Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет226/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   420

457 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



пайда болады. 

Қаржы тәуекелінің туындау себептері – инфляциялық факторлар, банктің есептік 

мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі және т.б. 

Қаржы тәуекелдері екі түрге бөлінеді: 

1)  ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер; 

2) капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер). 

Ақшаның  сатып  алу  қабілеттілігімен  байланысты  тәуекелдерге  тәуекелдердің 

келесі  түрлері  жатады:  инфляциялық  және  дефляциялық  тәуекелдер,  валюталық 

тәуекелдер, өтімділік тәуекелі. 

Инфляция  ақшаның  құнсыздануы  болып  табылады,  бағалар  өседі.  Дефляция  – 

инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес ақшаның сатып 

алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді. 

Инфляциялық  тәуекел  –  инфляция  өсімі  кезінде  нақты  сатып  алу  қабілеттілігі 

көзқарасынан  өсуден  көрі  алынатын  ақшалай  табыстар  тез  құнсыздануындағы  тәуекел. 

Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап болады. 

Дефляциялық  тәуекел  –  дефляция  өсімі  кезінде  бағалар  деңгейі  төмендейді, 

Қаржылықтің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс төмендейді. 

Валюталық тәуекелдер сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық 

операцияларды  жүргізу  кезінде  бір  шетелдік  валюта  бағамының  басқа  валюта  бағамына 

қатынасының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалту қаупімен түсіндіріледі. 

Өтімділік  тәуекелі  –  тұтынушылық  құнының  және  сапалық  бағаның  өзгерісі 

себебінен  бағалы  қағаздар  немесе  басқа  да  тауарларды  өткізу  кезіндегі  мүмкін  болатын 

жоғалтулармен байланысты тәуекелдер.[2] 

Тәуекел деңгейін төмендету бойынша шаралар нәтижесін талдауды ұсынамын. 

Тәуекелдерді талдаудан кейін осы тәуекелдерді  басқару  әдістерін  талдау  қажет. 

Әрине бұл процестің ажырамас бөлігі болып сақтандыру табылады. Сақтандырудан басқа 

тәуекелден қашу немесе оны өзіне алу, шектеу, хеджирлеу, сараптау, тәуекелдерді бөлу, 

қаражаттарды резервтеу, тәуекелдер бойынша мүмкін болатын қаржылық жоғалтуларды 

айыппұл санкциялар жүйесі есебінен өтеу, кепілдік және т.б. сияқты тәуекелдерді басқару 

әдістері қолданылады.  

Тәуекелді  төмендету  –  тәуекелді  жағдайдың болу  ықтималдылығын  және  мүмкін 

жоғалтулар көлемін азайту. Тәуекелді басқару әдісін таңдау кезінде тәуекел түрі бойынша 

максималды мүмкін болатын шығысты есептеу, оны тәуекелге ұшырауы мүмкін капитал 

көлемімен  сәйкестендіріп,  барлық  мүмкін  шығысты  меншікті  қаржылық  ресурстар 

көлемімен салыстыру қажет. 

Тәуекелді  басқару  жүйесінің  қызметін  тиімді  жүргізу  кәсіпорынды  басқару 

жүйесінде  құрылымдық  бөлімше  –  тәуекелді  басқару  бөлімшесін  құруды  қарастырады. 

Бұл  бөлімше  міндетті  түрде  тәуекелді  басқару  бойынша  мақсатты  шаралардың  арнайы 

бағдарламасын жасауы керек.  

Кәсіпорын  деңгейінде  мұндай  бағдарлама  жасау  кәсіпорынның  қызметі  мен 

құрылымының  негізгі  элементі  ішкі  және  сыртқы  тәуекелдерден  қорғаныштылық  және 

жоғары  тұрақтылықты  кепілдендіретін  тәуекелдерді  басқаруды  қамтамасыз  ету  тиіс. 

Тәуекелдер  кәсіпорын  қызметтерінің  түрлі  жақтарына  әсер  етеді  және  ол  жағымсыз 

сипаттамаға  ие  болады.  Жағдайды  тұрақтандыру  бойынша  жұмыстар  тәуекелдерді 

басқарудан  бастау  қажет,  яғни  тәуекелмен  байланысты  қаржылық  жоғалтуларды 

төмендетуге  бағытталған  кәсіпорын  үшін  экономикалық  қолайлы  ұсныныстар  мен 

шаралар енгізіліп, жасалуы тиіс. 

Кәсіпорынның  тәуекелді  басқару  бөлімшесі  бірнеше  топтардан  тұруы  қажет. 

Бөлімшенің құрамына кіретін әр топқа ішінде білім облысы әртүрлі мамандар болу керек: 

ең алдымен   -  антитәуекелділік басқарушы,  маркетинг бойынша маман, қаржы маманы, 




458 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



персоналды  басқару  бойынша,  жоспарлы-экономикалық  жұмыс  бойынша,  өндіріс 

бойынша маман. 

Кәсіпорынның  басқармасы  тәуекелді  басқару  мәселелерін  шешуде  басты  орын 

алады,  өйткені  ол  тәуекелді  төмендету  бойынша  шаралар  бағдарламасын  бекітеді, 

критикалық  жағдайларда  оларды  өткізу  шешімдерін  қабылдайды,  антитәуекелділік 

бағдарламамен бірге сыналатын шешімдер қабылдайды. 

Тәуекелді  басқару  бойынша  шараларды  тікелей  өткізу  кәсіпорынның  негізгі 

өндірісітік  және басқарушылық бөлімшелерінің қызметіне қайшы келеді, олардың есеп 

беру  көрсеткіштеріне  жағымсыз  әсерін  тигізеді,  себебі  бұл  шаралар  жедел  табыс 

әкелмейтін шығыстарды талап етеді.[3] 

Сондықтан тәуекелді басқару бойныша соңғы шешімдерді кәсіпорынның басқару 

органдарының ең жоғарғы органы қабылдағаны үлкен маңыздылықты иеленеді. 

Қаржылық  тәуекелмен  байланысты  мүмкін  жоғалтуларды  төмендетуде 

қызығушылық тудыратын кез келген кәсіпорын өзі үшін келесі мәселелерді шешу қажет: 

- қаржылық тәуекелмен байланысты мүмкін жоғалтуларды бағалау; 

-  фирма белгілі бір  тәуекелдерді  өзінде  қалтыра  ма,  яғни  олар  бойынша  өзі 

жауапты  бола  ма,  не  олар  бойынша  жауапты  басқа  субъектілерге  беретіндігі  туралы 

шешім қабылдауы тиіс; 

- негізгі мақсаты мүмкін жоғалтуларды төмендету болып табылатын тәуекелдерді 

басқару бағдарламасын жасау қажет.  

Бұл  міндеттерді  тәуекелді  басқару  бойынша  мақсатты  шаралардың  арнайы 

бағдарламасын  жасау  негізінде  мүмкін.  Антитәуекелдік  менеджерде  тәуекелді  басқару 

бойынша дұрыс шешім қабылдау үшін барлық қажетті ақпараттар болуы тиіс. 

Қаржылық  басқаруда  тәуекелді  төмендету  үшін  кәсіпорынның  барлық  қызметіне 

әсер  ету  үшін  тәуекелді  басқарудың  бірқатар  ұйымдастырушылық  құралдарын  қолдану 

қажет. Тәжірибеде көптеп қолданылатын төмендету әдістерін төрт типке бөлуге болады: 

1) 

Тәуекелден бас тарту әдісі; 



2) 

Тәуекелді локализациялау әдісі; 

3) 

Тәуекелді диссипациялау әдісі; 



4) 

Тәуекелді өтемақылау әдісі. 

Тәуекелден  бас  тарту  әдісі  шаруашылық  тәжірибеде  кеңінен  таралған  әдістердің 

бірі.  Бұл  әдістерді  тәуекелге  бел  бумай  ақ  әрекет  етуші  кәсіпкерлер  қолданады.  Бұл 

типтегі басшылар сенімсіз серіктестердің қызметінен бас тартады, тек қана өз сенімдеріне 

кірген контрагенттермен –  тұтынушылар  мен  жеткізушілермен  жұмыс  істеуге 

ынталанады.  

«Тәуекелден  бас  тарту»  тактикасына  сүйенетін  шаруашылық  субъектілері 

инновациялық және басқа да жобалардан, өздеріне кішкентай болса да күмән тудыратын 

жобалардың орындалуы мен тиімділігіне сенімнен де бас тартады.  

Нарықтық экономика жағдайында  өндірушілер, сатушылар және сатып алушылар 

бәсекелестік  жағдайында  өздері,  яғни  өз  үрей  және  тәуекел  жағдайында  қызмет  етеді. 

Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе  аз болжанады. Тәуекел-менеджменті 

тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару 

жүйесі болып табылады. Белгілі бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және 

тәуекел дәрежесін  уақытылы төмендету  шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі 

тәсілдер қолдана отырып, тәуекелді басқаруға болады. 

Тәуекел  мөлшеріне  және  дәрежесіне  стратегия  және  қаржылық  менеджмент 

әдістерімен  жүзеге  асырылатын  қаржылық  механизм  арқылы  нақты  әсер  етуге  болады. 

Бұл  тәуекелді  басқарудың  өзіндік  механизмі  тәуекел-менеджменті болып табылады. 

Тәуекел-менеджментінің  негізі  тәуекелді  анықтау  және  төмендету  бойынша 

ұйымдастырушылық жұмыстар болып табылады. 




жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау