483
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
–
банктерді бағалау және қаржы нарығының басқа да қатысушыларын бағалау үшін
мемлекеттік емес рейтингтік бағдарламаларының жасалуын қoлдау.
Бесінші бағыт – бұл келесілердің көмегімен қаржы дағдарысының бoлуына қарама-
қарсы іс-әрекеттер шаралары:
-
қаржы нарығының қаржы дағдарысына сезімталдығын бағалау индикатoрларының
ұсынылып oтырған мoделін енгізу [3, 3 б.].
Жүргізілген зерттеу тиімді реттеу түсінігін тәртіпті сақтауға бағытталған, қаржы
нарығының қатысушыларының жұмысы үшін қалыпты жағдай қалыптастыруға,
қатысушыларды манипуляция мен алаяқтықтан сақтауға, қаржы құралдарына сұраныс пен
ұсыныстың негізінде баға белгілеудің еркін прoцесін қамтамасыз етуін, кәсіпкерлікті
ынталандырудың жағдайларын жасауға бағытталған шаралар жиынтығы деп анықтауға
мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, әлемдік қаржы нарығының негізгі стандарттарына
сай келетін oсындай нарықты құру Қазақстанды әлемдік қoғамдастыққа мақтанышпен
көрсете алады.
Қолданылған дереккөздер тізімі
1
www.afn.kz
2
www.nationalbank.kz
3
Журнал «Банки Казахстана», №2 / 2015. С.3
Бірыңғай зейнетақы қорының инвестициялық қызметінің
қазіргі жағдайына сипаттама
Елдес С.
Нархоз Университеті, Алматы қ№
E-mail:
Ser_zhan_94@mail.ru
Қазақстандағы
зейнетақы
қорының
жаңашалану
кезінде
республикатұрғындарының зейнетақы жинақтарының тиімді пайдаланылу сұрақтары
әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан маңызды да түйткілді сұрақтардың бірі болып
табылады.
Жаңадан құрылған бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры (одан әрі БЖЗҚ) зейнетақы
қызметі нарығындағы жалғыз субъект болып табылады және елдің бүкіл зейнетақы
қаржыларының жиынтығы да осы қорда жинақталған. Сондықтан, зейнетақы жинағын
тиімді пайдалану бойынша белгілі бір бағытты анықтау үшін аталған қордың
проблемалық мәселелерін анықтау маңызды болып табылады. Аталған мақаланың міндеті
біздің пайымдауымызша, берліген мәліметтердің негізінде зейнетақы қоры активтерін
басқарудың негізгі мәселелерін анықтау болып табылады.
Ең алдымен айта кететін жаңдай, БЖЗҚ бүгінгі күні біріккен инвестициялық
портфелі 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша6685,3 млрд. млрд теңге жинақталған
елдің ең институционалдық инвестор болып табылады [1]. Мұндай жағдай ең алдымен
барлық зейнетақы қорларының (одан әрі ЖЗҚ) активтерінің жинақталуынан пайда болған.
2016 жылы зейнетақы активтерін инвестициялау кірісі 531 млрд. теңге болды.
Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 2017 жылғы 1 қаңтарда 9,4 млн. шот
болды. 2016 жылы зейнетақы төлемдерінің жалпы сомасы 169,7 млрд. теңге болды.
БЖЗҚ-ның жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін 2017 жылғы 1 қаңтарда
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары және Қазақстан
Республикасы эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздары (инвестицияланған
зейнетақы активтерінің тиісінше 44,7%-ы және 39,3%-ы) құрайды. Банктердегі
салымдардың үлесіне инвестицияланған зейнетақы активтерінің 6,1%-ы тиесілі болды.
484
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Кесте 1-Зейнетақы жарналары бойынша салымдардың өсу қарқыны
Зейнетақы жинақтары
01.01.14
01.01.15ж
01.01.16ж
01.12.2016ж Өсімі, %
Міндетті
зейнетақы
жарналары бойынша
3 731,9
4 490,0
5762,0
6536,7
75,1
Ерікті
зейнетақы
жарналары бойынша
1,4
1,5
1,7
1,7
21,4
Міндетті кәсіби
зейнетақы
жарналары
бойынша
0,15
26,3
64,5
98,5
65666
Ескерту: ҚР Ұлттық Банктің ресми мәліметтірінің негізінде құрастырылған
Сурет 1. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салым сомасының өсу қарқыны
Кесте мен суреттен көріп отырғанымыздай 2014 жылдың 1қаңтарындағы
жағдаймен салыстырғанда өсім өте жоғары болып отырғандығын байқауға болады, яғни
міндетті зейнетақы жарнасы бойынша өсім 75,1 пайызды құрап отыр. Өсім, әсіресе 2015
жылдың ішінде жоғары болған. Жинақтық зейнетақы қорларын біріктірілгеннен бастап
салым сомасының үдемелі түрде өсіп отырғандығын байқауға болады. Мұндай үрдіс
аталған қордың сыртқы қаржы нарықтарына ірі институционалдық инвестор ретінде
белсенді түрде қатысып отыруына мүмкіндік береді.
БЖЗҚ –ны 2014 жылдың ішінде түбегейлі өсіп өзгеруіне байланысты және ҚҰ ҰБ-
нің аталған қорға қатысты инвестициялық декларация қабылдауына байланысты
зейнетақы активтерін стратегиялық бөлу мәселесіне қатысты жаңа көзқарас
қалыптастыруға негіз болған болатын. Дегенмен, 2014 жылдың соңындағы жағдай әлі де
болса оң өзгеріс тапқан жоқ, бірқатар мәселелер өз шешемін таппай келеді.
Оның ішіндегі жалпылама және маңызды мәселелердің бірі, ол БЖЗҚ-ның
инвестициляқ портфелінің құрылымының кірістілік деңгейінің төмен болуы болып
табылады.
3 731,90
4 490,00
5762
6536,7
0,00
1 000,00
2 000,00
3 000,00
4 000,00
5 000,00
6 000,00
7 000,00
01.01.2014
01.01.15ж
01.01.16ж
01.12.2016ж
мл
рд
тг