты қызметі барысында
активтер тудыруы міндетті ақша қаражаттарының болашақ дисконтталған құнын беретін
ағымдық құн бойынша бейнеленеді. Міндеттемелер субьектінің қалыпты қызметі
барысында міндеттемелерді өтеуге пайдаланылатын ақша қаражаттарының болашақ таза
төлемдерінің дисконтталған құнын беретін ағымдық құны бойынша бейнеленеді;
-баланстық құн бойынша. Активтер мен міндеттемелердің бухгалтерлік баланста
бейнеленетін құны [4].
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелері кірістер мен шығыстар есебінде
бейнеленеді және өзіне негізгі қызметтен түскен, яғни өнімді өткізу (жұмыс атқару,
қызмет көрсетуден) түскен кірістер мен шығыстарды да қосатын бірнеше есеп
категориясымен ұсынылған.
Қорыта айтқанда, қаржылық есеп тәжірибесін жалпылау және жан-жақты зерттеу
түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану ұйымдардың қызметіндегі салықты төлемеумен
байланысты бұзушылықтарды бақылаудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Қолданылған дереккөздер тізімі
1. ҚР «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есепілік» туралы заңы 28 ақпан 2007ж.
№234-ІІІ.
2. Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая
корреспонденция счетов. – Алматы: Ержанов и К, 2003.
3. Кеулімжаев Қ.Қ. – Бухгалтерлік есеп принциптері. – Алматы: Экономика,
2003.
4. Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп»,
Алматы 2005ж.
ҚЕХС бойынша қаржылық есептіліктің құрылу қағидалары
мен жалпы тұжырымдамалық негіздеме
Атанбаева Г.А., Игибаев Е.М.
Ғылыми жетекші - э.ғ.д.,профессор Ф.С. Сейдахметова
Алматы экономика және статистика академиясы, Алматы қ.
E-mail:
gul-zhan89@mail.ru
Нарықтық экономика жағдайларында кез келген ұйым экономикалық пайда алуға
ұмтылады. Бұл жағдай кез келген ұйымның қаржылық ресурстарын, оның қаржылық
капиталын қалыптастыру көзқарасынан қарағанда маңызды болып табылады. Ішкі
мазмұны бойынша қаржылық есептілік бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік
үйлестер тұжырымдамаларының жалпы методологиялық қағидаларының талаптарына
сәйкес тұжырымдамаларға негізделеді. Олар бірдей қағидалық мәселелерді бірдей және
сол тәртіпте қарайды.
Нарықтық қатынастардың қатысушыларына қатысты пайдалы ақпаратты беру –
бұл экономикалық тауар болып есептеледі. Есептік ақпараттың тиімділігін өлшеп бағалау
қиын. Сонда да, бухгалтерлік есеп жүйесінде жиналған пайдалы ақпарат шоттан бастап
талдау үшін және тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті нүктені қамтамасыз
етеді. Біз егер бірдей құны бар екі ұсыныс бар болса, онда айтарлықтай пайда әкелетін
ұсынысқа басымдық берілетінін білеміз. Бухгалтер өзінің қызметін іштей немесе сырттай
қарауы мүмкін. Бухгалтердің ішкі қызметі активтерді барынша тиімді басқару үшін
ұйымның өзіне қажет. Сыртқы қызметке қатынасы бойынша бухгалтер ұйымның әр түрлі
активтеріне инвестициялардың пайдалылығы үшін алаңдайды.