467
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
операциялармен байланысты мәселелерге кеңес беруі ғана емес, сондай-ақ банк
қызметімен байланысты басқа да сұрақтар бойынша ақпарат беру жатады. Сонымен бірге,
салымшыларға несие беру бойынша жеңілдіктер қарастыру тәжірибесі де қолданылуда.
Дамыған елдерде депозиттік қызметтерді Интернет желісі арқылы ұсыну кең
тараған. Бірақ Қазақстанда халықтың көп бөлігінің Интернет желісін пайдалануға
мүмкіндігі жоқ.
Депозиттік нарықтың келесі кемшілігі долларизация болып табылады. Біздің
елімізде салымдарды шет ел валютасында қабылдау басымырақ. Бұл жайында алдыңғы
бөлімдерде статистикалық мәліметтер келтірілген. Ұлттық банк тарапынан депозиттерді
шет ел валютасында қабылдауды шектеуге бағытталған бағдарламалар жүргізілуі қажет.
Бұл бағдарламаларда шет ел валютасында қабылданған депозиттер бойынша сыйақы
(мүдде) мөлшеріне салық салыну, мерзімі бойынша шектеулер тағы да басқа мәселелер
қарастырылғаны жөн. Халықтың ақша қаражаттарының орналастыру кезінде салымды
шет ел валютасында ұлттық валютада салуын ынталандыру үшін мемлекет шаралар
қолдануы қажет. Депозиттік нарықтың долларизациялануы мәселесі Қазақстан
Республикасында ғана емес көптеген елдерде байқалуда.
Депозиттік операцияларды ұйымдастыруды жетілдіру үшін шет ел
тәжірибесін нақты алғанда Америка Құрама Штаттарының банктік тәжірибесін қолданған
тиімді. Экономикалық тұрғыдан қарағанда ұлттық банк жүйесіне аралас режимді жинақ
шоттарын енгізу қолайлы. Бір жағынан, мұндай шоттардағы ақшалай қаражаттар есеп
айырысу үшін қолданыла алады, ал екінші жағынан инвесторларға белгілі бір табыс
әкелетін ерекше қаржы инвестициясы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Америка
Құрама Штаттарында мұндай шоттарға ақша нарығы шоттарынан басқа НАУ – шоттарын
қаражаттарды автоматты аудару шотын (САПС және АТS шоттары), супер шоттарын
жатқызуға болады. Сондай-ақ бұл шоттарды заңды тұлғалармен қатар жеке тұлғаларда
аша алады [2].
Еліміздегі қалыптасқан банктердің депозиттік операциялары қазіргі таңда
даму үстінде өзімізге белгілі депозит банктердің негізгі ресурс көзі болып табылады. Бұл
ресурстардың көбеюі, қосымша несиелік ресурстардың көбеюін қалыптастырады.
Депозиттік операциялардың дамуна әсер ететін бірден – бір көрсеткіш, бұл
халықтың сенімділік дәрежесін арттыру үшін банктер өз алдына осы бағытта арнайы
стартегиялар қабылдау қажет шетел тәжірибесіне жүгінсек, банктер туралы қарапайым
халық толық ақпаратқа ие. Олардың балансын, тартылған қаражаттар көлемін, сыйақы
мөлшерін толық бөледі. Ал біздің елде кейбір банктерден басқа банктер өз балансын
жарияламайды. Қазіргі таңда кезкелген ел тұрғынынан депозит туралы сұрасақ және қай
банкке сенімділігін сұрасақ жауап бере алмайды. Сондықтан осы проблеманы жою үшін
банк арнайы маркетингтік зерттеу жүргізіп, үнемі призентациялар, бұқаралық ақпарат
құралдары мен сұқпат өткізіп, баспа беттеріне жариялау керек. Ашық ақпарат бар жерде
сенімділік те бар.
Елде депозиттік операциялардың дамуына кедергі жасайтын тағы бір көрсеткіш
халықтың әлеуметтік жағдайы. Онсыз да бір айлықтан екінші жалақыға өз шығындарын
зорға өтеп отырған халық депозит салуды ойламайды да. Бұл тұрғыдан мемлекеттің және
банктердің стратегиясын дамыту қажет. Мемлекет тарапынан айлық көлемін өзгерту,
әлеуметтік көмек көлемін ұлғайту болса, банк стратегиясы, мысалы басқа операциямен
ұштастыру болып табылады. Өзімізге белгілі қазіргі таңда елімізде ипотекалық несиелеу
дамуда. Бұл несие шарты бойынша белгілі көлемде алғашқы жарна төлену керек. Егер осы
жарнаны депозит ретінде қабылдаса, онда екі жақты пайда болар еді. Банктен депозиті бар
тұлғаға пайызы төмен қызмет көрсету сияқты шараларды қолдану ыңғайлы.
Депозиттік операцияларды ұйымдастыруды жетілдіру үшін шет ел тәжірибесін
нақты алғанда Америка Құрама Штаттарының банктік тәжірибесін қолданған тиімді.
Экономикалық тұрғыдан қарағанда ұлттық банк жүйесіне аралас режимді жинақ
468
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
шоттарын енгізу қолайлы. Бір жағынан, мұндай шоттардағы ақшалай қаражаттар есеп
айырысу үшін қолданыла алады, ал екінші жағынан инвесторларға белгілі бір табыс
әкелетін ерекше қаржы инвестициясы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Америка
Құрама Штаттарында мұндай шоттарға ақша нарығы шоттарынан басқа НАУ – шоттарын
қаражаттарды автоматты аудару шотын (САПС және АТS шоттары), супер НАУ
шоттарын жатқызуға болады. Сондай-ақ бұл шоттарды заңды тұлғалармен қатар жеке
тұлғаларда аша алады.
Банктердің негізгі қызметтерінің бірі төлем механизмі және қаражаттарды
аударуды қамтамасыз ету. Шет ел тәжірибесінде қаржы қызметтерінің ортаңғы буының
төлем жүргізудің қолайлы нысаны алып отыр. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы
коммерциялық банктері басылымдылық ретінде Америка Құрама Штаттарының
коммерциялық банктерінің халыққа ұсынатын «Бір бірімен байланысты қызметтер
шоты» деп аталатын әр түрлі қызметтер пакеті тәжірибесін қолдана алады. Мысал ретінде
қарапайым ағымдағы чек шотын келтіруге болады. Бұл шотқа қажет уақытында жинақ
шотынан қаражаттар аударылады, бұл шот бойынша аккредитив ашылады және туристік
чектер төленеді, овердрафт ниесиесі беріледі, дебеттік карточкалар және чек кітапшасы
жазылады.
Осылайша, ақша қаражаттарының салымдарға қорлануына келесі факторлар әсер
етеді:
-
өндіріс көлемі мен құрылымының қоғамдық қажеттіліктер көлемі мен
құрылымына сәйкес келу деңгейі;
-
өндіріс орындарының орналасуы;
-
еңбек ақы төлеу нысаны;
-
халықтың ақшалай табыс түрлері;
-
халықтың жалпы табыс деңгейі және оның әлеуметтік топтар бойынша
дифференциациясы;
-
бағаның жалпы деңгейі мен құрылымы;
-
саяси және экономикалық тұрақтылық [3].
Осыған байланысты біздің елімізде депозиттік операциялардың дамуы
жоғарыда аталған факторлардың әсерін максималды есепке алу арқылы, сонымен бірге
банктің халыққа қызмет көрсету тәсілдері мен нысандарын жетілдіру бағытында жүруі
қажет. Отандық банк жүйесін қолдау қажеттілігі оның елдің экономикалық жүйесіндегі
маңызды рөлінің болуымен түсіндіріледі. Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың және
депозиттердің шоттарының әр түрі кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік
нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға
және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға
ұмтылуына жағдай жасайды.
Қолданылған дереккөздер тізімі
4.
www.afn.kz
5.
www.nationalbank.kz
6.
Журнал «Банки Казахстана», №2 / 2016. С.2
.