654
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Кіріс пен шығыс көптігі, түрлілігі және қиындығы бойынша ең алдымен
кәсіпкерлікпен айналысатын шаруашылық субъектілер, ұйымдар, кәсіпорындар, банктер
және т.б. үшін маңызды.
Нарықтық экономикаға өту, қазақстандық есептің халықаралық стандарттарға
бейімделуі бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне «кіріс» түсінігін маңызды есеп
категориясы ретінде қойды. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке
тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде
алдын ала алынған төлемдері бұның бәрі кірістер.
Кіріс кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі ретінде табысты алудағы
алғашқы және елеулі қадам болып тұр. Іскерліктің кез келген саласында кірістер мен
шығыстар арасында логикалық байланыс бар. Негізгі және негізгі емес қызметтен түскен
кірістерді қалыптастыру қаржылық есеп пен басқарушылық есеп жүйелерімен қамтылған
кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық механизмінің дамуының және қалыптасуының
басты және біруақытта күрделі элементі болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі бухгалтерлік есеп жүйесіндегі кіріс пен шығыс есебін
бағалау мен талдау әдістерін өзіне енгізудің қажеттілігімен сипатталады. Оның көмегімен
кіріс пен шығыс арасындағы оңтайлы үйлесімділік табылып, ақша қаражаттарының
пайдалануының одан әрі жоғары тиімділігіне жетуге мүмкіндік алуға болады.
Осылайша кәсіпорын есебінде кірістер мен шығыстар есебі маңызды мәнге ие,
өйткені осы обьектілер қаржылық есептіліктің маңызды элементтері болып табылады
және кәсіпорын немесе ұйым қызметінің қаржылық нәтижелерін тікелей бағалаумен
байланысты.
Кіріс пен шығыс есебінің негізгі мақсаты - өнімді өндіру мен қызмет көрсету үрдісі
барысында осы өнімдер мен қызметтердің өзіндік құнына кіретін шығыстардың және
оларды жауып, пайданы қалыптастыратын кірістер арасындағы байланысты айқындау.
Кіріс пен шығыс есебі көмегімен біз өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын жасау
барысында пайданы мейлінше арттыру үшін резервтерді анықтауға мүмкіндік аламыз.
Кірістер кәсіпорынның өмір сүруінің қайнар көзі болып табылады. Кіріссіз пайда
жоқ, пайдасыз кәсіпорын жоқ.
Бухгалтерлік есеп субъектілердің қызметінің сандық және сапалы
мінездемесін көрсетеді. Осы екі мінездемесі табыстарға әкелуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүйесін «Бухгалтерлік есеп пен
қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №
234 заңы анықтайды. Осы заң Қаржылық есептілікті дайындау мен оны пайдалану
кезіндегі сақталуы тиіс есептің жалпы ережелері мен принциптерін, сыртқы аудит пен
ішкі бақылау бойынша талаптарды, Қазақстан Республикасының резиденттері болып
табылатын және сонымен бірге резидент емес Қазақстан Республикасының
территориясында тіркелеген өкілдіктер мен филлиалдардың, заңды және кәсіпкерлік
қызметпен заңды тұлғаны құрамай айналысатын жеке тұлғалардың міндеттері мен
құқықтарын бекітеді.
Қазақстанда бухгалтерлік есеп ортақ принциптер мен қаулылар негізінде
құрылады. Олар бухгалтерлік есеп стандарттарында субьектілердің қаржы-шаруашылық
қарекетінің бухгалтерлік есеп типтік шоттар жоспарында, «Салықтар мен бюджетке
міндетті түрде төленетін басқа да төлемдер туралы» кодексте, Қазақстан
Республикасының жетік органымен шығарылған бухгалтерлік есеп бойынша нұсқаулар,
қаулылар, кепілдемелерде бекітілген. Сонымен бірге іс әрекет етуші бухгалтерлік есеп
жүйесі халықаралық стандарттарға сай келеді.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы бухгалтерлік есепте бұрын болған шығындарды
есепке алудың нормативті тәсілі пайдаланылмай, халықаралық қабылданған директ-
костинг шығындарды есепке алу жүйесі қолданылады. Есепке алудың осы жүйесінде
өндірістік шығындар тұрақты және өндіріс көлеміне пропорционалды өзгеретін
655
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
шығындарға бөлінеді. Өнімнің өзіндік құнына тек тікелей негізгі шығындар мен өзгермелі
үстеме шығындар қосылады. Қалған шығындар «Жиынтық табыс» шотына апарылады.
Талдау кезінде негізгі назар «Жиынтық табыс» шотына апарылған сомаларға аударылады,
өйткені қалдықтардың бар болуы өндіріс процесінде кемшіліктер бар екенін көрсетеді
[1,106б]. Осылайша жасалған шолу отандық және шетелдік бухгалтерлік есеп
тәжірибесіндегі ерекшеліктерді көруге көмектесіп, олар арасындағы айырмашылықтар
мен ұқсастықтарды, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін көруге көмектесті.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты – мүдделі тұлғаларды дара
кәсіпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері мен қаржылық
жағдайындағы өзгерістер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып
табылады [1].
Бухгалтерлік есеп өзімен субьектінің активтері, меншікті капиталы,
міндеттемелері, табыстары мен шығындары туралы бухгалтерлік есеп стандарттарымен
және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңға сәйкес шығарылған басқа
да нормативті-құқықтық актілерімен регламенттелген ақпаратты жинау, тіркеу және
жалпылау жүйесін білдіреді.
Бухгалтерлік жазулар мен құжаттар қолмен немесе компьютерленген жүйе
көмегімен жасалған бастапқы құжаттарды, кітаптарды, журналдарды, жазуларды, және
субьектінің шаруашылық қызметі туралы ақпаратты қамтитын басқа да материалдарды
қосады.
Қаржылық есептілік тұжырымдамасы 7 элементті (активтер, міндеттемелер,
капитал (таза активтер (н. №1), табыстар, шығындар, пайда, залалдар (н. №2) қосады.
Олар қаржылық есептілікте ұсынылатын ақпаратты пайдаланушылар үшін осы ақпаратты
пайдалы болып жасайтын атрибуттар болып табылады
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес келесі
принциптер қабылданған:
- Есептеу. Кірістер олар табысталған кезде танылады (бейнеленеді), ал шығыстар
мен залалдар, операциялар мен оқиғалар бухгалтерлік есепте бейнеленіп, өздері жататын
кезеңдердің қаржылық есептіліктеріне кіргізіледі. Есептеу принципі бойынша
құрастырылған қаржылық есептілік болған операциялар мен басқа да оқиғалар туралы
ақпарат пайдаланушыларды үшін ақшалай қаражат қабылданған немесе төленген кезде
емес экономикалық шешімдер қабылданған кезде өте маңызды ақпаратпен қамтамасыз
етеді.
- Үздіксіз қызмет. Субьект өз қызметін анықталмаған уақыт кезеңі ішінде
жалғастыратыны және онда оны жақын болашақта жою ойы немесе оның көлемін елеулі
қысқартуға ойы жоқ екені болжамданады [2].
Қаржылық есептіліктің негізгі сапалық мінездемелері:
Түсініктілік. Қаржылық есептілікте ұсынылған ақпарат пайдаланушыларға
түсінікті болуы қажет.
Орындылық. Болған бағалауларды түзетіп немесе растап, болған, қазіргі немесе
болатын оқиғаларды бағалауға көмектесіп, пайдаланушылардың экономикалық
шешімдеріне әсер етуі.
Ақпараттың орындылығына оның елеулілігі мен мінезі әсер етеді. Ақпарат елеулі
болып табылады егер оны жіберіп қою немесе дұрыс емес ұсыну пайдаланушылардың
экономикалық шешімдеріне әсер етсе.
Сенімділік. Ақпаратта елеулі қателер мен бұрмаланулар жоқ және
пайдаланушылар оған дұрыс ұсынылған ақпаратқа сияқты сене алса.
Шынайы ұсыну. Сенімділікті қамтамасыз ету үшін қаржылық жағдай, операциялар
нәтижелері, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат операциялар мен басқа
оқиғаларды шынайы бейнелеуге міндетті.