Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет232/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   420

469 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Қазақстан Республикасы депозит нарығына талдау жүргізу 

 

Бекзатова С.С. 

Алматы экономика және статистика академиясы 

E-mail: simka93-b

@mail.ru

 

 



 

Әлемдік  қаржы  дағдарысы  Қазақстанның  қаржы  нарығының  активтерін 

бөлу  құрылымын  түбегейлі  түрде  өзгерткен  жоқ.  Бірақ  та,  дамудың  соңғы  бес  жылы 

көрсеткендей,  осы  кезеңде  қаржы  нарығының  құрылымында  банк  секторы  активтерінің 

үлесі біршама төмендегенін байқауға болады. Бұл төмендеу соңғы бір-екі жылда көрініс 

табуда.  Осы  өндіріс  ұлттық  банк  жүйесі  үшін  ғаламдық  тұрақсыздықтың  салдарынан 

көрініс  табуда.  2014  жыл  мен  2016  жылдар  аралығында  активтер  өсуінің  ең  төменгі 

үдерісін  айғақтайтын  арзан  шетел  капиталын  тарту  базасында  банк  секторы  соңғы 

жылдары қарқынды өскенін байқаймыз, бұл өсім салыстырмалы түрде басқа да қаржылық 

институттар  үшін  9%-ды  құраса,  ал  нарықтық  активтері  құрылымында  оның  үлесінің 

82%-

дан  74%-ға  дейін  төмендегені  байқалады.  Құрылымның  өзгеруі  негізінен  банк 



операцияларының  жекелеген  түрлерін  жүзеге  асыратын  банктік  емес  ұйымдардың 

үлесінің жоғарылауы есебінен болып отыр. Бұл құрылымда жалғыз ғана акционер болып 

мемлекет  табылатын  ұйымдардың  құрылымын  атап  өтуге  болады,  себебі  олар  дағдарыс 

жағдайында  осындай  ұйымдардың  капиталдандырылуын  ұлғайту  арқылы  өз  қызметін 

кеңейте  түсті.  Сол  себепті  мемлекет  экономиканың  басымдықты  салаларын,  сондай-ақ 

Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық  дамуын  тұрақтандыруды  қамтамасыз  ету 

бойынша  мемлекеттің  алғашқы  кезекті  әрекеттері  аясында  шағын  және  орта  бизнес 

субъектілеріне қаржылық қолдау бойынша іс-шараларын жүзеге асыра бастады.  

 

Енді  соңғы  екі  жылдағы  Қазақстан  Республикасының  депозит  нарығының 



ахуалына  тоқтала  кетсек.  2016  жылдың  қаңтар-қараша  айларында  депозиттік 

ұйымдардағы  резидент  тұлғалардың  депозиттерінің  көлемі  13,3%-ға,  яғни  7451,3  млрд. 

теңгеге жоғарылады. Атап айтқанда, заңды тұлғалардың депозиттері 13,4%-ға, яғни 5307,7 

млрд. теңге, ал жеке тұлғаларда – 13,2%-ға, яғни 2143,6 млрд. теңгеге дейін жоғарылады. 

2016 

жылдың қаңтар-қараша айларында шетел валютасындағы депозиттер үлесі 8,1%-ға, 



яғни 2640,6 млрд. теңгеге төмендегенін, ал ұлттық валютада 30,0%-ға, яғни 4810,7 млрд. 

теңгеге  ұлғайғанын  байқаймыз.  2015  жылдың  желтоқсан  айымен  салыстарғанда  2016 

жылдың қараша айында депозиттердің теңгедегі үлес салмағы 56,3%-дан 64,6%-ға дейін 

жоғарылады.  Банктердегі  халықтың  салымдары  (резидент  емес  тұлғаларды  қоса 

есептегенде) 2016 жылдың қаңтар-қараша айларында 13,4%-ға, яғни 2196,3 млрд. теңгеге 

өсті. Халықтың салымдарының құрылымында теңгелік депозиттер 40,8%-ға, яғни 1183,9 

млрд.  теңгеге  ұлғайды,  ал  шетел  валютасындағы  депозиттер  7,6%-ға,  яғни  1012,4  мрлд. 

теңгеге  төмендеді.  Нәтижесінде  теңгедегі  депозиттердің  үлес  салмағы  2015  жылдың 

желтоқсан  айында  43,4%-ға,  ал  2016  жылдың  қараша  айында  53,9%-ға  жоғарылағанын 

байқаймыз. 2016 жылдың қараша айында банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі жедел 

депозиттері  бойынша  орташа  есеппен  алғандағы  сыйақы  мөлшерлемесі  2015  жылдың 

желтоқсан  айындағы  4,5%-дың  орнына  2,7%-ды,  сәйкесінше  жеке  тұлғалардың 

депозиттері бойынша 10%-дың орнына 9,8%-ды құрап отыр [1]. 

 

Қаржы  нарығының  активі  құрылымындағы  банк  секторы  үлесінің 



төмендеуіне  қарамастан,  банк  секторының  алатын  орны,  деңгейі  жоғары  болып  қала 

беруде. Екінші деңгейлі банктердің сырттан ресурстарды тарту деңгейінің төмендеуі және 

банктер  тарапынан  ішкі  экономиканы  қорландыруды  қысқарту  жағдайын  несиелендіру 

деңгейі  мен  халықтың  жинақтары,  сондай-ақ  экономиканың  монетизациясы  арасындағы 

алшақтықтың  қысқаруына  елеулі  әсер  ете  түсті.  Осындай  беталыс  алдағы  уақытта 

Қазақстан  экономикасының  ішкі  көздері  есебінен  ресурстарды  алып  келу  және 

орналастыру қатынасында теңестіруге оң әсер етуі тиіс. Өз кезегінде қалыптасқан күрделі 



470 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



жағдай  қазақстандық  банк  жүйесі  үшін  болашақта  жаңа  мүмкіндіктер  мен  негізгі 

факторлардың  өсуіне  алып  келеді.  Бұл  біріншіден,  ресурстық  базаның  одан  әрі 

әртараптандырылуы,  тәуекел-менеджментті  басқару  жүйесінің  жетілдірілуі  және 

корпорациялық  басқарудың  халықаралық  қағидалары  негізінде  басқарудың  сапасын 

жоғарылату сияқты дамытудың осындай бағыттарына бағытталуы тиіс [2]. 

 

Инфляцияның  өсуі,  несиенің  қымбаттауы  және  оның  қолжетімділігінің 



төмендеуі  серпіліс  кезеңінде  жинақталған  міндеттемелердің  қызмет  көрсетулерін 

қиындата  түседі.  Бұл  болашақта  экономикалық  өсуге,  сондай-ақ  елдің  депозиттік 

базасының  тұтыну  салымдарын  шектейді.  Осыған  байланысты  әртараптандыру 

бағыттарының  бірі  болып  екі  жақты  келісім  негізінде  халықтың  салымдарын  тарту 

бойынша  депозиттік  нарықтағы  коммерциялық  банктердің  қызметін  белсендендіру 

шығады. Бұл өз кезегінде депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің жоғарылауында 

көрініс  табады.  Осы  кезеңде  олардың  қызметтерінің  тиімділігі  ең  алдымен  жалпы 

экономикалық  жағдаймен,  заңдық  база  мен  саяси  жүйенің  тұрақтылығы  және  бірқатар 

жағдайларға байланысты болып отыр. Банктердің өзінен бәсекелестік күрес жағдайында 

дамудың түбегейлі жолдарын әзірлеуге байланысты болып келеді.  

 

Кез  келген  жағдайға  бейімделу,  депозиттік  құралдарды  тиімді  басқару, 



нарықтық  ағындарды  анық  бағдарлау  бұл  –  экономика  дамуының  қазіргі  жағдайында 

коммерциялық  банктердің  басты  талабы.  Тұрақты  депозиттік  нарықты  құру  республика 

халқының  сенімін  ғана  арттырып  қоймай,  сонымен  қатар  халықаралық  қаржы 

нарықтарына бірігудің жедел қарқынына жетуді көздейді.  

 

Инвестициялық  қаражаттардың  тапшылығына  байланысты  халықтың  ақша 



қаражаттарын  тарту  дағдарыс  кезеңінде  маңызды  міндет  болып  табылады.  Сондықтан 

салымдарда  ақша  жинақтарын  сақтау  үшін  әлуетті  салымшылардың  анағұрлым  тиімді 

шарттарын құру қажет болады.  

 

Осыған  орай,  экономикаға  халықтың  қаражаттарын  тартудың  тиімді 



шарттарын  банктердің  депозиттік-несиелік  механизмі  арқылы  құру  дамудың  қазіргі 

кезеңінде осы бағыттағы мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.  

 

Қазақстанда  депозиттерді  кепілдендіру  жүйесіндегі  шешуші  рөлді 



депозиттерді  міндетті  кепілдендірудің  жүзеге  асыратын,  акционерлік  қоғамның 

ұйымдастырушылық-құқықтық  нысанында  құрылған,  қазақстандық  заңдар  негізінде  өз 

қызметін  жүзеге  асыратын  өзінің  құқықтық  сипаты  бойынша  коммерциялық  емес  ұйым 

болып  табылатын  «Депозиттерді  кепілдендірудің  қазақстандық  қоры»  АҚ  шығады. 

Сондай-ақ,  бұл  қордың  құрылтайшысы  және  жалғыз  ғана  акционері  болып  Қазақстан 

Республикасы Ұлттық банкі табылады.  

 

Тиімді  банктік  инфрақұрылымды  құру  Қазақстанның  экономикалық 



реформасының маңызды бір міндеті болып табылады.  

 

Банк  жүйесіне  халықтың  сенімінің  жоғарылауы  мақсатында  қаржылық 



сауықтыру мәселесі экономиканың қазіргі даму кезеңінде анағұрлым өзекті болып отыр. 

Тұрғындар  тарапынан  банк  жүйесіне  сенімді  жоғарылату  мәселесін  шешу  мемлекеттік 

деңгеймен қатар, коммерциялық банктер деңгейінде де жүргізілуі тиіс.  

 

Екінші  деңгейлі  банктер  деңгейінде  депозиттерді  тартуда  бірқатар 



мәселелер  кездеседі.  Соңғы  жылдары  өзінің  дамуында  қазақстан  банктері  әлеуметтік 

салада,  экономикада,  саясатта  көптеген  күрделі  қарама-қайшылықты  және  жоспарлануы 

қиын  үдерістердің  орталығында  болып  отыр.  Шын  мәнінде  республиканың  банк 

жүйесіндегі  қалыптасқан  жағдай  барлық  экономиканың  күрделі  қаржылық  жағдайының 

көрінісі болып табылады. Бірақ та, жоғары рөлді банктердің өздері орындайды.  

 

Банк  жүйесінің  соңғы  жылдардағы  даму  үрдісі  халыққа  ұсынылатын 



қаржылық  қызмет  көрсетулердің  өсімі  үшін  банктер  дамудың  өзіндік  саясатын  әзірлеуі 

қажет, сондықтан бәсекелестік пен тұрғындар тарапынан несиелік институттарға сенімді 

арттыру үшін жүргізіледі [3]. 



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау