Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет124/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   420

252 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



қолдау  көрсетілуі  керек.  Осыған  байланысты  бизнес   бастаманы  қолдау  және  жеке 

бизнесті  дамытуды  ынталандыру  мақсатында  мемлекет  тарапынан  әр  түрлі  қолайлы 

экономикалық  және  құқықтық  жағдайлар  жасалуы  тиіс.  Қазақстан  Республикасының 

«Жеке  кәсіпкерлік  туралы»  Заңында  елімізде  жеке  бизнесті  қолдауға  арнайы 

тарау(4тарау) арналған. Осы заңда анықталған төмендегідей бағыттар мен жолдарды атап 

көрсетуге болады. 

  Жеке  бизнестіті  мемлекеттік  қолдау  мынадай  негізгі  бағыттар  бойынша  жүзеге 

асырылады: 

−Жеке бизнесті мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру; 

−Бюджет  қаражаты  есебінен  жеке  бизнес  субектілерінің  қызметін  оқу-

әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету. 

Жеке бизнесті мемлекеттік қолдау және дамытуды жүзеге асыру жолдары ретінде 

келесілерді атауға болады: 

−Мемлекеттік органдар жанынан жеке кәсіпкерлік проблемеларын зерделеу және 

оны дамыту ұсыныстарын әзірлейтін ғылыми-зерттеу институттарын құру; 

−Орталық  мемлекетік  және  жергілікті  атқарушы  органдардың  жанындағы 

сарапшылық орталықтарды ұйымдастыру; 

−Жеке бизнесті мемлекеттік қолдау және дамытудың қаржы институттарын құру; 

−Бизнес-инкубаторлардың 

және 


идустриялық 

аймақтардың 

қызметін 

ұйымдастыру. 

Шағын  бизнесті  мемлекеттік  қолдау  жоғарыда  аталған  бағыттармен  бірге 

келесілерді де қамтиды: 

−Шағын  бизнес  субъектілерінің  мемлекеттік,  қаржылық,  статистикалық, 

материалдық-техникалық  және  ақпараттық  ресурстарды,  сондай-ақ  ғылыми-техникалық 

әзірлемелер мен технологияларды пайдалану үшін жағдай жасау; 

−Шағын бизнес субъектілерін мемлекетік тіркеудің және таратудың оңайлатылған 

тәртібін белгілеу; 

−Шағын бизнесті дамытудың мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларын 

әзірлеу; 

−Оңтайлы салық режимін белгілеу; 

−Шағын  бизнеске  кредит  берудің  бағдарламаларын  қабылдау,  сондай-ақ  бюджет 

қаражаты есебінен гранттар мен займдар беру; 

−Шағын  бизнесті  қолдау  мен  дамыту  үшін  инвестицияларды,  оның  ішінде 

шетелдік инвестицияларды тарту мен пайдалану жүйесін жасау; 

−Мемлекеттік мұқтаждар үшін тауарларды сатып алудың кепілдендірілген көлемін 

қамтамасыз ету; 

−Жұмыс істеп тұрған оқу және зерттеу орталықтарын, консалтингтік ұйымдар мен 

шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  мен  дамытудың  ақпараттық  жүйелерін  дамыту  және 

жаңаларын  құру  жолымен  кадрлар  дайындауды,  қайта  даярлауды  және  олардың 

біліктілігін арттыруды ұйымдастыру. 

Мемлекеттік  даму  институттары  Қазақстан  Республикасында  жеке  кәсіпкерлік 

субъектілерінің  қалыптасуы  мен  экономикалық  өсуін  ынталандыру,  сондай-ақ  елдегі 

жалпы  иновациялық  және  инвестициялық  белсенділікті  арттыру,  оның  ішінде  жоғары 

технологиялық,  ғылыми  сыйымдылықты  өндірістерді,  өндірістік  инфрақұрлымды  және 

өңдеуші  өнеркәсіпті  дамытуға  жәрдемдесу,  ел  экономикасына  ішкі  және  сыртқы 

инвестицияларды тарту мақсатында құрылады. 

Жоғарыда  аталған  заңда  (Жеке  кәсіпкерлік  туралы)  алғаш  рет  индустриялық 

аймақтар  құру  мен  дамыту  мәселесі  көтерілді.  Индустриялық  аймақ  деп 

комуникациялармен қамтамасыз етілген, мемлекет және бизнес субъектілеріне өнеркәсіп 

объектілерін  орналастыру  және  пайдалану  үшін  беретін  ауыл  шаруашылығы 

мақсатындағы емес жерді айтамыз.  Индустриялық аймақтар жеке бизнесті дамыту үшін 



253 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



экономикалық  және  ұйымдық  жағдайларды  қамтамасыз  ету  мақсатында  құрылады. 

Олардың  негізгі  міндеттеріне  өнеркәсіп  саласындағы  жеке  бизнесті  жедел  дамытуға 

жәрдемдесу;  жаңа  өндірістер  инфрақұрлымын  құруға  және  дамытуға  арналған 

шығындарды оңтайландыру; өндіріс тиімділігін арттыру және халықты жұмыспен қамту 

жатқызылады. 

Елімізде бизнесті, соның ішінде шағын және орта бизнесті, әсіресе инновациялық 

бизнес  пен  венчурлік  бизнесті  дамытуға  мемлекеттік  даму  институттарының  қызметін 

ұтымды пайдалану және үйлестіру едәуір ықпал етеді. Олар жеке бизнес субъектілерінің 

қалыптасуы  мен  экономикалық  өсуін  ынталандыру,  сондай-ақ  елдегі  жалпы 

инновациялық  және  инвестициялық  белсенділікті  арттыру,  оның  ішінде  жоғары 

технологиялық,  ғылыми  сиымдылықты  өндірістерді,  өндірістік  инфрақұрлымды  және 

өңдеуші  өнеркәсіпті  дамытуға  жәрдемдесу,  ел  экономикасына  ішкі  және  сыртқы 

инвестицияларды тарту мақсатында құрылады. 

Жалпы  алғанда  елімізде  шағын  және  орта  бизнесті  қолдау  мен  дамытуға 

Елбасының  өзі  ерекше  назар  аударып  отыр.  Бұл  мәселе  еліміздің  экономикалық 

саясатының маңызды құрамдас бөлігі ретінде барлық мемлекеттік мәселелерде, Қазақстан 

Республикасы  Президентінің  жыл  сайынғы  халыққа  арналған  Жолдауларында  атап 

көрсетеді. 

Шағын  және  орта  бизнесті  мемлекеттік  қолдау  жөнінде  белсенді  жұмыстардың 

жүргізілуі елімізде бизнестің дамуына оң әсер етеді. 

Ел  экономикасының  ілгері  басуына  шағын  және  орта  бизнестің  қосар  үлесі  зор. 

Дамыған  елдерде  экономиканың  қомақты  бөлігін  осы  шағын  кәсіпкерлік  құрайды. 

Сондықтан  біздің  елімізде  де  шағын  және  орта  бизнестің  қанат  жаюына  жағдай  жасап, 

табысты саланың өркендеуіне айрықша көңіл бөлуде. 

Бүгінде кәсіпкерлердің көбі несие алу арқылы аяғынан тұрып, көпшілігі бизнесін 

шыр  айналдырып  әкетті.  Бұл  ретте  несие  беретін  ұйымдар  мен  банктердің  ауыл 

адамдарына көмегі айтарлықтай. 

«Самұрық–Қазына»  ұлттық  әл-ауқат,  «Даму»  кәсіпкерлікті  дамыту  жөніндегі» 

қорлар,  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі  мен  «Нұр  Отан» 

халықтық-демократиялық  партиясы  бірлесе  отырып  ұйымдастырған  «Кәсіпкерлік 

экспресс» курсы белсенді өткізіліп отырады және куәліктер табыс етілуде. 

Қолданылған дереккөздер тізімі 

1.  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» 

стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына 

Жолдауы 

2.  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан 

халқына 2017 жылғы«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге 



қабілеттілік»жолдауы 

3.  «Қазақстанның 2015-2016 жылға үдемелі индустриалды-инновациялық даму» 

бағдарламасы 



4.  https://strategy2050.kz 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау